– Ұлттық Банк бағытталған бақылау тәуекелі жүйесін енгізуге тырысуда. Бұл жаңалық сақтандыру компанияларына әсер ете ме?
– Әрине. Біздің реттеушіден алған құжаттарға сәйкес бағытталған бақылау тәуекелін енгізуден кейін, Ұлттық Банк банктер, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына, брокерлерге қатысты себептемелі пайымдаманы пайдалануға құқылы болады.
Ашып кетейін, біздің елімізде заңнама роман-германдық құқық жүйесінде құрылыған. Ол нормалар мен ережелерге негізделген. Әлемде өнегелік құқық та бар – бұл ағылшын-саксондық жүйе. Реттеуші жаңалығы дәл осы соңғысына қатысты, яғни жат құқықтық элементтің ендірілуі іске асырылуда: мұнда көптеген қауіптер бар, мәселе ендіріп қана қоюда емес, басты сауал - сіңісіп кете ме?
Нарық қатысушылары бұл жүйедегі өлшем қандай, және бұл жүйе қалай жұмыс істейтінін түсіне алмауда.
Сонымен бірге бағытталған бақылау тәуекелі реттеушімен бекітілген сақтандыру ұйымдарына қойылатын сандық және сапалық талаптарды орындауды бақылауға қосымша болады.
Бағытталған бақылау тәуекелінде елеулі жағымды жаңа енгізілімдер бар екендігін ескерген жөн. Осылайша, қаржылық ұйыммен заңнама талаптарын бұзуды бұзушылықтың түрі мен ауырлығына байланысты ескеру және саралау ұсынылады, сонымен бірге жіберілген бұзушылықтарды өздігінен анықтау және түзету мүмкіндігі ұсынылады. – бұл өте маңызды жағымды жағдай.
– Қаржыгерлер әрдайым дерлік реттеушінің барлық талаптарын ресми сақтайды. Бірақ сақтандыру нарығында іс жүзінде заңды және жеке тұлғалармен жұмыс істемейтін өте ірі ұйымдар бар, олар өнімдерді ілгерілетпейді, олардың көп көлемде кеңселері жоқ. Бұл компаниялар белгілі бір коммерциялық ұйымдарға қызмет көрсетуге нақты шоғырланған. Реттеуші қалайша бағытталған бақылау тәуекелін енгізбей жұмыстың сұрқай тәсімін анықтай алады? Нарық қандай болса – бақылау да сәйкесінше.
– Сақтандырушылар Ұлттық Банктің компанияларды жиірек тексеру құқығын алатындығынан қорықпайды. Қауіпті басқа мәселе туғызады. Барлық жерде адам факторы бар, және ҰБ қызметкерлерінің де барлық адамдардың сияқты өз пікірі бар және олар да қателік жіберуі мүмкін. Сонымен бірге, сақтандырушылардың өз әрекеттерінің дұрыстығын дәлелдей алған сот үлгілері бар. Өз мүдделерін қорғау конституциялық құқығын сақтау тұрғысынан үлкен сұрақ тудырады, сотта біреудің ой-пікіріне қалайша келіспеуге болады?! Ал бағытталған бақылау тәуекелі жағдайында дәл осы енгізіледі. Пайымдау – бұл заңнаманы бұзу ретінде бағалайтын факт емес, бұл пікір, ал пікірге қарсы болу мүмкін емес, себебі шағымдану мәні жоқ. Бағытталған бақылау тәуекелі жүйесінің осы және басқа тармақтарына байланысты біз қазір Ұлттық Банкпен бірге жұмыс істеудеміз
– Сіздің айтуыңызша, қазір парламентте талқылаудағы сақтандыру қызметі туралы заңнамалық актілер түзетулері нарықты өзгертуі мүмкін бе?
– бұл пікір үшін бірнеше алғышарттар бар. Ең әйгілісінен бастайық, - сақтандыру компанияларының клиенттері СК сайттары арқылы электрондық түрде сақтандыру шарттарын жасасу мүмкіндігін алады. Дәл осы опция сақтандыру шарттарын өзгертуге, бұл шартты тоқтатуға байланысты қызметтерге де таралады деп болжануда. Адамдардың сақтандыру жағдайларын электрондық түрде реттеу үшін сақтандырушыларға жүгіне алуы үшін сақтандыру ұйымдары сәйкес техникалық шарттарды құру міндеті қарастырылуда. Менің ойымша, бұл өте маңызды.
Ойлаңыздаршы, клиентте сақтандыру жағдайы болғанда сақтандыру қызметін пайдалану жайлылығы үшін заңнамалық жағдайлар жасалуда. Сақтандыруды енді үйден немес кеңседен шықпай-ақ сатып алуға болатын болады. Көптеген сақтандырушыларсақтандыру төлемін келісу үрдісін ғана емес, сонымен бірге, мысалға, автомобильдің ТҚС-дағы жөнделуін де қадағалау мүмкін болатын қолданбаларды да жасап шығаратындарына сенімдімін.
Бұл, әрине, нарықтың сапалық дамуына әкеледі.
– электрондық сатылымдарға арналған қорғалған және күрделі бағдарламалық жасақтаманы енгізу сақтандырушыларды шығынға ұшыратпайды ма?
– Иә, және жоқ: кейбіреулер, заң жобасымен қарастырылып жатқан жаңалықтарды жүзеге асырып үлгерді, басқа біреулер жүзеге асыру үрдісінде, менің ойымша, сатушы сайтты, жеке кабинетті жүзеге асыру және шығындарды реттеу үрдісі – бұл сақтандыру ұйымдары үшін айтарлықтай шығын емес. Ең басты мәселе, клиентпен өзара әрекеттесудің қолжетімді әрі қарапайым интерфейсін жасау
Соңынан электронды формат бәсекелестік артықшылыққа айналады. Және, әрине, бұл адамдар сұранысында көрінісін табады. Неғұрлым жақын, оңай әрі қолжетімді болса – өнімді сатып алу да соғұрлым оңай болады.
Егер болашаққа көз жүгіртсек, біз электрондық сақтандыруды енгізуден операциялық пайданы көреміз. Қазіргі кезде барлығы уақытты үнемдеп, шығындарды оңтайландыруға тырысуда. Авиакомпаниялар үлгісіне қараңыздаршы: қазіргі кезде олардың билеттік кассалары жоқ. Адамдар онда барудан қалды. Барлығы билеттерді интернет арқылы сатып алады. Бөлмелерді жалдаудан бас тарту, қызметкерлер санын азайту есебінен авиаторлардың үнемдеу көлемін зерттейтін зерттеулер де бар шығар.
Яғни, бұл заңнамалық норма уақыт өте келе сақтандырушылар шығындарының түрі мен көлемдерін айтарлықтай төмендетеді. Ал сақтандырушылардың сақтандыру агенттері қызметтеріне төлеу операциялық шығындарының төмендеуі есебінен тұрғындар мен бизнес үшін сақтандыру өнімдері құнының өсімін тоқтатуға болады.
–өз сақтандырушыларының әрекеттерімен келіспейтін СК клиенттеріне түзетулер қалай әсер етеді?
– Cақтандыру омбудсменінің өкілеттігі кеңейтілуде. Қазір мәжілісте сақтандыру омбудсмені дауларды шешудің міндетті сот алды сатысы бола ма жоқ па деген қызу пікірталастар жүруде. .
Бірақ Сақтандыру омбудсменінің өкілеттігі едәуір кеңейтілетініне сенімміміз кәміл. Бітістіруші сот дауларды сақтандырудың еркін санаттары да бойынша қарастыратынына үміттенеміз. Әрине, төмлемдер сомасы бойынша қандай да бір шектеулер әрекет етеді, яғни омбудсмен құзыретіне өте үлкен соммадағы сақтандыру шарттары кірмейді. Бірақ, осы лимиттеуді ескергенде де, Қазақстанда дауларды сот алды реттеудің өте жақсы институттарын дамытуға болады.
Мұндай жаңашылдық үшін екі себеп бар. Біріншісі: сақтандыру - бұл бизнес, және мұнда оның барлық заңдары әрекет етеді. Бұл клиент сақтандырушымен дауын сотсыз шеше алады дегенді білдіреді. Сақтандыру омбудсменінің өкілеттігі кеңейтілу қажеттігінің екінші себебі – бұл – сақтандыру дауларының өте мамандандырылғандығында. Олардың білуге және түсінуге қажетті көптеген ерекшеліктері бар. Және мұнда сақтандыру құқығындағы маман жұмыс істеп, клиент қана емес, кейде сақтандырушылардың өзі де біле бермейтін ерекшеліктер бар.
Сонымен бірге түзетулер Омбудсман қызметтеріне тұрғындардың қолжетімділігін оңайлатуға байланысты арнайы жағдайларды жасау қарастырылуда. Сақтандыру нарығының аралық сотының кеңсесі Алматыда орналасқан, сондықтан да біз еліміздің барлық елді мекендерінің барлық клиенттері үшін қол жеткізуді жеңілдеткіміз келеді. Мысалға, сақтандыру компаниясы наразы клиентті омбудсменмен байланыстыруға көмектесетін шара қарастырылған. Осылайша сақтандырушы аралық сотқа барлық құжаттарды өз есебінен жеткізуге міндетті болады. Бұл адамның сақтандыру омбудсменіне жүгіну кезінде тіпті пошталық қызметтерге де шығындалмауы үшін жасалады.
– Сақтандырушылар омбудсмен өкілеттілігін кеңейтуге келісе ме?
– Әрине, нарық бұл ұсыныспен келіседі.
Жеке жағдайлар себебімен, сақтандыру ұйымдары қызметкерлері сақтандыру төлемін клиенттің алуына бас тарту үшін барлығына дайын деген пікір қалыптасқан. Бұл олай емесе. Сақтандыру нарығы төлейді, әйтпесе біздің нарығымыз жұмыс істемес еді. Сақтандыру төлмедеріне байланысты тамаша бір мақал бар: «Жақсы атақ үйде жатады, ал жаман атақ жұртқа жайылады». Барлық сақтандырушылар төлемдерді төлеуден бас тартады де ойлау дұрыс емес!
Сонымен бірге, дамыған елдердегі СК клиенттері компанияларына разы деп санау да қате пікір. Онда да соттар мен даулар жүруде. Бірақ онда екі тарап та үлкен гонорарға жұмыс істейтін қымбат адвокаттарды жалдайды.
Әлемде мінсіз сақтандыру шарты және мінсіз сақтандыру жағдайы жоқ екендігін түсінуіміз қажет. Барлық жердің өз ерекшеліктері бар, сондықтан да нарыққа аралық сот қажет. Дайлар болған, бар және болашақта да болады, ал біздің дауларды қарастыруды жаңартуымыз және жүйені клиенттер үшін қолжетімді етуіміз – өте дұрыс.
– Жаңа түзетулер сақтандыру компанияларының акционерлері мен топ-менеджерлеріне әсер ете ме? Олар сақтандырушылардың жұмыстарын реттеп, ережелерге бағындыра ма?–
Кейбір тармақтар парламентте әлі талқыланған жоқ және бұл ақпаратпен бөлісу дұрыс емес болар.
Бірақ жаңа түзетулер сақтандырудың екі санатын енгізетіндігін айта аламын: космостық нысандарды және космостық нысандардың иелерін сақтандыру. Бұл ұсыныс толық көңілге қонымды, себебі Қазақстанда спутниктер бар, және, әрине оларды сақтандыру қажет. Әзірше бұл полистердің болжамды бағасын айта алмаймын. Қызмет құны – салыстырмалы санат, бірақ, сыйақы сомалары айтарлықтай – бұл факт, ал баға бұл тәуекел кейін қайта сақтандыруда қалай жайғастырылатынына тәуелді. Ал бұл нақты нарықтық жағдайларға байланысты.
Бұдан бөлек, түзетулерді іске асыру жағдайында елімізде сақтандыру және қайта сақтандыру пулдарын құру үшін жағдайлар жасалады. Сақтандыру пулы – бұл қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында сақтандырушылар арасындағы келісім негізінде құрылған бірлестік. Сақтандыру пулы – заңды тұлға емес. Пулдарды құру сыйақылардың көп бөлігін елімізде қалдыруға себін тигізеді. Қазіргі кезде СК ақшаларының эндық көлемі шет елдердегі қайта сақтандыру ұйымдарына кетуде, ал пулдарды құру бұл сұлбаны өзгертеді.
Сұхбаттың толық нұсқасы: https://www.kursiv.kz/news/finansy/vitalij-verevkin-strahovoj-rynok-na-poroge-bolsih-peremen/