bs-preloader__icon
ru kz
✕

Ресей орталық банкі сақтандырушыларға төлем қызметтерін көрсетуге рұқсат беруі мүмкін

Ресей Банкі банктік емес қаржы ұйымдарына (сақтандыру, брокерлік және микроқаржы компаниялар) төлем қызметтерін көрсетуге рұқсат беретін заңнамаға түзетулерді әзірледі, деп хабарлайды АСН.
Ресей орталық банкі сақтандырушыларға төлем қызметтерін көрсетуге рұқсат беруі мүмкін

Нарыққа, қызметке, сондай-ақ Ресей Банкінің тарапынан қадағалау мен бақылауға рұқсатқа талаптар белгіленетін жеткізушілердің екі типі жоспарлануда. Мұндай реттеу төлем нарығының басқа қатысушыларымен бірге төлем қызметтерінің банктік емес жеткізушілер (ТҚБеЖ) жұмысының бірдей шарттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ реттеуіштік арбитраждан құтылуға мүмкіндік береді.

Бірінші типтегі ТҚБеЖ клиенттердің тапсырмасы бойынша аударымдарға бастамашылық етумен ғана айналысатын болады, және олардың таза активтері 5 млн рубльден кем болмауы тиіс. Екінші типтегі ТҚБеЖ-нің құзыреті бастамашылық етуден басқа, сондай-ақ электронды әмияндарды ашумен төлемдерді жүзеге асыруды көздейді. Бұл ретте олардағы таза активтер жоғары болуы тиіс – 50 млн рубльден кем емес.

Бұдан бөлек, лауазымды тұлғалардың және ТҚБеЖ-нің құрылтайшыларының (қатысушыларының) іскерлік беделіне және ақпаратты қорғау, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлігінде және қылмыстық жолмен және терроризмді қаржыландырумен алынған кірісті жылыстатуға қарсы күреске талаптар белгіленетін болады.

ТҚБеЖ қызметін реттеу бойынша бастамаларды нарықтың мүдделі қатысушыларымен талқылау жоспарлануда, деді реттеуіш.

Дереккөзі: https://www.asn-news.ru/news/78542

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда сақтандыру қалай өзгереді. Инфографика
Қазақстанда сақтандыру қалай өзгереді. Инфографика

Шілденің басында Президент Нұрсұлтан Назарба...

Ұзақ өмір сүруге қауіп төндіретін, ұйқымен байланысты жеті әдет
Ұзақ өмір сүруге қауіп төндіретін, ұйқымен байланысты жеті әдет

Annals of Behavioral Medicine журналында жарияланған ғылым...

Қазақстандықтардың тек 39% - ы ғана спортпен айналысады
Қазақстандықтардың тек 39% - ы ғана спортпен айналысады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің (МСМ) де...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру