bs-preloader__icon
ru kz en

Эстонияда қызметкерлер үшін жаңа сақтандыру түрі пайда болады

Жақын арада үкімет жаңа сақтандыру жүйесін қалыптастыруды талқылайды. Бұл барлық қызметкерлер мен жұмыс берушілерге қатысты сақтандыру жүйесі болмақ. Сөз жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөнінде болып отыр. Бұл сақтандыру түрін кәсіби аурулардан сақтандырумен бірге 25 жыл бойы енгізейін деп жатыр, деп хабарлайды Postimees.
Эстонияда қызметкерлер үшін жаңа сақтандыру түрі пайда болады

Жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалардан сақтандырудың пайда болуы сақтандыру салығының енгізілуін және оны жұмыс беруші төлейтінін білдіреді. Бұл арада Эсторияның Еңбек мәселелері бойынша әлеуметтік істер министрлігінің вице-канцлері Янар Хольмның айтуынша, жұмыс берушілердің салық жүктелімін арттырмайтын шешімді табудың қамы ойлануда.

«Есептеулер бойынша, бұл жылына бір адамға шаққанда 25-54 еуроны құрайды. Енді таяудағы екі ай бойы Қаржы министрлігімен бірге жұмыс күшіне жұмсалатын шығынды ұлғайтпайтындай мүмкіндік іздеп табу керек. Мысалы, қандай да шығындарды қайта қарап, қандай да салықтардың мөлшерлемелерін азайту. Қаржы министрлігімен сөйлескен соң мұндай нұсқалар тіпті жоқ болып шығуы да әбден мүмкін. Ол уақытта тағы ойланамыз», - деді Хольм.

Эстонияның қаржы министрлігі осындай жағдайға әлі түсінік бергісі келмейді. Сақтандыру фирмалары одағының басшысы Март Йессе жаңа сақтандыру жүйесі пайда болғанда, жұмыс берушілердің шығындарының өсуін болдырмау үшін қазіргі уақытта айтарлықтай үлкен болып табылатын жұмыссыздықтан сақтандыру салығын төмендету жеткілікті.

Осының негізінде бір адам үшін төленетін сома ненің негізінде пайда болатыны әлі белгісіз: қазіргі уақытта бірнеше нұсқа бар – жалақы пайызы түрінде және бір қызметкерге тиянақталған мөлшерлеме түрінде немесе тәуекел деңгейі жоғары жұмыс орындары үшін қандай да арнайы шешімнің болуы.

Қазір жұмыс орнындағы жазатайым оқиға кедейлікке әкеп соғады

Мұндай сақтандыру түрі не үшін керек? Хольм қазіргі уақытта жұмыс орнында жарақат алған адамдардың басым көпшілігі құр қол қалады. Мақсат – жұмыс орнындағы жазатайым оқиға нәтижесінде зардап шеккен адамға өмірінің соңына дейін табысты қамтамасыз ету.

«Қазір олардың Аурухана кассасы сақтандыру түрі бар, және қандай да ем беріліп те жатқан шығар, бірақ көбісі үшін бұдан әрі бұл кедейлікке ұшырау дегенді білдіреді. Бірлі-жарымы ғана сотқа береді, өйткені басқалары үшін оған мүмкіндік те жоқ», - деп мәлімдеді вице-канцлер. Егер сотқа шағымданса, жұмыс берушінің күнәсін дәлелдеу қызметкерге түседі.

Мысалы, 2004-2015 жылдары 111 сот шешімі шығып, олардың 63 пайызы кәсіби ауруларға және 37 пайызы жұмыс орнындағы жазатайым оқиғаларға қатысты болды. 67 жағдайда қызметкерге келтірілген залалдың орны толтырылсын деген шешім шығарылды. Сонымен бірге, 2016 жылы жұмыс орнында 5000 аса жазатайым оқиға тіркелді, және, бұл Эстонияда орын алып жатқан оқиғалардың барлығы болмаса керек.

Кәсіби одақтардың орталық одағының басқарушысы Пеэп Петерсон құрылатын жаңа жүйе жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәдениетін өте жақсы дәрежеде жақсартуы тиіс деп байқайды: "Қазіргі таңда жұмыс аясындағы тәуекелдердің барлығын салықтардан бірдей төлейміз, және бұл бассыздыққа әкелген сияқты. Жұмыс берушілердің жартысы тәуекелдерге талдау жүргізу қажеттілігіне пысқырып та жатқан жоқ: мемлекет төлеп жатса, бұл олардың мәселесі емес демек. Бұны бұдан әрі жалғастыра беруге болмайды: жақсы жұмыс беруші жөнінде ақпарат жиналып, оның шығындары өзінің қызметкерлерінің қамын ойламаған адамдардың шығындарымен салыстырғанда төмендеуі тиіс".

Қазіргі жүйеде жұмыс орнындағы жазатайым оқиға немесе кәсіби қызмет нәтижесінде алынған аурулар бойынша өтемақыларға жұмсалатын шығындардың басым көпшілігі Аурухана кассасы мен Әлеуметтік сақтандыру департаментінің қаражаты есебінен толтырылады. Іс жүзінде жұмыс берушілердің жауапкершілігі шағын-ақ. Жаңа жоспарға сәйкес сақтандыру зардап шеккеннің емі мен оңалту шығындарын төлеп, оған айлық табысқа да кепілдік етуші еді.

«Өтемақы мөлшерінің қандай болуы мүмкін екендігі бұдан әрі талқыланады", - деді Хольм. Бүкіл жүйенің құны 2016 жылдың бағасымен 31 миллион еуро шамасында болуы мүмкін, бірақ нақты бағасы қабылданатын шешімдерге байланысты болады.

Сонымен қатар жоспарланатын сақтандыру жұмыс берушінің де тәуекелдерін азайтуы тиіс. «Қазір жұмыс берушілер бұны сезбейді, себебі сотқа шағымданатын адамдардың саны өте аз. Десе де, сотта талап ететін сомалары әдетте өте үлкен», - деп байқайды Хольм.

Йессенің айтуы бойынша, жақсы сақтандыру жүйесі жұмыс берушілерді жұмыс аясын да, жұмыс барысында да барынша қауіпсіз етуге ынталандыруы тиіс. «Осылайша, сақтандыру салықтары жұмыс берушінің жеке тәуекел деңгейіне негізделуі тиіс, сонда ол жұмыс аясын жақсартуға өзі де мүдделі болады", - деп байқады Йессе.

Жеке әлде мемлекеттік сақтандыру ма?

Сонымен бірге мұндай сақтандыру түрін жеке әлде қоғамдық-құқықтық етіп белгілеу керектігі талқылануда. Хольм өз даусын жеке сақтандыруға беріп отыр.

«Жеке сақтандыру нарығында бұндай өнім бар: Скандинавия елдерінің көбісінде жұмыс берушілер қызметкерлерін сақтандыруға міндетті. Сонымен бірге бұл ішінара жеке, ішінара – қоғамдық-құқықтық сақтандыру да болуы мүмкін», - деп ойластырады вице-канцлер.

"Бізге тышқан аулайтын мысық керек. Ал оның түр-сипаты мен жынысы маңызды емес. Жұмыс берушілердің орталық одағы бұл мәселе бойынша біресе бірін, біресе екіншісін талап етіп, қоғамды келеке еткеніне 20 жыл өтті. Оның пікірінше, жеке сақтандырудың артықшылығы жүйені тез арада нарыққа шығаруға болатындығында – қызмет нарықта бұрыннан бар ғой.

Март Йессе де сақтандырушылар жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалардан сақтандыруды қазір-ақ ұсынып жатыр, және кәсіпорындар да бірте-бірте тәуекелдерін азайту қажеттілігін түсініп жатыр, қажетті инфрақұрылым мен біліктілік бар, ал жүйені басынан бастап құрып жатудың керегі жоқ деп байқайды.

«Сонда да, мен басымыз дауға қалар деп сенбеймін» Егер заңда қандай жағдайда, кімге және қанша төлеу керек екендігі нақты белгіленсе, тайталасқа түсудің де қажеті болмай қалады", - деп айтады Йессе.

Ол жыл сайын жол сақтандыруда 35 000 аса сақтандыру жағдайлары орын алады және олардың ішінде 200 дейіні келісімшарттық сақтандыру органдарына түсіп, бұл жерде кейбірі ғана жеке залалмен байланысты болған мысалды келтірді: «Жолды сақтандыру жүйесі өте жақсы жұмыс жасайды, және зардап шеккеннің мүдделерін қорғайды, жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалардан сақтандыру жүйесінде барлығы басқаша болады де ойлаудың ешқандай себептері жоқ», - деп санайды Йессе.

Дерекнама: https://rus.postimees.ee/4451905/dlya-rabotnikov-poyavitsya-novaya-strahovka

Фотосурет rus.err.ee сайтынан алынған

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру