«Номад LIFE» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев Lifeinsurance.kz сайтына берген сұхбатында компания не үшін байқау ұйымдастырушыларының бірі болуға шешім қабылдағаны, сонымен қатар рухани құндылықтар неліктен өмірді сақтандыруда да соншалықты маңызды екені туралы әңгімелеп берді.
- Былтыр бізге Алматы музыкалық колледжінің директоры Біржан Хасанғалиев келіп, бүкіл Қазақстаннан талантты жастарға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін байқауды ұйымдастыру идеясымен бөлісті, – сол кезде біз қолдау көрсетуге өз келісімімізді бердік, – дейді Қайрат Садырбаевич. – Бұл ерекше бағыт, үздік музыканттар әуесқойлар ішінен емес, алайда әлі де кәсіпқойлар еместердің ішінен айқындалады. Олар еліміздің музыкалық колледждерінің студенттері, қазәр олар өз музыкалық мансаптың басында тұр. Мен байқауға қатысушыларын бақыладым – жасқаншақ, нәзік қыздар мен жігіттер, ал сахнаға шыққан соң таланттарын көрсеткенде, тынысым тарылады. Олар сондай қуатты энергетиканы жібереді, олардың бойында керемет ерекше дарындылығы бар. Келешекте ауқымды халықаралық шараларда еліміздің даңқын асыратын, республиканың игілігіне айналатын он шақты қатысушылардың ішінен бөліп шығару үшін осындай байқаулардың рөлі маңызды.
Сонда біз бірге отырып, байқаудың атауын ойлап таптық, ол біздің Компаниямыздың брендіне тікелей қатысы бар – Номад (көшпенділер). НОМАД LIFE қоғамдық миссиясына ұлттық құндылықтарды сақтау идеясын тарату жататындығын атап кеткен жөн. Өзіміздің жобаларымыз арқылы біз ата-бабамыздың мәдениеті, тарихы, білімі туралы баяндап қана қоймай, жастардың дамуына өз үлесімізді қосудамыз.
- Сіздің ойыңызша, неге рухани құндылықтар, оның ішінде өмірді сақтандыру саласында соншалықты маңызды болады?
- Рухани құндылықтар өлшеуге келмейтін және бағалауға мүмкіндігі жоқ қоғаммен белгіленген идеалдарды білдіреді. Әрбір адам оның ата-анасы, тәрбиешілері, мұғалімдері, достары беретін өзінің құндылықтар жиынтығымен өсіп келеді. Бұлар адалдық, жауапкершілік, бірінші кезекте өзіне, содан кейін қоршаған адамдарға деген сүйіспеншілік, жаны ашу, ата-анасына махаббат, өмірдің кез келген түріне сыйластық, отбасына деген махаббат. Өйткені өмір тек қана материалдық игіліктерден ғана құрылмаған, адамдар тек қарнын тойдыру үшін өмір сүрмейді ғой. Ал біздің қызметіміздің басты бағыты – бұл жақындарын қорғау, отбасына қамқор болу. Сондай-ақ, біздің компаниямыз қолдау көрсеткен жобалардың барлығы қалай болғанда да рухани құндылықтарды дәріптейді.
- Сіз үшін қандай құндылықтар басты болып табылады?
- Егер рет-ретімен және қысқаша айтатын болсам, онда, әрине, бұл отбасы және жақындарым, балаларымның дамуы, өзін-өзі дамуы, айналамдағы адамдар және жұмысым. Сонымен қатар мен араласып жүрген жақсы адамдармен қарым-қатынасымды қадірлеймін.
- Сіз байқауға жыл сайын қолдау көрсетесіз бе? Сіз тағы қандай ұйымдастырушылық процестерге қатысасыз?
- Бұл біздің тағы бір жағымды дәстүрлердің біріне айналатынынң сенемін. Мен жоғарыда айтқанымдай, біз мәдени, тарихи, білім беру жобаларға қолдау көрсетуге тырысамыз, оның ішінде ҚР Ұлттық мемлекеттік мұражайымен бірлесіп жұмыс жүргізу. Төрт жыл бойы біз Мұражайдың сирек қорынан алынған бірегей жәдігерлер салынған күнтізбелерді жасаймыз.
Әрине, бұған «Номад» сақтандыру тобымен «Спарта Номад Астана» КТК (КВН) қазақстандық командасын қолдауды жатқызуға болады. Жігіттер КТК жоғары лигасының, сонымен қатар 2017 жылы КТК Жазғы кубогының жеңімпаздары атанды.
Егер білім беру жобалары туралы айтатын болсақ, биыл біздің компаниямыз актуарлық курстарда білім беру грантын иеленуге байқаудың ұйымдастырушысы болды. Бұл жоба алғаш рет өткізілді, оны ҚР Ұлттық Банкі және Қазақстанның актуарийлері қоғамы қолдады.
- Сізге қазақ әндерінің ішінен қайсысы ұнайды?
- Мен Батырхан Шукеновтың хиттерін, «МузАрт» репертуарын, Роза Рымбаеваның әйгілі әндерін, қазіргі заманауи орындаушыларды да тыңдаймын.
Анықтама
«Көшпенділер әуені – 2018» байқауы осы бағыттағы дарынды жастарды қолдау, кәсіби музыкалық орындаушылық шеберлігінің деңгейін көтеру және жастардың бойында ұлттық музыкаға деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының музыкалық мұрасын келешек ұрпақтары үшін сақтау мақсатында өткізіледі. 2017 жылдан бері өткізіліп жатқан бұл байқауға республиканың музыкалық колледждерінің студенттері қатысады.
Байқаудың үш номинациясы бар: «Құрманғазы» (домбырашылар арасында), «Қорқыт» (қобызшылар арасында) және «Мұхит» (халық әнінің орындаушылары арасында).
Гран-придің иегері 300 000 теңге мөлшерінде ақшалай жүлдеге ие болады, бірінші орынға – 250 мың теңге, екінші орынға – 150 000 теңге, үшінші орынға – 100 000 теңге берілсе, дипломанттарға – 50 000 теңге беріледі. Бұл сома орындаушы мен оны дайындаған педагог арасында бөлінеді.
Байқаудың қазылар алқасының құрамына Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткерлер, ЖОО профессорлары мен республиканың музыкалық колледждерінің оқытушылары кірді. Мысалы, былтырғы жылы І Республикалық байқаудың қазылар алқасының құрамына дәстүрлі өнердің танымал майталмандары – Елмұрат Үсенов, Раушан Мұсаходжаева, Шолпан Заданқызы және т.б. болды. Ол кезде байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен музыкалық оқу орындарының шамамен 100 студент қатысты.
Суретте:
1. Қайрат Чегебаев, Айғаным Ихсанова, «Көшпенділер әуені-2017» І Республикалық байқауының Гран-при иегері, Біржан Хасанғалиев.
2. Қайрат Чегебаев, Біржан Хасанғалиев.