bs-preloader__icon
ru kz
✕

БЖЗҚ белсенді салымшыларының саны артты

БЖЗҚ белсенді салымшыларының үлесі әлеуетті клиенттердің жалпы санының шамамен 76%-ын құрайды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз-қызметі.
БЖЗҚ белсенді салымшыларының саны артты

Жеке зейнетақы шоттарының жалпы санынан міндетті шоттар бойынша 8 730 мың шоттың өзі жұмыс істейтін салымшыларға тиесілі.  

Бұл көрсеткіш жұмыспен қамтылған халық санына сәйкес келеді (2019 жылғы 1 қаңтардағы 8 695 мың адам). «Осыдан еліміздің жұмыспен қамтылған халқы жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толық қамтылған деген қорытынды жасауға болады. 2019 жылдың 1 қаңтардағы ЖЗШ саны 10,4 млн шотты құрады, оның ішінде 9,8 млн міндетті зейнетақы жарналары бойынша, 479,5 мың міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша және 47 803 ерікті зейнетақы жарналары бойынша», - деп БЖЗҚ релизінде хабарланады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша жылына кемінде бір жарнаны жүзеге асыратын белсенді салымшылардың саны 6 407 мыңды құрады. Жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді. Салыстыру үшін, 2017 жылы ол 5 914 мыңды құрады.

«Жылына 12 жарна бойынша 3 млн шотқа, 6-дан 12-ге дейін жарна – 5 млн шотқа түсті. Әр салымшының орташа жарна саны 2018 жылда 9-ға тең. Салымшылардың 50%-дан астамы әлі де 5 жылдан аз уақыт міндетті зейнетақы жарналарын аудару өтілі бар, ал салымшылардың 75%-дан астамы 10 жылдан аз еңбек өтілі бар», – деп атап өтті ұйымның баспасөз қызметі.

ЖЗЖ қызмет етуінің бүкіл кезеңі ішінде тұрақты МЗЖ жүзеге асыратын салымшылардың зейнетақы жинақтарының орташа сома ер адамдарда 5,1 млн теңге және әйел адамдарда – 3,9 млн теңгені құрады.

Фотосурет: https://www.enpf.kz сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жинақтаушы сақтандыру едәуір ыңғайлы болуда
Жинақтаушы сақтандыру едәуір ыңғайлы болуда

Өткен жылдың аяғында Салық кодексіне өзгеріст...

Миллионер-зейнеткер қалай бола аламыз
Миллионер-зейнеткер қалай бола аламыз

Сізде тіпті алты сандық жылдық табысыңыз болм...

5 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының көлемі екі есеге артты
5 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының көлемі екі есеге артты

2019 жылдың шілде айының соңына қарай қазақстан...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру