bs-preloader__icon
ru kz

Allianz сақтандыру саласында үлкен шығындарды күтуде

Сақтандырушылар үшін Covid-19 пандемиясының салдары «метеориттің соққысы ретінде» болады, — деп Allianz бас атқарушы диекторы Оливер Бэте есептейді. Бұл туралы ол Bloomberg берген сұхбатында мәлімдеді.
Allianz сақтандыру саласында үлкен шығындарды күтуде

Оның айтуынша, пандемия бүкіл әлемдегі сақтандыру және қайта сақтандыру компаниялары үшін елеулі экономикалық құлдырауға және белгісіздікке әкелді. Коронавирус «метеориттің соққысы ретінде» сақтандыру саласына зиян келтірді, және сақтандырылған клиенттер бизнесінің тоқтатылуына байланысты қандай шығындар болатынын әзірге белгісіз, бірақ бұл сома Бэтаның пікірінше, «қомақты» болады. «Мен барлық секторларда, бизнесте тоқтату болсын, туристік және ойын-сауық саласын сақтандыру болсын, болашақта сала үшін үлкен шығындар болады деп айта аламын. Оларды бағалау үшін уақыт қажет», — деді Бэте.

Бұдан бұрын Allianz компаниясы екі құрылымдық бөлімшесі – Pacific Investment Management Company (PIMCO) инвестицияларын басқарушы және Allianz Real Estate жылжымайтын мүлік жөніндегі маманы біріктіргені туралы хабарлады.

Дереккөзі: https://www.ukrstrahovanie.com.ua/news/dlya-strahovoj-otrasli-posledstviya-pandemii-budut-ogromnymi-allianz

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Кардиолог жүрек-қан тамырлары ауруларының жасырын үш белгісін айтты
Кардиолог жүрек-қан тамырлары ауруларының жасырын үш белгісін айтты

Кардиолог Дмитрий Напалков жүрек-қан тамырлар...

Қазақстандықтар жазатайым оқиғалардан қандай сомаға сақтандырылды
Қазақстандықтар жазатайым оқиғалардан қандай сомаға сақтандырылды

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында ерікті жеке с...

Қазақстандық сақтандыру нарығында бәсекелестік өсуде
Қазақстандық сақтандыру нарығында бәсекелестік өсуде

Қазақстан нарығында 28 сақтандыру компаниясы ж...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру