bs-preloader__icon
ru kz

1 наурызда Қазақстан халқының саны 18,43 млн адамға жетті

2018 жылдың 1 наурызымен салыстырғанда елдегі халықтың саны 235,7 мың адамға немесе 1,3% артты деп, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетке сілтеме жасай отырып, «Қазинформ» ХАА корреспонденті хабарлады.
1 наурызда Қазақстан халқының саны 18,43 млн адамға жетті

Атап айтқанда, есепті күні жалпы саннан қала халқының саны 10 млн 721,5 мың адамды немесе 58,2%, ауылды жердегі халықтың саны - 7 млн 710 мың адамды немесе 41,8% құрады.

Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында республикада 1 жасқа дейін 615 сәбидің (өткен жылдың қаңтар-ақпан айларында - 587) шетінеп кетуі тіркелді. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1 жасқан дейін шетінеген бала саны 4,8% артты. 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында сәби өлімінің коэффициенті 1000 туылған балаға 9,9 (9,31) құрады.

Сәби өлімінің негізгі себебі перинатальді кезеңде туындаған жағдайлар болып табылады, бұл жағдайдан қаңтар-ақпан айларында сәбилер арасында өлу жағдайларының жалпы санынан (44,5%) 323 сәби (261), немесе 52,5% шетінеп кетті. Туа біткен ауытқудан шетінеген сәбилер саны 113 (138), немесе 18,4% (23,5%), тыныс алу органы ауруларынан - 56 (53), немесе 9,1% (9%), жазатайым жағдайлардан, уланудан және жарақат алудан - 19 (23), немесе 3,1% (3,9%) құрады.

Өткен жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда осы жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға келген адам саны 16,2% азайды, кетіп қалған адам саны - 16,2% артты. Елдің негізгі көші-қон алмасуы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен болады. ТМД елдерінен келген және осы мемлекеттерден кетіп қалған үлестер 85,5% және сәйкесінше 89,5% құрады.

Елдің аумағына көшіп келетін мигранттар саны 3,7% артты. Аймақ аралық көшу бойынша халық миграциясының оң сальдосы елдің бес аймағында– Батыс Қазақстан (7 адам), Маңғыстау (69) және Түркістан (142) облыстарында және Нұр-Султан (4 146) және Алматы (4 632) қалаларында құрылды.

Дереккөз: Қазинформ.

Фото: Bnews.kz, Zakon.kz.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы: танымал шәйдің күтпеген пайдасы аталды
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы: танымал шәйдің күтпеген пайдасы аталды

Барлығына танымал шәй сұрыбының бірінің қанда...

Зейнетақыда бес табыс көзі аталды
Зейнетақыда бес табыс көзі аталды

Егер Сіз 401 (k) IRA (зейнетақы жинақ) шотына жеткіл...

Қаржылық жоспарлау және сақтандыру
Қаржылық жоспарлау және сақтандыру

Өзінің материалдық әл-ауқатын жасай отырып, ак...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру