bs-preloader__icon
ru kz en

ҚР Ұлттық Банкі: Сақтандыру компаниялары капиталды 2020 жылға дейін арттыратын болады

Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрманов сақтандыру секторының жағдайы труалы kursiv.kz сайтына берген сұхбатында әңгімелеп берді.
ҚР Ұлттық Банкі: Сақтандыру компаниялары капиталды 2020 жылға дейін арттыратын болады

Сақтандыру нарығы – елдің қаржы секторының тез өсіп келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. соңғы 12 жылдың ішінде сақтандыру компанияларының активтері мен капиталы тұрақты өсуді көрсетеді. Бұл ретте соңғы үш жылдың ішінде 4 сақтандыру компаниясы қайта ұйымдастырылып, өз еркімен лицензияларын қайтарды. Бұл сектордың жағдайы туралы Kursiv.kz сайтына Ұлттық Банктің төрағасының орынбасары Жанат Құрманов баяндап берді.

- Сіз сақтандыру нарығының қазіргі жағдайын және әлеуетін қалай бағалайсыз?

- Тек соңғы 5 жылдың ішінде активтер 2 есеге ұлғайды және 2018 жылғы қорытындылары бойынша бір триллион теңгеден артық белгісіне жетіп отыр. Бұл сақтандыру нарығын белсендіруді, оның қаржы тұрақтылығының арттыруын және осының салдарынан халықтың нарыққа деген сенімінің артуын растайды.

Бүгінгі таңда сақтандыру нарығы 28 сақтандыру ұйымымен (оның ішінде «өмірді сақтандыру» саласы бойынша 6 компанияның лицензиясы бар) және 14 сақтандыру брокерімен ұсынылған. Сақтандыру нарығының табысты қызмет етуі үшін бүкіл инфрақұрылым құрылған.

Сақтандыру нарығының динамикалық өсуіне қарамастан, оның елдің экономикасының дамуындағы маңыздылығы төмен болып қалуда, бірақ әрі қарай дамуына әлеуеті бар.

2018 жылда Ұлттық Банкпен сақтандыру заңнамасын жетілдіру бойынша көптеген жұмыс жасалды. 2018 жылғы шілде айында Қазақстан Республикасының «Кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды, оның аясында сақтандыру нарығының әрі қарай дамуына бағытталған бір қатар бастамаларды іске асыруға мүмкіндік туды.

Бұл түзетулердің негізгі бағыттары болып төмендегі мәселелер табылады: 2019 жылдан бастап онлайн-сақтандырудың енгізу, оның нәтижесінде халық сақтандыру компанияларының кеңсесіне бармай-ақ немесе агенттің қатысуысыз интернет-қорлары арқылы электрондық нысанда сақтандыру шартын жасасу мүмкіндігін алады. Онлайн-сақтандыру географиялық қолжетімділігін қамтамасыз етеді және халық пен бизнес үшін сақтандыру қызметтерінің құның төмендетуге мүмкіндік береді. Сақтандыру және төлемдер процедуралары жеңілдетіледі және бұл бардық бизнес-үрдістерін едәуір тездетуге мүмкіндік береді; Бірыңғай сақтандыру деректер базасының сақталуын, тұрақтылығын қамтамасыз ету, мәртебесін арттыру және қызметтердің кеңейту, сақтандыру статистикасы бойынша сенімді базасын қалыптастыру. 2022 жылға қарай база сақтандырудың міндетті және ерікті сыныптары бойынша барлық ақпаратты қамтитын болады.

Ұлттық Банкпен қабылданатын шаралар сақтандыру нарығына сенімнің өсуіне, сапалы және қолжетімді сақтандыру қызметтерінің дамуына ықпал етеді, экономиканың, халықтың және бизнестің қажеттілігіне жауап беретін бәсекелі, тұрақты және динамикалық түрде дамып келе жатқан сақтандыру нарығын қамтамасыз етуіне бағытталады.

- Unit-linked жүйесі туралы айтып беріңіз. СК әлеуеті қандай? ӨСК әлеуеті қандай? Осы нарықтың әлеуеті қандай?

- Unit-linked сақтандыру өнімі – бұл өмірді сақтандыруды және инвестициялауды бір уақытта қамтыған инвестициялау тәсілдерінің бірі болып табылады. Осы өнім аясында сақтанушымен енгізілетін әрбір сақтандыру сыйлықақысы екі бөліктен тұрады. Бір бөлік сақтандыру тәуекелдерімен (өмір және өмірдің ақырғы мерзіміне дейін) тікелей байланысты болады. Екінші бөлігі қор және басқа қаржы нарықтарының құралдарына инвестицияланатын жинақтаушы құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ретте полистің иесі оның жарналары қандай қаржы құралдарына инвестицияланатының таңдай алады.

Осы өнімнің әлеуетіне келетін болсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің отандық қор нарығын белсендіру бойынша 2017 жылғы қаңтар айында берген тапсырмасын іске асыру жолдарының бірі сақтанушыға инвестициялық басқаруды өмірді сақтандырумен (unit-linked) қиыстыруға және сақтандырушының пайдасына қатысуға мүмкіндік беретін «өмірді сақтандыру» саласында жаңа өнімдерді енгізу болып табылады.

Өмірді сақтандыру компаниясының халықаралық тәжірибесінде сақтандыру және инвестициялық қызметті қиыстыру бойынша зор өкілеттілігі бар екенін атап кету жөн.

- Онлайн қызметтерін барлық сақтандыру компаниялары ұсынады ма екен?

- Қабылданған заңға сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру ұйымдарының өзінің интернет-ресурстарында жеке әне заңды тұлғаларға сақтандырудың 7 міндетті сыныбы бойынша сақтандыру қызметтерін алу бойынша сервисін ұсыну міндетін көздейтін онлайн-сақтандыру енгізілді.

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандырудың міндетті сыныптарына лицензия 19 сақтандыру ұйымы бар. Бұл ретте онлайн-сақтандырудың заңнамалық қамсыздандыру кезеңінде Ұлттық Банкпен сақтандыру ұйымдарына сақтандырудың ерікті сыныптары бойынша да онлайн-қызметтерін ұсыну үшін қажетті құқықтық жағдай жасалған.

- СК және ӨСК ДСҰ шеңберінде бәсекелестікке дайын ба?

- 2015 жылдың аяғында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуімен ол өзіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоса алғанда, жаңа шетелдік қаржы институттарын қаржы нарығына кіргізу бойынша міндеттемлерін қабылдады. 

ДСҰ-ға қосылу шетелдік нарыққа, ал ірі шетелдік компаниялардың ұлттық нарыққа қол жеткізу мүмкіндігін береді. 2020 жылда сақтандыру секторы шетелдік компаниялар филиалдарының нарыққа шығуға ашық болады.

Шетелдік сақтандыру ұйымдарының негізгі бәсекелестік артықшылығы ретінде сервистің сапасын, оңтайландырылған бизнес-процестерін, ілгерінді IT-жүйелерін, сонымен қатар сақтандыру құнының азаюын есептеуге болады. 

Сонымен қатар шетелдік сақтандыру ұйымдарына Ұлттық Банкі тарапынан қазақстандық сақтандыру нарығында қызметті жүзеге асыру бойынша талаптар белгіленеді.  Мысалы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикаының бейрезидентінің жиынтық активтерінің сомасы бес миллиард АҚШ долларына тең баламасынан төмен емес көрсеткішті құрағаны, сонымен қатар сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асыру бойынша кемінде он жылдық тәжірибесінің болуы талап етіледі. Сонымен қатар шетелдік сақтандыру (қайта сақтандыру) компанияларына қаржы нарығының тұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған өзге талаптар да бар.

Қаржы нарығының реттеушісі ретінде Ұлттық Банк сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптарды көтеру бойынша бір қатар шараларды қолданды. Нақты айтқанда, 2020 жылға дейін сақтандыру ұйымдарының минималды капиталының кезеңдік өсуі көзделеді, жаңадан құрылатын сақтандыру ұйымдары үшін жарғылық капиталының мөлшері бойынша минималды шек көтерілді. Осы сияқты және де басқа шаралар бәсекеге қабілетті сақтандыру нарығының құрылуына бағытталған...

Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/strakhovanie/2019-02/nacbank-rk-strakhovye-kompanii-budut-uvelichivat-kapital-do-2020-goda

Фотосурет kapital.kz сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді жедел сақтандыру қанша тұрады
Өмірді жедел сақтандыру қанша тұрады

Жедел сақтандыруда егер адам сақтандыру шарты...

Вирустармен күресуге көмектесетін жеміс анықталды
Вирустармен күресуге көмектесетін жеміс анықталды

Емдік тамақтану және ортомолекулярлық медици...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру