Ұйымдастырушылар – П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі (Алматы), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, сонымен қатар «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ.
- Біржан Ескендірұлы, бүгінгі таңда Қазақстанда көптеген шығармашылық байқаулар өткізіледі. Сіздің байқауыңыздың ерекшелігі неде?
- Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қазақ халықтық-кәсіби музыкасының жаңаруы мен дамуы үшін үлкен перспективалары ашылды. Қоғамымыздың түрлі топтары арасында бастауы ғасырлардың түбінен, көшпенді өмір салтының дәуірінен алатын халық музыкалық аспаптарын, дәстүрлі ән өнерін зерттеуге және меңгеріп алуға ниеті пайда болды. Қазақстанның түрлі өңірлерінде неше түрлі байқаулар ұйымдастырылады, олардың мақсаты дарынды жастарды қолдау болып табылады. Бүгінгі таңда байқаулардың дәстүрі батыс облыстарына қарай, сонымен қатар Астанаға қарай жылжып келеді.
«Көшпенділер әуені» байқауының ұйымдастырылуы бір байқауға қазақ халық орындаушылық өнерінің – домбыра, қобыз, дәстүрлі ән айту – негізгі бағыттарын біріктіру міндетін алға тартқан. Байқаудың әрбір номинациясы «Құрманғазы» (домбырашылар арасында), «Қорқыт» (қобызшылар арасында) және «Мұхит» (халық әнінің орындаушылары арасында) ұлы қайраткерлердің есімдерімен аталған.
Бұл байқаудың ерекшелігі педагогтың рөліне баса назар аударылады. Ережеде жүлделі ақшаның 50% лауреатты дайындаған педагог алуы тиіс деп жазылған.
Биыл «Көшпенділер әуені» ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ұйымдастырған «ЖасStar» Шығармашылық жастардың халықаралық фестивальінің толық құқықты серіктесі болды, бұл жобаның шектері мен аясын кеңейтетіні, сөзсіз.
- Өзіңіздің алғашқы байқауыңызды есіңізге түсіріңізші...
- Ол Литваның астанасы Вильнюс қаласында Даварионос атындағы жас пианистердің халықаралық байқауы болған. Мен ол кезде бар болғаны 6 жаста едім. Әрине, мен ата-анаммен бірге бардым. Ең қызығы, мен ол кезде мүлдем қобалжымадым, бұл менің жасыма байланысты болған шығар. Нәтижесінде мен дипломант атандым. Сол кез менің есіме ерекше сақталды, өйткені мен басқа бір ғаламға түскендей болдым. Еліміз бір КСРО болғанымен, бұл қала біздікілерден ерекшелінетін. Адамдар да басқа – нағыз еуропалықтар.
- Байқауға қатысушыларға қандай бата берер едіңіз?
- Ең алдымен, қобалжымау керек. Конкурстық бағдарламаны орындау кезінде жинақы болуы шарт. Алға ұмтылып, ештеңеден қорықпау керек. Және де ең бастысы, дайын болуы керек. Ал бұған біз үлкен дайындық кезінде ғана қол жеткізе аламыз. Байқауға қатысу – бұл көп айлық дайындықтың нәтижесі. Сондықтан дайындық керек!
- Сіздің ұстаздарыңыз Сізге қандай басты сабақ берген?
- Менің көптеген оқытушыларым және ұстаздарым болды. Сондықтан мен үшін ең басты сабағым бұл өзіне ұнайтын жолды таңдау болып табылады. Қызығушылықты тудыратын іспен айналысу. Жүректің түбіне жететін музыканы тыңдау. Көпшілікке пайда алып келетін жобаларды іске асыру.
- Сіздің ең сүйікті халық әніңіз бен күйіңіз.
- Мен қазақ халық әндерін өте жақсы көремін, әсіресе «Ақ баян» әнін оның қарапайымдылық пен бірегейлілігі үшін жақсы көремін. Әр түрлі музыканы ұнатамын. Ең бастысы ол дарынды композитормен жазылып, талантты музыкантпен орындалса болғаны. Бұл ретте ол музыканың стильі мен жанры маңызды емес. Ал өзім әсерлі сөздер мен әдемі әуені үйлесімін тапқан, әндерді айтқанды ұнатамын.
- Сіздің балалық және жастық шағыңыздан музыкамен байланысты естеліктеріңіз?
- Менің жасым төртте болғанда, әкем мені концертке алып барды. Ол бір мерекеге байланысты ұйымдастырылған үкіметтік концерт болды. Мен көптеген номерлерді көрмей, ұйықтап қалыппын. Бірақ Нұрғиса Тілендиевтің басшылығымен «Отырар сазы» оркестрі ойнай бастаған кезде, оянып кеттім. Маған дирижердің манерасы және мен естіген шығарма қатты әсер еткен. Меніңше, ол «Махамбет» поэмасы болды. Халық аспаптарының үні, ол керемет шығарманың әуені менің балалық жаныма терең түрде сақталып қалды. Ол кезде бұл менің қазақ халық музыкамен алғашқы танысуым болды. Дәл сол кезде менің бүкіл өміріме із қалдырған халық аспаптарына деген сүйіспеншілік пайда болды.
Фотосурет: BNews.kz, aikyn.kz