bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру – дамыған нарықта танымал сақтандыру және зейнеттік кәрілікті қамтамасыз ету аспабы

LifeInsurance.kz берген сұхбатында Талгат Камаров - «СентрасСекьюритиз» АҚ басқармасының төрағасы өз болжамымен бөлісті, ол Қазақстан өмірінде қандай жағдайда сақтандыру өнімдеріне назар ауарылатынына тоқталып өтті.
Өмірді сақтандыру – дамыған нарықта танымал сақтандыру және зейнеттік кәрілікті қамтамасыз ету аспабы

- Талгат Каирбекович, Сіз- инвестиция саласында кәсіпқойсыз. Сіз, инвестициялар труалы шешім қабылдамас бұрын, қандай ыакторларға назар аударасыз?

- Бәрінен бұрын, инвестицияның нысандарының өзін таңдау қажет: бағалы қағаздардың қайсысы таяу арады ең ықтимал өсетін болады. Бұл мәселені брокерлік компаниялардың талдаушылары шешуге көмектеседі.

Бұдан әрі, инвестициялаудан кейін болуы мүмкін, оқиға өрбуінің ықтимал қойылымдарын анықтау қажет. Атап айтқанда, инвестициядан шығу кезінде пайданы белгілеу үшін күтілетін баға деңгейі, төменнен бағалы қағаздарға бағаны түзеткен жағдайда кірістің төмендеуінің рұқсат етілген шегі және т.б.

 Сонымен қатар, таңдап алынғар стратегияны қолдау және бағаның ағымдағы қарқынын түсіндіру қажет. Жоғары табыс табу мақсатында, сіздің жақын уақытта бас тартқыңыз келмейтін, жеткілікті қаржылық ресурстарға ие болуыңыз қажет.

 - Сіз өмірді сақтандыруды инвестициялар үшін жақсы аспап ретінде қарастырасыз ба?

-Өмірді сақтандыру – дамыған нарықта танымал жинақтау құралы және зейнеттік кәрілікті қамтамасыз ету болып табылады. Онда мұндай аспап тұрғындардың қаржылық  жалпы сауаттылығы және  қаржылық дербестілігіне қатысты танымал және жақындары мен туыс-туғандары тарапынан  біршама тәуелсіз. Егер Қазақстан Республикасындағы жағдайды қарастыратын болсақ, онда бұлл жерде белгісіздік көп.

Оның бірінші жақындығын жинақтау және сақтау үшін қарапайым әрі түсінікті аспап деп атауға болады, бұл сонымен бірге табысты жоғалтпаудан сақтандыру қорғанысы.

20 жылдан астам еңбек өтілі бар қаржылық және инвестициялық сала қызметкері ретінде мен бағалы қағаздарды бірыңғай өзім инвестициялаймын.

 -Сіз Қазақстандағы ӨҚЖҮ өнімдері бойынша табыстылық деңгейін қалай бағалайсыз? Қандай жағдайларда олар пайлық қор мен банк депозиттерімен кінәратсыз  бәсекелестік құра алады?

- Жекелеген ӨҚЖҮ инвестициялық қызметінің нәтижелерімен, өкінішке орай, таныс емеспін, себебі олар туралы ашық ақпарат жоқ. Бірақ тұтастай алғанда, бір қатар сарапшылардың пікірінше, осындай өнім әлі де болса тартымды емес. Тартымдылықты арттыру үшін басқа да қорғаныс аспаптары жетіспейді, атап айтқанда, мысалы кепілдендірілген сақтандыру төлемдері.

Бүгінде, сонымен бірге жоғары пайыздық мөлшерлеме жағдайында,  ӨҚЖҮ, сол жинақтаушы депозиттермен бәсекелесу үшін, өте көп сыйақы төлеуге, сәйкесінше өзінің және одан әрі-клиенттік пайда мөлшерін төмендетуге мәжбүр.

 - Сіз жеке өзіңіз ӨҚЖҮ өнімдерін қолданасыз ба ? Егер қолданатын болсаңыз, өтінеміз, толық айтып берсеңіз.

- Әлі ойласқан жоқпын, бірақ қаржылық пайданы түсіну және ең жақсы өнімді таңдау үшін, кейбір математикалық есеп жүргізу қажет.

 - Өзіңіздің өміріңіздегі ең табысты инвестициялар туралы айтып бере аласыз ба?

- өкінішке орай, өз инвестицияларымды табыс деп әлі айта алмаймын, себебі мен кертартпа әрі енжар инвестормын. Мұндай инвестициялар үшін пайда мөлшері жылына  15-30% пайызды құрайды. Осындай пайданы мұқият таңдап алынған сауда стратегиясын есепке алғанда, акциялар нарығында ғана табуға болады.

 - Сіз өзіңіз үшін қандай инвестицияларды ең басты деп есептейсіз?

- Бүгінде менің басты инвестицияларым менің отбасым жәе балаларым болып саналады. Балаларға қосымша білім беру үшін мен өзімнің бос қаражаттарымды түгелдей дерлік саламын. Және де, бұл менің ең табысты инвестицияларым болады деп үміттенемін.

cesec.kz, lsm.kz сайттарынан фотосурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Алаяқтар Ұлттық қордан өтемақы ұсынады
Алаяқтар Ұлттық қордан өтемақы ұсынады

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессендж...

Қаржылық тәуелсіздікке бес қадам
Қаржылық тәуелсіздікке бес қадам

Өз бюджетіңізді қалай дұрыс бақылау қажет? Жин...

Планка қан қысымын төмендетуге арналған ең жақсы жаттығу болды
Планка қан қысымын төмендетуге арналған ең жақсы жаттығу болды

Зерттеудің жаңа нәтижелеріне сәйкес, статикал...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру