bs-preloader__icon
ru kz

2015 жылдан бастап британдықтар өздерінің зейнетақы шоттарынан 30 млрд фунт стерлингті шешіп алды

2015 жылы Ұлыбританияда зейнетақы шоттарынан қаражаттың бір бөлігін мерзімінен бұрын шешіп алуға мүмкіндік беретін заң қабылданды. Тек осы жылдың үшінші тоқсанында ел тұрғындары 2,4 млрд фунт стерлингті қолма-қол ақшаға айналдырды, деп хабарлайды International Investment.
2015 жылдан бастап британдықтар өздерінің зейнетақы шоттарынан 30 млрд фунт стерлингті шешіп алды

Зейнетақы жинақтарын икемді басқару енді адамға зейнетақы аннуитетін сатып алу міндетті еместігін, оның орнына 55 жылда Ұлыбритания азаматы қолма-қол ақшаны ала алатынын көздеп отыр. 

Сандар 2019 жылдың үшінші тоқсанында бір адамға алынған орташа сома 7 250 фунт стерлингті құрағанын көрсетеді. Royal London директоры Стив Уэбб адамдар қаражатты шешіп алу біртіндеп қысқартуда деп мәлімдеді.  Мұндай операциялардың көбісі қаңтар айында жүргізіледі.

«Адамдар өз зейнетақы қорын шешіп алмас бұрын, жақсылап ойлану керек. Олардың ішінен кәсіби кеңес алуға жүгінетіндер аз, және олар ақшаларын қолда жүргенін қалайды», – дейді Just Group коммуникациялар жөніндегі директор Стивен Лоу. 

 «Зейнетақы шоттарын басқарудың жаңа ережелері асығыс қабылданды. Қор нарығы тыныш емес, адамдар тәуекелді қағаздарға салынуы мүмкін, ал нарық құлдырауы зейнеткерлер арасында үрей тудыруы мүмкін», – деп Hargreaves Lansdown аға сарапшысы Натан Лонг сенімді ойлайды.

Дереккөзі: https://www.internationalinvestment.net/news/4006445/pension-freedom-withdrawals-pass-gbp30bn
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресейлік өмірді сақтандырушыдан жарақат үшін өтемақы алды
Ресейлік өмірді сақтандырушыдан жарақат үшін өтемақы алды

ЖКО салдарынан азамат бірінші топтағы мүгедек...

АХҚО биржасы: қазақстандық ӨСК-ның жаңа үміті
АХҚО биржасы: қазақстандық ӨСК-ның жаңа үміті

Қазақстанда «Астана» Халықаралық қаржы ортал...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру