bs-preloader__icon
ru kz

Қаржыны мінсіз жоспарлаудың 7 қарапайым ережесі. Ақшаны орынды басқарудың дайын тәсілін ұсынамыз

Қаржыны мінсіз жоспарлаудың 7 қарапайым ережесі. Ақшаны орынды басқарудың дайын тәсілін ұсынамыз

1. Бюджетті жоспарлау ережесі: 20-30-50

Бюджетті жоспарлау ережесі келесі түрде орындалады:
• Кірістің 20%-ын міндетті түрде ұзақ мерзімді мақсаттарға қалдыру (мысалы, зейнеткерлікке шығу) немесе берешекті төлеуге жіберу керек.
• 30% - бұл тұрғын үйге кететін ең көп сома болуы керек.

• Кірістің 50%-ын қалған басқасына жұмсауға болады.
Түрлі қажеттіліктерге кететін шығындар сомасын бөлу тәртібі дәл жоғарыда көрсетілгендей болуы керектігін атап өткен маңызды:  алдымен үнемдейміз немесе берешекті өтейміз және содан кейін ғана басқасына жұмсаймыз.  
Бұл ереже салауатты қаржылық өмірді сақтауға және қаржылық мақсаттарға жетуге, одан басқа, үнемдеуге көмектеседі.  
Егер сіз кірісіңіздің 20%-ын үнемдей алсаңыз, онда сіз көптеген адамдардан әлдеқайда табыстырақсыз және өз мақсатыңызға жақынсыз, себебі көп адамдар ақша үнемдей де алмайды, тіпті ол туралы ойланбайды да.
30% - бұл сіздің баспанаға бөлетін қаражатыңыз, яғни ол жалдау немесе ипотека болсын. Егер сіз осы қатынасты ұстансаңыз, онда бұл басқа шығындарды онша шектемеуге мүмкіндік беретін, оңтайлы шешімге айналады.  
Егер сіз баспанаға 31% жұмсай алсаңыз, онда сіз осы 1%-ды басқаның есебінен алатыныңызды түсінуіңіз керек. Сіз оны не үнемдеудің 20%-ынан немесе басқа шығынның 50%-ынан шегересіз.

2. 6-ға көбейтілген ай сайынғы шығындар – бұл сіздің сақтық қорыңыз

Сізде күтпеген шығындар жағдайына қорыңыз бар ма? Сарапшылардың айтуынша, бұл қор сіздің ай сайынғы шығындарыңыздың алты есе сомасын құрауы керек.  
кейбіреулердің есептеуінше, сомасы 12 айдағы шығындар сомасына тең болатын қор құру керек, біреулер үш ай дейді.  
кез келген жағдайда, қаржы жоспарлау саласындағы барлық сарапшылар бұл қордың қажеттігін айтады.  
Себебі біз қандай жағдайлар болатынын білмейміз. Адамдарда айтарлықтай қаржы салымдарын  қажет ететін мәселелер болады, уақытша еңбекке жарамсыз болып қалады, оларды жұмыстан шығарады, денсаулығы жарамай қалады.
Кез келген осы жағдайларға ақша қоры болуы тиіс, бұл өмірдің қиын кезеңін ауыртпалықсыз өтуге мүмкіндік береді.
3. Ипотека көлемі 2,5-ке көбейтілген сіздің кірісіңіз

Бұл сіздің кірісіңіздің 30% ипотека төлеуге мүмкіндік беретін табысты қаржы жағдайына арналған тағы бір формула. 
Сіздің бір жылда алатын сома кіріс деңгейіне алынатынын түсінген маңызды.  
яғни, егер жылдық кірісті 2,5-ке көбейтсе – бұл сіздің ипотекалық несие ала алатын оңтайлы сомаңыз болады.
4. 120-дан сіздің жасыңызды азайту — инвестициялау формуласы

Сіз инвестициялық портфолио құрған кезде, активтерді орналастыру қиындық тудыруы мүмкін.  
Бұл шынымен де оңай мәселе емес, және оны жақсы кезге қалдыру сізе ақша тұруы мүмкін.  
Бірақ, қуанышқа орай, сарапшылар сізге активтеріңізді оңтайлы орналастыру үшін мінсіз формула ойлап тапты.  
Акцияға салынған қаражат пайызы, 120 азайту сіздің жасыңыз. Егер сіз 40 жаста болсаңыз, онда акцияға 80% салу керек, және облигацияға 20% салу керек. 
Сіздің жасыңыздың ұлғайғанына қарай, сіз көбірек облигацияларға және аздап акцияға салым салатын боласыз. 
Бұл ең қарапайым формула, бірақ ол керексіз таңдау бейнетінен босатады.

5. 25-ке көбейтілген кіріс зейнетақыға үнемдеу формуласы

Зейнеткерлкке шығу үшін сіз қанша ақша үнемдеуді жоспарлап жүрсіз? Бірқатар сарапшылардың пайымдауынша, зейнеткерлікке шығу үшін кірістің 4% -ын қалдыру керек.  
Егер сіз жылына бар болғаны 4% қалдырып отырсаңыз, сіздің жинақтарыңыздың зейнеткерліктегі барлық қалған өміріңізге жететіндігінің мүмкіншілігі жоғары.  
Бұл барынша сақтанымпаз тәсіл, себебі сіздің кірісіңіз шығындарыңыздан әлдеқайда артық, бірақ зейнеткерлікте сіздің шығындарыңыз қандай болатынын ешкім болжай алмайды.
6. Кіріске/10-ға көбейтілген жасыңыз  — мінсіз капитал формуласы

Бұл формула ең алдымен американдықтар үшін жасалған, сондықтан біздің елде ылғи қолданыла бермейді. 
Сонда да, сарапшылар оның өз басымдықтары бар екенін айтады.
Ең алдымен әңгіме өз жағдайыңды әріптестеріңнің немесе достарыңның капиталымен салыстыру және мақтану туралы емес.  
Әңгіме өз үдерісіңді қадағалау және ұзақ мерзімді қаржы жағдайын жоспарлау туралы.  
7. 10-ға көбейтілген сіздің бүгінгі еңбекақыңыз өмірді сақтандыру сомасы

Кейбірде өз өміріңізді қай сомаға сақтандыру керектігін анықтау қиын.  
Алайда көп адамдар өмірін сақтандыру туралы ойланады, себебі өмірде түрлі жағдайлар болып жатады.  
Егер сіздің отбасыңыз бен балаларыңыз болса, бұл өміріңізді сақтандыруға ойланатын жақсы себеп.

Дереккөз:: https://www.vestifinance.ru/articles/98318

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру полисін сатып алу: сегіз қадам
Өмірді сақтандыру полисін сатып алу: сегіз қадам

Егер сіз бұрын ешқашан жасамаған болсаңыз, өмі...

Қазақстанда өмірді сақтандыру өсімді бастан кешіруде - ҚҚҚ
Қазақстанда өмірді сақтандыру өсімді бастан кешіруде - ҚҚҚ

Қазақстанда өмірді сақтандыру зейнетақы жина...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру