bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандырудағы гендерлік алшақтық

Royal London сақтандырушысы жүргізген зерттеу бойынша, ерлердің сақтандыру өтелімі әйелдердің сақтандыру өтелімінен 65%-ға жоғары деп жазады The Irish Times.
Өмірді сақтандырудағы гендерлік алшақтық

Ипотекамен байланысты емес өтелімге жасалған талдау көрсеткендей, 2015 және 2019 жылдар аралығында әйелдер үшін өмірді сақтандыру саясаты аясында кепілдік берілген орташа сома 179 604 еуроны құрады. Ерлер үшін осы кезеңде орташа көрсеткіш 297 022 еуроны құрады.

«Мұндай үлкен айырмашылық еркектердің өз өмірін әйелдерге қарағанда көп сомаға сақтандыруының себептері қандай екенін ойландырады», - дейді Royal London компаниясынан Сара Мерфи.

Өмiрдi сақтандыруды адамдар, әдетте, олар қайтыс болған жағдайда асырауындағы адамдарды қамтамасыз ету үшiн жүзеге асырады. «Бұл жерде еңбекақы төлеудегі алшақтық басты рөл атқарады. Бұдан басқа, әйелдер еркектерден жиі үйде отырады, үй шаруашылығымен, күйеуімен және балаларымен айналысады», – деп Royal London өкілі түсіндіреді.

Аурулар кезінде кепілдендірілген орташа сома ерлер үшін 80 096 еуроны және әйелдер үшін 63 036 еуроны құрады. Деректерге сәйкес, 2015 және 2019 жылдар аралығында ерлерді де, әйелдерді де орташа қамту 5,8%-ға және 0,67%-ға төмендеді.

Дереккөзі: https://www.irishtimes.com/business/personal-finance/life-insurance-cover-for-men-65-higher-than-for-women-1.4320047

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Үкімет Қазақстанның отбасыларын қалай қолдайды
Үкімет Қазақстанның отбасыларын қалай қолдайды

Қазіргі уақытта Қазақстанда балалары бар отба...

Ғалымдар тамақтанудың тиімді схемасын көрсетті
Ғалымдар тамақтанудың тиімді схемасын көрсетті

Американдық ғалымдар тамақтану кестесі адамн...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру