bs-preloader__icon
ru kz en

«Өмір» жақсару үстінде: неге жинақтаушы сақтандыруға халықтың ақшасы салынды

Nomad Life басшысы – Басқарма Төрағасы Чегебаев Қайраттың Forbes Қазақстан журналына берген сұхбатында сақтандырудағы экожүйе, СК зейнетақы жүйесіне қатысуы жөнінде және шетелдік компаниялармен болашақ бәсекелестік туралы.
«Өмір» жақсару үстінде: неге жинақтаушы сақтандыруға халықтың ақшасы салынды

Өмірді сақтандыру Қазақстан нарығында 2018 жылда нағыз топжарған оқиға болды. Жыл сайынғы 2 млрд теңге деңгейіндегі сатылымдар кенеттен 4,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Сыйлықақыларда маңызды үлесті ЕДБ қарызгерлердің өмірі мен денсаулығын сақтаған жағдайдағы банк сақтандыруының орын алатыны сөзсіз. Дегенмен, ӨСК шетелдік нарықтар үшін негізгі өнім болып табылатын - өмірді жинақтаушы сақтандыруды толыққанды сатуды жөнге келтірді, бұл бағыт алға қарай үлкен қадам жасалғандықтың дәлелі болып табылады.

Жинақтаушы сақтандыру капиталды жинау бағдарламасымен өмірді сақтандыруды құрамдастырады және депозитке балама деп саналады. Nomad Life – өмірді отандық сақтандыруда аса ірі банктік емес ойыншы, оның үстінде, нарықта ең табысты – кепілдікті долларлық табыстылыққа байламы бар өнімді ұсынған алғашқылардың бірі. Неге жинақтаушы сақтандыруға халықты ақшасы келіп түсе бастады және ойыншылар ретінде өнімдік желіні әрмен қарай дамытуға ниетті, Forbes Kazakhstan журналына Nomad life ӨСК басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев айтып береді.

 2018 жылы алымдар 2 есе өсті, бұндай серпіліс немен байланысты?

– Шарттардың жақсаруымен, салықтардың жеңілдетуімен. Бұрындары өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары шегеріске алынған және клиентке төлеген кезде салық салынатын. Бұл кейінге қалдырылған салық көп жағдайда қосарлы салық салуға әкеліп соғатын. Реттеушімен бірге ойыншылар осы проблемалық мәселені жөнге келтірді, ақыр соңында, өмірді сақтандыру бойынша өнімдер банк депозиттеріне теңестірілді. Бүгінгі таңда өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақыларға шығысында салық салынбайды.

Менің пікірімше, Қазақстанда өмірді сақтандыруды толық көлемде дамыту жайында әлі сөз жоқ. Сыйлықақылардың қарқынды ұлғайтылуы өмірді сақтандыру нарығын салыстыруға болатын салалар болып табылатын депозиттік базаның көлемімен және зейнетақы жинақтарымен салыстырғанда түкке де тұрмайды. ӨСК ілгерілетуге шығындалуға әлі асықпауда және қарапайым халық өзін танытуға банктер көптеп қаржы жұмсаған бір ғана жинақтау өнімін – депозитті ғана біледі. Бұл жағдайда ӨСК әлемде көпшілік мойындаған және ең тұрақты қаржы институттарының бірі болып табылады. Біздің компанияларымызға өнімдердің жалпы шарттарын түсіндіру бойынша салалық маркетингтік әрекеттерді бастау қажет.

Жинақтаушы сақтандыруда бөліктердің қайсысы маңызды – инвестициялық па, әлде сақтандырушылық па?

– Олар бір- бірін өзара толықтырады. Инвестициялық құраушы бар – ол дәстүрлі түрде өнімнің ең үлкен бөлігі болып табылады – және өмірді сақтандыру бар . Жинақтау кезеңінде сақтандырылған адаммен әлдебір жағдай туындаған жағдайда сақтандыру бөлігі іске қосылады. Егер сақтандырушымен ешқандай жағдай туындамаса – жинақтаушы іске асып, клиент өз жинақтауын алады.

Қазіргі таңда, шынын айтқанда, әлемде сақтандыру қабығы қысылып, акцент күннен күнге өнімнің инвестициялық бөлігіне ауысатын тенденция байқалды. Мысалы, unit linked, дамыған елдерде кеңінен таралған өнім – кейде 1% қамтитын сақтандыру қабығындағы инвестиция емей немене, әйтсе де, бұл барлық жерде олай емес. Инвестициялық сақтандыру әдетте консервативті және жоғары рейтингпен байланысты болатын кепілдікті табыстылығы бар жинақтаушы сақтандырудан ерекшелігі unit linked клиенттердің өздеріне стратегияны таңдауға және сақтандыру компанияларының консерватизмінен еркін болуға мүмкіндік береді. Ақша стратегия саны мен алуандылығы жоғары болатын инвестициялық қорларға салынады (мысалы, инвестициялық индекстерге бағдарланған). Клиенттің қатері кепілдендірілмеген табыстылық бойынша күтілетін нәтижемен қатар жоғары болады. Алайда, біз әлі бұндай өнімді енгізбедік.

 Неге?

– Оны толыққанды іске қосу үшін заңнаманы жөнге келтіру қажет. Әйтсе де біз үшін unit linked өте маңызды әрі қолайлы, өйткені клиенттің өзінің өзі көтеретін инвестициялық қатерлерін өзі анықтайды, сақтандыру компаниялар өнімдерінің заңды артықшылықтарын қолданады.

«Золото Номадов» өніміңіз туралы сөз қозғайық. Бұл табыстылығы кепілдендірілген жинақтаушы бағдарлама. Табыстың қанша пайызына кепілдік бересіз және қандай инвестиция есебінен болады?

– Біз валютада 3,41% дейінгі инвестициялық табыстылыққа кепілдік береміз. Компания стратегиясы айтарлықтай консервативті, біз міндетті түрде қазақстандық эмитенттерге тиесілі бола бермейтін инвестициялық деңгейдегі еурооблигацияларды сатып аламыз, эмитенттердің қаржылық күйін тұрақты негізде бағалап отырамыз. Шарттардың орташа мерзімі – шамамен төрт-бес жыл.

Қалай сатылады?

– Өнім 2018 жылдың көктемінде іске қосылды, алайда толыққанды түрде күзден бастап сатыла бастады. Адамдар оған шамамен 12 млрд теңге қаржы салды.

Депозиттік мөлшерлемелердің азаюы халықтың банк депозиттерінен ақшаны шығарып алуды итермелеуде. Өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша өнімдерге осы құралдардың ең құрмағанда бір бөлігінің түсімін байқайсыз ба?

– Иә. «Золото Номадов» бойынша біз банктердегі валюталық депозиттер бойынша орта есеппен алғанда тарту деңгейі жоғары екендігін көріп отырмыз. Бірақ банктерден жылыстаудың жалпы сомасына қарайтын болсақ, онда адамдар көп мөлшерін алып жатқаны түсінікті. Ең дұрысы, олар соның ішінде қаржы нарығына да қарайды. Ол жаққа капиталдың аса белсенді иелері кетіп жатыр: олар тәуекелге бел буып, табыс таба аламыз деп жорамалдайды, алайда, бұл жағдайда жоғары құбылмалылық және халықаралық қаржы нарықтарының қызып кетулері жөнінде ұмытып жатады. Біздің пікірімізше, бұл аса тәуекелді. «Золото Номадов» аясында біз консервативті клиенттерге бейімделеміз. Белсенді инвесторлар үшін ең жақсы халықаралық басқарушыларды тартуды топшылайтын unit linked өнімін іске қосқымыз келеді.

Сіз банктермен жұмыс істей бастадыңыз, жылжытудың бұл арнасы сізді несімен қызықтырады?

– Біз банктерді барлық біздің әлеуетті клиенттеріміз – инвестицияның балама көздерін іздеу үстінде болатын банктің клиенттері болып табылатын себеппен таңдадық. Банктердің қызметкерлері қаржы өнімдерімен жұмыс істеу тәжірибесіне ие және осының барлығы клиент үшін қолайлы.

Сіздің өнімізді сатуда банктің қызығушылығы қаншалықты? Былайша айтқанда, сіз оларға бәсекелес емессіз бе?

– Біз ешбір жағдайда бәсекелес емеспіз. Барлық әлемде банктер қаржылық супермаркеттер болып табылады, табыс көзін алуға мүмкін бере отырып, қаржылық жоспарлау бойынша өз клиенттеріне кеңесшілер бола отырып, солардың ішінде аса жемісті болғандар «банк» деген ұғымға дейін өсті. Егер банк клиентке, соның ішінде, баламаны ұсынбайтын болса, онда оны жоғалтып алады. Бұл жағдайда, әдетте, клиент әрдайым тиісті білімге ие болмайды, және кәсіпқой қатысушы ретінде банк және барлық ұсыныстарды талдай отырып, инвестициялау саласындағы клиенттерге тиісті ақпаратты береді. Ал олар оны бағалай түседі.

Жинақтаушы сақтандыруды онлайн сатуға бола ма?

– Біз жинақтаушы сақтандыруды онлайн ұсынуға дайын емеспіз: бұл қарапайым өнім емес, оны батырманы бір баса салып, сатып алуға болмайды. «Золото Номадов» ішіндегі инвестицияның орташа көлемі – шамамен $30 мың –50 мың (әйтсе де $1000 бастап та қаржыландыруға болады), сол кезде клиенттен деректерді онлайн толтыруды, ақшаны электронды төлеммен ӨСК жіберуді сұрау орынсыз деп ойлаймыз. Бұл клиент үшін барлық туындайтын қызмет көрсететін ВИП-өнім, және оны артықшылықтарын және ерекшеліктерін толыққанды түсіндіріп беруге қабілетті жақсы оқытылған менеджерлер ғана сатады. Біз өнімге оны жақсы түсінбеген адамдардың келгенін қаламаймыз: бізге клиент бізбен қалғаны аса маңызды.

Бұл ӨСК цифрлық экожүйе қажет емес дегенді білдіре ме?

– Жоқ, бұл олай емес. Бізге жинақтаушы бағдарламаларға білікті мамандардың қатысуы және бастапқы кезеңде клиентке өнімнің шартын және ерекшеліктерін түсіндіруі әлі де болса қажет. Экожүйе unit linked өнімдері енгізілгенде қажет болады. ӨСК міндеті болып ең жақсы инвестициялық ұсыныстарды және компания басқарушыларын танып білу табылады. Клиент қазір банктер орындап жүргендей қосымшаны пайдалана отырып, инвестициялық артықшылықтарды өзі өзгертіп, ақшаны депозиттен депозитке, бір валютадан басқа валютаға аударып және т.б. орындай алатындай кезге де келеміз. Ол ақшаны автоматты түрде бір қордан басқасына аудара алады. Сақтандыру және инвестициялық бөліктің пропорциясын өзгерте алады. Бұл жерде өте маңызды автоматтандыру талап етіледі.

Цифрлық экожүйе бізде де қолданылуда, алайда клиент кабинеті деп аталатын шарттарды басқарудың сатудан кейінгі кезеңде оларға алдағы төлемдер немесе төлемақылар жөнінде еске салып, қажетті ақпаратты жылдам әрі қолайлы алуға, өзінің сақтандыру жинақтаушы бағдарламасына өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

ӨСК бұрыннан бері зейнетақы активтерін басқаруға қатысқысы келген, алайда зейнеткерлік басқаруды реформалау концепциясының соңғы нұсқасында олар болмай шықты…

–Реформа жоспарлануда, бастапқы бөлігі ЗАБК активтерді басқаруды беру жорамалдайды. Біз ӨСК Қазақстанның зейнетақы нарығында әрдайым болатыны жөнінде сөз қозғадық және қазіргі уақытта зейнетақы жүйелері үшін аса дайындалған әрі тұрақты қаржы институттары болып табылады. Мысалы, бізде міндеттемелер мен төлемдерді инфляция мөлшерлемесіне, тіркелген мөлшерлемелерге (ӨСК алынған зейнетақылар, жыл сайын 5% индекстеледі) индекстеуге тәжірибеміз бар.

ЗАБК клиенттерге инвестициялық қызмет нәтижелерінен алынған айнымалы табыстылықты жорамалдайтын инвестициялаудың стратегиясын таңдау мүмкіндігін береді деп жорамалданады. Бұл жағдайда ӨСК өмірлік төлемдер индексациясын тұспалдайтын кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеттің аспабы арқылы кепілдендірілген мөлшерлемені ұсына алады және, өз кезегінде, клиенттің зейнетақы жинақтауының жеткіліктілік критерийі болып табылады. Егер ЗАБК және ӨСК бір деңгейде болатын болса, клиентте таңдау болады. ЗАБК және ӨСК симбиозынан жүйе мен клиент ұтпай ма?

Одан басқа, зейнетақы жүйесі аясында ӨСК unit linked ұсына алады – мысалы, егер клиент тар инвестициялық стратегияны қалайтын болса. Бұл кезде ЗАБК бірнеше базалық стратегияларға ие.

Unit linked бірге біз кең мағынада зейнетақы жоспарларын ұсына аламыз, бұл жердегі бөліктердің бірі – айнымалы, ал басқасы – кепілдендірілген табыстылыққа ие болады. Клиент аспаптың пропорциясын таңдай алады: не консервативті стратегиялар – мысалға, жоғары рейтингке ие облигацияларға инвестициялау, – немесе акцияның үлкен пайызы. Бұл жүйе үшін аса икемді шешім болып табылады.

Өмірлік зейнетақы аннуитет кейінге қалдырылғаннан несімен ерекшеленеді және зейнетақы жүйесінде unit linked қалай жұмыс істейтін болады?

– Классикалық зейнетақы аннуитетті есепшоттағы ақша белгілі бір жасқа және көлемге жеткен кезде сатып алады. Бүгінгі таңда, мысалы, әйелдерге 51 жасқа келіп, 13,7 млн теңге жинау қажет, ерлер үшін тиісті көрсеткіштер – 55 жас және 10 млн теңге. Біз жеткілікті жинағы бар өзінің жасына қарамастан ӨСК шарт жасасып, табыстылықтың кепілдендірілген мөлшерлемесін, сондай-ақ, жыл сайын болашақ төлемдердің индексациясын ала алған кезде кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетті енгізуді ұсынамыз. Зейнетақы мерзімі белгілі бір уақыттан кейін болатын жұмыс істейтін азаматтар зейнетақы жоспары аясында кейінге қалдырылған аннуитетті сатып ала алады.

Unit linked инвестициялауға келетін болсақ, біз кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитет жинақтау жеткіліктілігінің критерий болып табылатынын айтамыз. Егер өмірлік зейнетақы аннуитеті үшін жеткілікті жарналар жиналған болса, осы құралдардың артығын салымшы тәуекел бөлігіне – unit linked жібере алады. Яғни, клиент өзіне өмірлік зейнетақыны (кейінге қалдырылған аннуитетті) қамтамасыз етті, бірақ әлі де болса жұмыс істейді де, тәуекел инвестицияларға ақшаны жібере алатындай мүмкіндігі бар.

Осылайша, біз заңнамадан өмірлік аннуитетті сатып алуға арналған жас деген түсінікті алып тастауды, сондай-ақ, кейінге қалдырылған аннуитеттің болуын қаржы нарығында, соның ішінде unit linked инвестиция үшін жеткіліктілік критерий етіп жасауға ұсынамыз. Осы амал ағымды зейнетақы реформасы ойластырылған сызбаға мінсіз сәйкес келеді. Бұл жағдайда ӨСК ішінен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуде.

ӨСК тағы не толғандырады?

– Қазақстан ДСҰ енгеннен кейін қаржы нарығымен не болады деген сұрақты ешкім қоя бермейді, алайда бұл бекер-ақ. Сарапшылардың бір бөлігі шетелдіктер бізге келмейді, өйткені олар бұл жерге келіп кетіп, қайтарымсыз кеткенін және біздің нарығымызға ештеме төніп тұрмағанын айтады. Бұған берер жауабым, шетелдік компаниялар жалпы сақтандыруда болды, бұл жерде нарық айтарлықтай бәсекелесті, ойыншылар көп және айтарлықтай күшті талап ететін бизнестің маржиналдылығы көп емес. ӨСК бизнесі – мүлдем басқа. Егер шекараны ашып, елге оларға қиындық тудырмайтын жинақтаушы сақтандырумен және табыстылықтың жоғары мөлшерлемесімен ірі еуропалық life- сақтандырушы келетін болса, депозиттердің маңызды бір бөлігі сол жаққа кетіп қалады деген тәуекел бар. Егер жергілікті нарықта клиенттер үшін лайықты ұсыныстар болмаса, ел банктерден айтарлықтай жылыстаулар түрінде қиындыққа ұшырайды, яғни, бұл life-сақтандырушылардың ғана қиындығы ғана емес.

Сондықтан біз даму мәселелеріне көбірек көңіл бөлеміз, және бізге мемлекеттік органдарының көмегі ауадай қажет. Егер ДСҰ бойынша нарықтарды ашуды бастауға unit linked іске қоспайтын болсақ, онда кейін кеш болады.

Бізді Ресейде ӨСК клиенттерінің салықтық ынталандыруының болуы және ЕАЭО аясында қаржы нарықтарының ашылуы толғандырады – бұл Қазақстанның сақтандыру компанияларын бәсекелестікке қабілетсіз күйге келтіреді.

 Мемлекет мөлшеріне және елдің ЖІӨ тигізетін әсеріне қарай банк саласына тарихи тұрғыда жиі көңіл бөледі және, сәйкесінше, қиындықтарын шешуге талпыныс жасайды, бұл жағдайда біз дамудың үлкен әлеуетіне ие болатын салаларға көңіл бөлуін сұраймыз, және бұл жерде ӨСК бәсекелес болмайды. Ұлттық банк түріндегі мемлекет бүгінгі таңда қаржы саласында, соның ішінде, шетелдік тәжірибені білетін стандартты емес өнімдермен жұмыс істеуде тәжірибесін мол жинаған өте білікті мамандарға ие екенін атап айтқым келеді. Сондықтан, жоғарыда айтылғанды назарға ала отырып, біз процесс әлде қайда белсенді түрде жылжитынына сенімдіміз.

Unit linked іске қосуға үлгеретін болса, клиенттер олардың пікірінше сіздермен салыстырғанда сенімдірек әрі тәжірибелі ӨСК өтіп кетпейді ме?

– Жауап бұл жағдайда клиентте қайда барамын деген таңдау болады дегеннен тұрады. Және сақтандыру компаниясының рейтингі сондайлықты сындарлы болмайды, өйткені клиенттің құралдары оған тиесілі болып, СК құралдарынан бөлек ескерілетін болады. Бастаманы жеңе алмайтынын түсінеміз. Алайда бұл әр түрлі нәрсе: не біз жеңіліске ұшыраймыз, өйткені бізде ұсынатын ештеме жоқ, немесе біз клиенттерге дайын өнімді ұсынамыз және, жергілікті нарықта үлкен артықшылыққа ие бола отырып, әрмен қарай өз артықшылығымызды жүзеге асыруға мүмкіндікке ие боламыз.

Шетелдік ойыншылардың кіруі – бұл әрине бізге де мүмкіндік, біз олардың технологияларын, сервистерін және т.б. қабылдай аламыз. Unit linked іске қоса отырып, қазақстандық ӨСК клиенттерге соның ішінде, шетелдік басқарушылардың қорларын ұсынатын болады. Клиентке оператор кім болып табылатыны– жергілікті ӨСК ма немесе шетелдік па аса маңызды емес, өйткені кез келген жағдайда ақша сыртқы нарықтарда инвестицияланады. Оған қоса, жергілікті нарықты білу және өңірлерде болу ұстанымымен біз unit linked ғана сатып қоймай, сонымен қатар зейнетақы аннуитеттерді, ҚЖОМС сатамыз, сондықтан шетелдік ӨСУ және басқарушы компанияларға жергілікті ойыншылармен ынтымақтастықта болу ұтымды болады.

Дереккөз: https://forbes.kz/finances/insurance/jizn_uluchshaetsya_1566984856/

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Полис және шектеулі мүмкіндіктер
Полис және шектеулі мүмкіндіктер

Біздің елімізде мүгедектігі бар тұлғаларға (М...

Қазақстандықтардың зейнетақы ақшаларын кім басқарады
Қазақстандықтардың зейнетақы ақшаларын кім басқарады

Ұлттық Банк БЖЗҚ-ның зейнетақылық активтеріме...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру