2018 жыл 2019 жылға мұраға не қалдырды
Алайда болашаққа үңілмес бұрын осы жылда өмірді сақтандыру нарығын әрі қарай дамыту үшін қандай негіздер жасалғанын түсіну маңызды.
Осылайша «Nomad Life» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Чегебаевтың пікірі бойынша 2018 жылы нарықта көптеген оқиғалар – нарықты айтарлықтай дамытқан заңнамадағы бір қатар маңызды өзгерістер орын алған. Бұл сол сияқты өмірді сақтандыру нарығына сапалы ойыншылардың келуі болып табылады. Бұл ретте екіншісі тікелей біріншімен байланысты деп ол атап өтті.
«Егер нақты айтатын болса, өткен жылдың соңынан бастап жинақтаушы өмірді сақтандыруға салық салудағы оңды өзгерістер басталды, - ол депозиттерге салық салумен ұқсас болды, бұл өмірді сақтандыруды дамытуда ең үлкен қадам болды, бұрын жиі болып тұратын қос салық салу тәуекелі алынды, дейді Қайрат Чегенбаев. Жинақтаушы сақтандыруға тікелей қатысты таңы бір жаңартпа пайда болды, - енді шарт бойынша төлем сомасы шарттың әрекет ететін бірінші жылында төленуі мүмкін, мұны біз жинақтаушы сақтандырудың пайдалы либералына жатқызамыз».
Чегенбаев мырзаның айтуынша ӨСК ЖСК тәуекелдерді қайта сақтандыруға тыйым салатын өндірістегі жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті сақтандыруда да өзгерістер болды, бұл нарықты жүйелерден тазартты. Осыдан басқа ЖОМС түзеу коэффициенті деген түсінік енгізілді (үстеме – ред.).
«Сол сияқты маңызды қадамға Unit linked өнімдерін реттеу саласында заңнамаға қосымша болып танылады – өйткені бұл дүниежүзі бойынша лайф-сектор үшін басты өнім, деп белгіледі сарапшы. – Және, келесі жылдар Қазақстанда Unit linked дамыту белгісімен өтеді деген үміттемін. Өзгертілген заңнама сақтандыру компаниясы мен сақтанушылардың активтерді және міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды дұрыс көрсету үшін Unit linked өнімі бойынша активтерді бөлек есепке алу қадамын болжайды. Транспарентті баға құру қағидасы негізделген – клиент барлық ағымдарды (комиссияларды) көреді, тұрақты негізде өз активтерінің құнына мониторингке рұқсат алады».
Қайрат Чегенбаевтың тағы атаған нарықтағы басқа өзгерістері, - бұл ОСНС омбудсманның пайда болуы, акционерлер құрамына енді ӨСК да кіретін, Сақтандыруға кепілдік беру қорының аясында кепілдік беру жүйесіне әлеуметтік сақтандыруды қосу (зейнетақы аннуитеті және ОСНС аясындағы аннуитет).
Айтпақшы, сақтандыру омбудсманның функцияларын кеңейту маңыздылығын «Freedom Life» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ердесов та атап өтті:
«Егер бұрын омбудсмандар ОГПО міндетті авто сақтандырумен ғана ісі болса, енді қазір олардың өкілеттігі сақтандырудың барлық түрлеріне дейін кеңейді. Сөзсіз бұл дауларды сотқа дейін реттеу институтын дамыту үшін қажет болды».
Заңдағы маңызды жаңартпалардың тізіміне ол сол сияқты ӨСК сақтанушының инвестицияларға қатысуымен инвестициялық портфельді өздігінен басқару мүмкіндігін алғанын қосты.
Тағы бір маңызды жаңалыққа, бірақ «МАК» ӨСК басшысы Ғалым Әмірқожаевтың көзқарасы бойынша қазір ЕНПФ салымшылары тек қана міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын ғана емес, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын да зейнетақы аннуитетті шартты жасасқан кезде немесе қолданыстағы шартқа өзгерістер енгізу кезінде сақтандыру сыйақыларын төлеу үшін қолдана алатыны болып табылады. Қазір зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитетті шартының сомасынан асса, аталған айырма салымшыға ЕНПФ ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленетінін, немесе салымшымен зейнетақы аннуитетінің қолданыстағы шартына сақтандыру төлемдерінің мөлшерін арттыру бөлігіне өзгерістер енгізу үшін, немесе басқа шарт жасасу үшін қолданылатынын атап өтейік. Түзетулер сол сияқты уақытша сақтандыруды енгізуді қарастырады.
«Бұл бізге де, сонымен қатар біздің клиенттерімізге де сақтандыру шарттарында қолайлы жағдайларды көздеуге мүмкіндік береді, - деді Ғалым Ташмұқабетұлы. – Уақытша сақтандырудың басты артықшылығы – бұл әр клиентке жеке келу».
«Standard Life» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Қоңырбаев сол сияқты заңнамаға 2018 жылы енгізілген жаңартпалардың ішінен нарықтағы агенттердің қызметі жағындағы, атап айтқанда агенттік сыйақыны төлеу мәселелері бойынша өзгерістерді атады.
«Агенттердің өздері үшін оңды өзгерістерден, әрине, сақтандыру шарттары бойынша сыйақы мөлшері бөлігіндегі шектеулерді ішінара алып тастау болды, - дейді Е.Қоңырбаев. – Және, әрине, барлық сақтандыру компаниялар үшін ауқымды өзгерістерге онлайн сақтандыру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізілген түзетулер жатады. Онлайн сақтандыру ең алдымен міндетті сақтандыруды кеңінен қозғайды. Клиент өзінің полисіне, сондай-ақ, онымен байланысты ақпаратқа, соның ішінде төлемдер және оларды есептеу туралы, онлайн полисті төлеу және өзге қажетті мәліметтер туралы ақпаратқа рұқсатқа ие болуы тиіс. Барлығы үшін аталған қызметтің арзандауы артықшылық болуы тиіс».
«Өзгерістер өте көп, енді нарықтың міндеті осының барлығын «қорыту» және саланың дамуы үшін пайдалану, өмірді сақтандыру өнімдерін тұрғындар арасында көптеген дамыған елдердегідей жаппай әрекетке айналдыру», - деп түйіндеді "Nomad Life" басшысы.
Нарықтағы жаңа ойыншылар
Сарапшылардың пікірі бойынша елдегі өмірді сақтандыру нарығы оған ірі және күшті ойыншылардың келуімен байланысты, соның ішінде Halyk Life және Qazqom Life бірігуінен, өзінің портфелдік инвестицияларында тәжірибесі мол әрі табысты, белгілі сақтандыру компанияларының біріне жаңа акционерлердің келуімен байланысты, сол сияқты нарыққа өзінің жаңа ӨСК келуімен «Еуразия» СК жариялады.
«Иә, сөзсіз. Нарықта бәсекелестік күшті болған сайын, сақтандырушылардың қызметтері де сапалы болады», - деп «МАК» басқарма төрағасы, Ғалым Әмірқожаев атап өтті.
«Егер салаға жаңа ойыншылардың келуі туралы айтсақ, онда мен өткен жыл салаға екі үлкен және шебер ойыншыларды берді деп айтар едім – бұл «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ және «Standard Life» ӨСК» АҚ, - дейді «Nomad Life» басысы Қайрат Чегебаев. – Арқаңда ең ілгері капитал басқарушылары («Фридом Финанс» АҚ) және тәжірибесі мол күшті нарықтық сақтандыру ойыншысы болғанда, осы екі компания саланың дамуына үлкен үлес қосуы және оған жеткілікті күшті өзгерістер енгізуі тиіс деп есептеймін. Сала қызықты болып келе жатыр, бір типті ойыншылар жоқ, әркім белгілі бағытта күшті, бұл бәріміз үшін өте жақсы деп ойлаймын. Сол сияқты нарыққа «Еуразия Life» өмірді сақтандыру бойынша компаниялардың нарыққа келуін күтудеміз. Олар қандай текшеде орын алатынын, айта алмаймын, бір білетінім «Еуразия» өзінің әрекеттер сапасымен ерекшеленетінін білемін, және ол өте қызықты ойыншы болатын сияқты».
«Қазком» мен «Халықтың» бірігуіне қатысты, - деп жалғастырды Қайрат Садырбайұлы, - мен көбірек айта аламын, онда өз кезінде үш ірі компаниялар біріккен – бұл «БТА Өмір», «Qazkom Life» және «Halyk Life», олардың әрқайсысы өзінің дамуындағы белгілі кезеңдерде үздік болған. Сондықтан бұл үш үздіктің бірігуі және life-секторда нарық сыйлайтын және пікіріне құлақ асатын, ең тәжірибелі жетекші – Радченко Оксананың басқаруымен орындалған. Пайда болған компания - үлкен, ал өмірді сақтандыру мөлшерінің маңызды әрдайым қалмаған. Сондықтан оларды жаңартылған және бірігу процессінен кейін күшті компания түрінде күтеміз».
«Жаңа КСЖ жоспарда шығуы және бұрынғылардың – тәжірибесі барлардың бірігуі нарықтағы қолданыстағы ойыншыларға драйв қосады, бұл бәсекелестік артықшылықтардың өсуіне итермелейді және компаниялардың сатылымдары мен тұтастығында жаңа шешімдер табуға мүмкіндік береді.
«Ал өзгерістер – бұл нарықтың да, саланың да жалпы өсуі екені белгілі! Сондықтан аталған өзгерістерді біздің бизнес үшін оңды деп есептейміз», - деп өзінің ойымен «Standard Life» басшысы, Ержан Қоңырбаев бөлісті. Жеке жаңа «Еуразия» ӨСК» шынымен күшті бәсекелес болады деп атауға болады, өйткені акционердің сақтандыру, сондай-ақ қайта сақтандыру қызметінде де тәжірибесі мол, осы компанияның клиенттік базасы да, клиенттердің олардың қызметіне деген сенімі де жұмыс істеген жылдары қалыптасып қалған. Жаңа акционердің, Турлов мырзаның, өмірді сақтандыру саласындағы активтерді басқару жұмысында тәжірибесі мол адамның келуі осы саланың болашағы туралы айтып тұрғандай».
«Сақтандыру компаниясы ірі болған сайын, ол қаржылық жағынан тұрақты деп есептейміз, - дейді өз кезегінде «Halyk-Life» ӨСК» АҚ басқарушы директор Виталий Любимов. - "Халык-Life" АҚ және "Казкоммерц-Life" АҚ бірігу жағдайына бұл ірі компанияға тарификацияны, маркетинг бағдарламасын жеңіл жетілдіруге мүмкіндік береді, және әрине, ол біріккен компанияда жиналған үздік қызметкерлердің әлеуетін жақсарту мүмкіндігіне ие болады. Жаңа ӨСК пайда болуына және акционерлердің ауысуына қатысты біз барлық жаңалар сақтандыру нарығында жалпы даму үшін қосымша мүмкіндік береді деп болжаймыз. Бірақ бұл ретте көбінесе бәрі нарықтың жаңа ойыншыларының менеджерлік қасиеттерін тәжірибелік іске асыруға байланысты».
«Freedom Life» басшысы Азамат Ердесов жаңа ойыншылар нарыққа динамика береді деп есептейді. «Нарықта жаңа аттар мен атаулар пайда болады деген деректің өзі өмірді сақтандыру нарығының болашағы зор екені туралы білдіреді, - дейді ол. Оның ойынша өмірді сақтандыру нарығы дамып жатыр.
«Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, 2017 жылы өмірді сақтандыру бойынша сыйақылар көлемі 20% артқан, ал шарттардың саны - 5% артқан деп белгіледі сарапшы. – Қорытындылар бойынша 2018 жылы біз сыйақылар көлемі 30%, ал шарттардың саны - 40% өседі деп күтеміз. Алайда өмірді сақтандырудың Қазақстан ЖІӨ үлесі әлі де аз - 1% жетпейді, бұл ретте дамушы елдерде бұл көрсеткіш екі есе артық. Бұл нарықтың кемелдігі және тұрғындардың өмірді сақтандыру компанияларының өнімдерін сатып алу дайындығы туралы айтады».
2019 жыл өте қызықты болады
Жеке біздің сарапшылардың қандай болжамдары сақтандыру саласында Қазақстандағы КСЖ саласында алдағы жаңа жылмен байланысты?
«Түйсігіміз жақсы, бұл жерде мен ЕАЖ бір жарым есеге артқанын атап өткім келеді, бұл ЖОМС бойынша сыйақылар жинағын айтарлықтай арттырады, Unit Linked енгізу – тіпті болжаудың өзі қиын, бірақ жылдар өткен сайын бұл бүкіл дүниежүзінде сияқты ӨСК басты өнімі болады. Бұл жыл сайын өсетін зейнетақы аннуитеттер, жинақтар, және әрине, заңнамадағы өзгерістердің арқасында тұрғындарға қызықты болған классикалық жинақтаушы», - деп болжамдарымен «Nomad Life» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев бөлісті.
«Сол сияқты екі ӨСК, бұл біз және «Halyk Life», Ұлттық Банкпен айтарлықтай конструктивтік келіссөздер жүргіздік және ӨСК МБЖЖ – Мемлекеттік білім беру жинақ жүйесіне қосуға болады деп үміттенеміз, - деп жалғастырды Чегенбаев мырза. – Бұл өз балаларының оқуына жинағысы келетін, жыл сайын мемлекеттен сыйақы есептелетін тұрақты ұзақ мерзімді негізде жарналар жасауға ниетті азаматтарды қолдайтын мемлекеттік бағдарлама. Жүйе 2013 жылдан бері екінші деңгейлі банктер арқылы жұмыс істейді, алайда тұрғындар арасында әлі жаппай сұранысқа ие болған жоқ».
Бұл ретте оның сөздерінен ұзақ мерзімді жинақтау – бұл банктердегі жинақтаулармен салыстырғанда бір қатар артықшылықтарға ие өмірді сақтандырудың классикалық өнімі:
1) өмірді сақтандыру ерекшелігі – консервативті инвестициялау есебінен ұзақ мерзімді жинақтау және қаражатты шоғырландыру, бұл екінші деңгейлі банктерге келе бермейді, өйткені банктердің артықшылығы өз міндеттерін ағымдағы орындау – ағымдағы өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады;
2) өмірде жағымсыз оқиғалар болу кезінде – өлім, сыни аурулар және азаматтардың еңбекке қабілеттілігін жоғалту тәуекелдері болғандағы жинақ жасаушы ата-ана (асыраушы) үшін қосымша қорғаныс (мемлекеттік әлеуметтік міндеттердің біріне жататын қосымша шешім);
3) ӨСК, әлемдік және қазақстандық тәжірибеге сәйкес ұзақ мерзімді болашақта қаржылық жағынан тұрақты және төлемге қабілетті (консервтивті пруденциалды талаптар) болып табылады, бұл МБЖС сияқты әлеуметтік механизмдердің қызметінде маңызды.
«2019 жылы жоғарыда айтылғандай сақтандыру шарттарының электрондық үлгілерін енгізу күтіліп отыр, мұның нәтижесінде клиенттер үшін сақтандыру шартын жасасу қолайлы және арзан болады, соның ішінде бұл агенттік сыйақы шығындарының болмауына байланысты, - дейді Виталий Любимов, «Halyk Life» ӨСК басқарушы директоры. Инвестициялық құраушысы бар жинақтаушы өмірді сақтандыру шарттары (unit-linked деп аталатындар) клиенттерге ЖИҚ арқылы сақтандыру полистері бойынша қосымша табыс алуға қатысу мүмкіндігін береді. Сол сияқты қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруларда, атап айтқанда кіші және орта бизнес жататын тәуекелсіз көптеген кәсіпорындар үшін өзгерістер енгізілуі мүмкін. Және, әрине, келесі жылы өмірді сақтандыру бойынша жаңа компанияның жұмысы басталады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде, өмірді сақтандыру бойынша компаниялар арасындағы нарық бәсекесінде кейбір түзетулерді енгізуі мүмкін».
«2019 жыл күрделі және қызық болады, - деп ойлайды «Standard Life» ӨСК басшысы Ержан Қоңырбаев. – ӨСК үшін оларға активтер портфелін басқару құқығын ұсыну жағынан мүмкіндіктерін кеңейту жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары бойынша сатылымдарды, соның ішінде жинақтаушы сақтандырудың инвестициялық өнімдері бойынша сатылымдарды арттырады. Біз зейнетақы активтерін басқару бойынша 2019 жылға өмірді сақтандыру бойынша мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтуді күтеміз. Бұл ӨСК басты ұзақ мерзімді институционалдық инвесторлардың ұстанымдарын айтарлықтай бекітуге мүмкіндік береді және клиенттер тарапынан сенімді арттыруға ықпал етеді, ӨСК клиенттік базасын кеңейтеді».
Өз кезегінде «МАК» ӨСК басшысы Әмірқожаев мырза сақтандыру нарығының дамуы тұрғындардың әл-ауқатының өсуіне тікелей байланысты екенін айтып өтті.
«Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауына 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең аз жалақыны бір жарым есеге – 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін көтеруге тапсырма берді. ЕАЖ жаңа мөлшері еңбек төлемін арттырудың катализаторы болып қоймай, жалпы ел экономикасының өсуі үшін ынталандыру болады деп есептеймін», - деп атады ол.
«Келесі жыл қызықты болады деген сарапшылардың ойына келісемін. Көп нәрсе сақтандыру нарығының жеке сегменттері емес, жалпы дамуына байланысты болады, - дейді «Freedom Life» басшысы Азамат Ердесов. – Бірақ болжамдар ең жағымды – нарық болашақта да көтеріледі, оның өсуінің бір себепкері өмірді сақтандыру. Келесі жылы сақтандырудың жинақтаушы түрлерінің тартымдылығы артатынын белгілегім келеді. 2018 жылы сақтандыру компанияларымен және Ұлттық банкпен үлкен жұмыс жасалды: сақтандыру заңнамасына өзгерістер енгізілді, жапсарлас салаларда үлкен өзгерістер болды. Біз қазіргі кезде бұл жерде бәсекелестіктің жоқтығына қарамастан жинақтаушы сақтандыру нарығының болашағы зор екенін көреміз. Бірақ бұл әзірге ғана. Келесі жылы көп нәрселер біртіндеп жақсы жаққа қарай ауыса бастайды деген сенімдемін».
Компаниялар қандай нәтижелерге жетті және жаңа жылда не жоспарлап отыр?
«Біздің компания үшін өткен жылда орын алған ең маңызды шара – бұл «Казкоммерц-Life» АҚ пен «Халык-Life» АҚ бірігу нысанында ерікті қайта ұйымдастыруды сәтті аяқтау және 2018 жылғы 1 қарашада компаниялар арасында көптеген актілерге қол қою болып табылады, оның нәтижесінде біздің компаниямыз өмірді сақтандыру нарығында қаржылық жағынан тұрақты және сенімдірек компания болды, өйткені «Халык-Life» АҚ Қазақстандағы сенімді және тұрақты қаржы тобы болып табылатын Halyk қаржы тобының құрамына кіреді. Келесі жылы біз әрі қарай клиенттік сервисті жетілдіруге, сонымен қатар өз клиенттерімізге қызықты сақтандыру шешімдерін ұсынуға ниеттіміз», - деп хабарлады компанияның басқарушы директоры Виталий Любимов.
«Өтіп бара жатқан жылды қорытындылай келе, 2018 жыл біз үшін өте жемісті болды деп сенімді айта аламын, - дейді Ғалым Әмірқожаев («МАК»). – Біз барлық бағыттар бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Ортақ күш салу мен ұйымшыл команданың арқасында «МАК» ӨСК» АҚ активтерінің мөлшері 37 млрд теңгеге, жеке капиталы 5,6 млрд теңгеге, сақтандыру қорлары 31 млрд теңгеге жетті. Жылдың басынан бастап сақтандыру төлемдері 2 млрд теңгеден асты, ал сақтандыру сыйақылары 3,8 млрд теңгеге жетті. Компанияның жоғарғы қаржылық көрсеткіштері нарықтағы сәттілігін және тұрақтылығын куәландырады».
«2018 жылы біздің компаниямен өмірді сақтандыру нарығында жұмыс тәжірибесі мол қызметкерлердің басты құрамы қалыптастырылды. Компанияның сақтандыру өнімдерін сату бойынша ірі ойыншылармен серіктестік келісімдерге қол қойылды. Біз сын мен ұйымшылдықтың қиын кезінен, нарықта бірігу мен ашылудан кейін жаңа ойыншылардың өтетін жолынан өттік. Біз өзіміз туралы тек ақша тапқысы келетін компания ретінде емес, өз клиенттерінің активтеріне дұрыс билік ететін компания ретінде мәлімдедік, - деп атап өтті Ержан Қоңырбаев өз кезегінде («Standard Life»). – 2018 жылы жақындағы 3-5 жылға мақсаттар анықталды. Олардың негізіне даму үшін артықшылығы бар бағыттар, соның ішінде өнім сызғышын кеңейту және клиенттер үшін онлайн сервистерді дамыту кірді».
«Мен біздің компания үшін маңызды қорытынды - акционерлер құрамының өзгерісі, жаңа бренд және жаңа бағдарлама деп айтсам, әділ болап деп ойлаймын, - дейді Азамат Ердесов («Freedom Life»). – Осыған орай біздің жоспарымыз үлкен – бүкіл Қазақстан бойынша қаржы кеңес берушілер желісін құру және сақтандырудың ерікті түрлерін дамыту. «Фридом Финанс» компаниясының мол тәжірибесін және оның мамандарын ескеріп біз жинақтаушы өмірді сақтандыруға зор үміт артамыз. Біздің үлкен міндетіміз – «еріктілер» нарығын құру және біздің клиенттеріміз бір нәрсе бола қалса біздің компаниямыз көмекке келетінін білулері үшін барлығын жасау».
«Сала өсіп жатыр, соның ішінде біздің компаниямыздың нәтижелері де рекордтық, бірақ бұған тоқталмаймыз, өмірді сақтандыру нарығы өсуі және дамуы тиіс, - дейді Қайрат Чегебаев («Nomad Life»). – Жоспарларға келсек, мен оларды алдыңғы жауаптарда қысқаша айтып кеттім. Біз барлық бағыттарды дамытуымыз керек, ағымдағы жағдайымызға біз ризамыз, бірақ жұмыс өте көп».
Фото: MamaExpert.ru, Good-Tips.PRO