bs-preloader__icon
ru kz en

Неміс кеңсесінде өзіңді майып қылмаудың жолы. Тіпті күнделікті кеңсе жұмысы да қауіп-қатерге толы. Сақтандыру төлемдерінен айрылмау үшін, қандай ережелерді орындау керек?

Қызметкер түскі үзілісте таза ауамен тыныстағысы келеді. Дағдылы іс. Бірақ кеңсе ғимаратын айналып жүрген кезде, оның басына ағаш бұтағы құлап, көзін жарақаттайды. Немесе әріптесі кабельге сүрініп, құлаған кезде, жұмыс ноутбугын үстелден құлатып, аяғындағы саусағын және ноутбук дисплейін сындырады. Әбден мүмкін. Тіпті күнделікті кеңсе жұмысы да қауіп-қатерге толы. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын неміс кеңселерінде шамамен 16 мың жазатайым оқиға тіркеледі. Өндірістегі (яғни зауыт, шеберха және т.б.) жағдаймен салыстырғанда, бұл онша көп емес көрінеді: 2016 жылы жалпы Германия бойынша осындай кәсіпорындарда 880 мыңға жуық оқиға орын алған.
Неміс кеңсесінде өзіңді майып қылмаудың жолы. Тіпті күнделікті кеңсе жұмысы да қауіп-қатерге толы. Сақтандыру төлемдерінен айрылмау үшін, қандай ережелерді орындау керек?

Жазатайым оқиғабәрі ережеге сай

Неміс заңдары бойынша, жұмыс беруші өзінің барлық қызметкерлерін жұмыста және жұмысқа бара жатқан/ жұмыстан келе жатқан кезде жазатайым оқиғадан (Unfallversicherung) және залал келтіру жағдайынан (Haftpflichversicherung) сақтандыруға міндетті. Осы сақтандыру полистері бойынша аударымдарды кәсіпорын өзіне жүктейді. Жұмыс орнында травматизм жағдайында ауруханалық касса емдеу мен сауықтыру бойынша шығындарды өтейді және зейнетақы қорына төлемдер жасайды. Бірақ белгілі бір шарттар орындалған жағдайда ғана.

Алдымен, қызметкер жұмыс берушіге болған жағдай туралы хабарлауы керек. DW Штефан Больц (Stefan Boltz), Жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша ауруханалық кассалар мен сақтандыру серіктестіктерінің неміс бірлестігінің баспасөз хатшысы (Deutsche Gesetzliche Unfallversicherung, DGUV) өз сұхбатында: «Егер ол еңбекке жарамдылықтан кем дегенде үш күнге айрылған болса, жұмыс беруші бұл туралы ауруханалық кассаға хабарлауға міндетті», - деп түсіндіреді.

Егер әңгіме суық тию жөнінде емес, нақты жарақаттану туралы болса, зардап шегуші травматолог дәрігерге қаралуы тиіс, ол болған жағдайды ауруханалық касса үшін құжат түрінде рәсімдейді. Жалпы, тіпті аздаған жарақат жағдайында да осылай жасалуы тиіс – бір керегі болып қалар. Мәселен, кейін жара орны қабынып, асқынулар пайда болған жағдайда, мұны түсіндіріп жату қиынға соғады. Жарақат қызметтік міндеттерді атқару барысында алынған жағдайда ғана өндірістік болып есептеледі, оның салдарынан қызметкердің дене және психикалық денсаулығы нашарлайды.

Бірақ жұмыспен байланысты әрбір жазатайым жағдай сақтандыру оқиғасы болып есептеле бермейді. Неміс соттары зардап шегушілердің талай шағымдарын қарауға мәжбүр болған. Мысалы, егер қызметкер тікелей кеңсеге келе жатқан кезде жарақаттанса (мәселен, аялдамада тайып кетіп, буындарын созып алса немесе, құдай басқа салмасын, аяғын сындырса), онда бұл жағдайда сақтандыру қорғанысы қолданылады. Ал егер ол жол-жөнекей жақын жерде орналасқан супермаркетке соққан кезде, соның жанында құлап қалған болса, онда жазатайым оқиғалардан «өндірістік» сақтандыру қолданылмайды. Бірақ бұл жұмыс алдында балаларын балабақшаға немесе мектепке апарып тастайтын қызметкерлерге қатысты емес.

Көптеген неміс компаниялары қызметкерлеріне айына кем дегенде бір рет үйден жұмыс істеуге рұқсат етеді. Бұл үшін пәтердегі жұмыс орны еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған болуы тиіс. Егер қызметкер жазу үстелінің басында отырса, онда оған жазатайым оқиғалардан сақтандыру қолданылады. Мәселен, ол үстелден тұрып жатқан кезінде аяғын қайырып алса, жұмыс берушінің сақтандыруы қолданылады. Бірақ егер ол асханаға бір шыныаяқ кофе алуға келе жатқан кезінде сүрінген болса, оған «өндірістік» сақтандырудың өтемақы төлемдері қарастырылмайды.

 

Неміс кеңсесіне өз шәйнегімен

Заң бойынша, жұмыс беруші жұмыс кеңістігін қызметкерлердің дене және психикалық денсаулығына зиян келмейтіндей етіп  ұйымдастыруға міндетті. Жағдайды сараптамалық бағалау үшін, Германияның көптеген ірі кәсіпорындарында еңбекті қорғау үшін жауап беретін мамандар болады. Шағын фирмалар сарапшыларды сырттан жалдайды.

Германия мен Еуропаның басқа елдерінде 300 000-ға дерлік кәсіпорынға еңбекті қорғау мәселелері бойынша консультациялар жүргізетін B.D.A компаниясының  өндірістік қауіпсіздік бойынша маманы  Геральд Шнайдер (Gerald Schneider): "Біз ең алдымен орынжайларды тексеріп, онда бірден түзетуді талап ететін еңбек қорғау бойынша қандай да күрделі бұзушылықтардың бар-жоғына назар аударамыз. Мысалы, тайғақ еден, от көзінің маңайында тұтанғыш заттардың болуы, машиналық жабдықта қорғаныстың болмауы. Бірақ бұндай бұзылыстар сирек кездеседі", - деп түсіндіреді.

 "Кеңселерде қызығушылық тудыратын басты нәрсе - кабель. Және бұл тегін емес: кеңсе қызметкерлері арасында жарақаттану жағдайларының 40 пайызы құлау нәтижесінде болады. "Принтерден розеткаға қарай бүкіл бөлме бойымен созылатын сымдар – мүлдем тыйым салынған", - деп көрсетеді сарапшы. Техникалық жабдықты, компьютерлерді, пернетақталарды, сондай-ақ тұрмыстық аспаптарды тексеру де оның құзыретінде. Егер, мәселен, кофеқайнатқы тесттен өтсе, оған арнайы жапсырма жасалады. "Бұл сіздің жұмыс орныңызға өз жекеменшік кофемашинаңызды қоя алмайсыз дегенді білдірмейді. Бәрі жұмыс берушіге байланысты. Кейбір фирмаларда осылай жасауға болады, бірақ аспап тексерілуі тиіс. Басқалары тек ортақ асханадағы қызметтік аспаптарды пайдалануға рұқсат етеді", - дейді Геральд Шнайдер.

Жұмыс орны: қалай дұрыс отыру керек

Дұрыс жабдықталмаған жұмыс орындары – тағы бір күрделі мәселе деп көрсетеді сарапшы. Бұл мәселеге бәрі бірдей тиісті мән бере бермейді. Жұмыс беті мен орындықтың биіктігі, компьютерлік мониторлардың сапасы, жарықтандыру – осының бәрі қызметкерлердің денсаулығына әсер етеді. Ұйғарымдарды орындамау дене мүсінінің мәселелеріне, арқа ауруларына және жарақаттарға алып келеді. Эргономика талаптарына сәйкес, биіктік қызметкердің бойына қарай 680 - 760 мм аралығында болуы тиіс. Орындықтың биіктігі, қолдар үстел үстінде жатқан кезде, иық пен білек арасында тік бұрыш болатындай деңгейде болуы керек.

"Өзіңіз қалай отырғаныңызды тексеріңіз", - деп үндейді B.D.A сарапшысы. Оның екінші бір кеңесі: үстеліңізден барлық артық нәрсені алып тастаңыз. Үйілген қағаз қауіп төндірмесе де, жұмыс бетін жауып тастайды. Оқтын-оқтын жұмыста үзіліс жасаңыз. Сағатына бір рет көзді монитордан демалдыру керек. Әрине, арасында қозғалып қоюды ұмытпаңыз. Күніне ең болмағанда он мың қадам жасауға кеңес беріледі.

Дерекнама: http://www.dw.com/ru/

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Мұра алу үшін өмірді сақтандыруды қалай пайдалануға болады
Мұра алу үшін өмірді сақтандыруды қалай пайдалануға болады

Сіздің жақындарыңыз қайтыс болғаннан кейін қа...

Өмірді сақтандыру онлайн режиміне өтеді
Өмірді сақтандыру онлайн режиміне өтеді

Ағымдағы жылы Қазақстанда өмірді сақтандыру н...

Британдықтар үй жануарларын сақтандыруына қанша қаржы жұмсайды
Британдықтар үй жануарларын сақтандыруына қанша қаржы жұмсайды

Ұлыбританияда мысықты орта есеппен алғанда жы...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру