bs-preloader__icon
ru kz en

Миды қартаюдан қандай диета қорғай алатынын анықтады

Нейровизуализация әдісін пайдалана отырып, диетаның жас ерекшелігіне қарай өзгерістерге қалай әсер ететінін бақылады. Ми үшін ең пайдалы төмен көміртекті кетогенді диета болды, деп жазады РИА Новости.
Миды қартаюдан қандай диета қорғай алатынын анықтады

Соңғы уақытта нейрофизиологтар дабыл қағуда – қартаюмен байланысты мидың жас нейробиологиялық өзгерістері, елу жасқа дейінгі адамдарда жиі байқала бастады.

Нью-Йорк штатының Стоуни-Брук университетінің Лилианн Мухик-Пароди басшылығымен американдық және британдық ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелері батыс елдерінде тамақтанудың негізін құрайтын тағам, соның ішінде көмірсуларға бай тағам оған кінәлі деп болжауға мүмкіндік береді.

Диета мидың қартаюына қалай әсер ететінін жақсы түсіну үшін ғалымдар нейрокогнитивті және физиологиялық параметрлерді ескеретін, мысалы, инсулинге төзімді биомаркерлер жүйесін әзірледі. Солардың ішінде ең бастысы мидың түрлі бөлімдері арасындағы байланыстардың тұрақтылығын айқындайтын ми нейрожелісінің тұрақтылығы факторы болды.

Эксперимент көрсеткендей, бұл мидың қартаюы биомаркері ағзаны метаболикалық процестерде қолданатын «отынның» басым түрімен арақатынасты орнатады: ми желілерінің тұрақтылығын глюкола азайтады, ал кетондар оны арттырады. Стандартты диетамен немесе байытылған сол немесе басқа «отын» түрімен қоректену рационымен эксперименттердің барлық серияларында нәтижелер расталды.

Жоғары көмірсулар құрамы бар диета жасына байланысты ми бөлімдері арасындағы функционалдық байланысты тұрақсыздандырады, бұл когнитивті қабылдаудың нашарлауын тудырады.

Зерттеуге 18-ден 88 жасқа дейінгі мыңдаған адам қатысты. Ми желілерінің байқалатын тұрақсыздануы когнитивтік функциялардың бұзылуымен байланысты болды және 2 типті қант диабеті – нейрондардың глюкозаны тиімді метаболиздеу қабілетін тежейтін ауру кезінде жылдамдады.

«Біз осы эксперименттерде табылған нәрсе жаман және жақсы жаңалықтарды қамтиды, – баспасөз-релизде Стони Бруктегі Университетінің биомедициналық инженерия кафедрасының профессоры Лилианн Мухика-Пародидың сөзі келтірілген. – Жаман жаңалық – біз жас адамдарда ми қартаюының алғашқы белгілерін көреміз. Дегенмен, жақсы жаңалық, біз диета арқылы осы әсерлерді болдырмау немесе кері айналдыра аламыз – глюкозаны нейрондар үшін отын ретінде кетондарға ауыстыра отырып, метаболизм бұзылыстарының салдарын жұмсарту».

Нәтижелері көрсеткендей, мұндай алдын алу, егер дұрыс тамақтануды әлі симптом алды сатысында бастайтын болса, онда ол тиімдірек болуы мүмкін. Ол үшін қарапайым көмірсулардың тұтынуын азайту керек.

«Біз жас ұлғайған сайын ми нейрондардың баяу ашығуы және ми желілерінің тұрақсыздануын тудыра отырып, глюкозаны тиімді метаболиздеу қабілетін жоғалта бастайды, деп ойлаймыз, – дейді Мухика-Пароди. – Кетондар түріндегі отынның тиімді көзі миды үлкен энергиямен қамтамасыз ете алады. Тіпті жастар да бұл қосымша энергия ми желілерін тұрақтандыруға әкеледі».

Төмен көмірсулар бар рацион мидағы жас еоекшелігіне байланысты барлық өзгерістерді кері бұрай алады, деп санайды ғалымдар. Ол үшін көбірек етті немесе салатпен балықты тағамдарды жеу керек, бірақ астық, күріш немесе крахмалды көкөністер болмауы керек.

Дереккөзі: https://ria.ru/20200305/1568212989.html

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда онлайн-сақтандыруды енгізу туралы заң жобасы мақұлданды
Қазақстанда онлайн-сақтандыруды енгізу туралы заң жобасы мақұлданды

Қазақстан Парламентінің Мәжілісі сәрсенбі кү...

Англия: еркін зейнетақы немесе кепілдендірілген табыс?
Англия: еркін зейнетақы немесе кепілдендірілген табыс?

Мыңдаған британдықтар шешім қабылдауы тиіс, д...

Дәрігер жастықты қалай ұзартуды айтып берді
Дәрігер жастықты қалай ұзартуды айтып берді

Ағзаның жас болуын физикалық белсенділік, там...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру