bs-preloader__icon
ru kz

Қандай өнімдерде нашар холестерин бар

Нашар холестерин жүрек тамырларының, бас миының, бүйректің, көздің және басқа да маңызды органдардың қабырғаларында жиналып, олардың ауруларына әкеп соғуы мүмкін, деп жазады РИА Новости.
Қандай өнімдерде нашар холестерин бар

Дәрігер-кардиолог Анна Солощенко рационнан шошқа еті, қой еті және сиыр етінің майлы сұрыптарын алып тастауды ұсынады. Бұдан басқа, субөнімдер (бауыр, ми, бүйрек), сондай-ақ шұжықтар, ысталған өнімдер және ет консервілері зиянды деп есептеледі. Кардиологтың айтуынша, оларды құс етімен, қоян етімен және сиыр етінің немесе бұзаудың майсыз сұрыптарымен алмастырған дұрыс.

«Сүт өнімдерін майсыз сатып алған дұрыс. Қаймақ – майлылықтың ең көп дегенде 15 пайызы, сүзбе – бес пайыздан артық емес, сүт – 2,6 пайыздан артық емес. Майлы сорттағы ірімшіктерден (сары) бас тарту немесе әлсін-әлсін аз мөлшерде тұтынған дұрыс, ал майлы емес сұрыптарды (ақ, мысалы, моцарелла) – майлылықтың 20 пайызына дейін – аптасына бір-екі рет 50-100 грамнан пайдалануға болады», – деп хабарлайды Анна Солощенко.

Сондай-ақ зиянды қанық майлары көп жұмыртқаның сарысын, майонез және сары майды тұтынуда шектеу қою қажет.

Дереккөзі: https://rsport.ria.ru/20200730/1575183308.html

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Дәрігерлер елемеуге болмайтын, дененің ескертуші белгілерін атады
Дәрігерлер елемеуге болмайтын, дененің ескертуші белгілерін атады

Көздің тартқылауы, шаштың түсуі, шаршаудың жоғ...

ӨСК өсімнің жоғары қарқынын сақтап тұр
ӨСК өсімнің жоғары қарқынын сақтап тұр

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте өмірді сақтандыру ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру