bs-preloader__icon
ru kz en

Көктемде аллергиямен ауратын адамдар не істеу керек

Аллерголог және иммунолог дәрігерлер Владимир Болибок және Алексей Бессмертный ТАСС-қа маусымдық аллергия дегеніміз не, ол қайдан шығады, оны қалай емдейді және неге осы аурумен маманға жүгіну керек екенін түсіндірді.
Көктемде аллергиямен ауратын адамдар не істеу керек

Әртүрлі бағалаулар бойынша, Ресейде 3-7% адамда аллергиясы бар. Алайда ең бастысы — ауру бірте-бірте өршіп келеді. Әдетте поллиноз қауіп төндірмейді, бірақ бұл жағымсыз ауру: бір іске зейін қоюға, түнде дұрыс ұйықтауға кедергі келтіреді.

Жиі маусымдық аллергия кезінде науқастар түшкіреді, мұрын ісінеді, мұрыннан су ағып, көздер қызарады және жасаурайды. Сондықтан поллинозды кейде тұмаумен шатастырады, әсіресе бұрын бұл аурумен ауырмаса. Ауыр жағдайларда адамдар демікпе кезіндегідей демала алмай қалады, олардың беті немесе дененің басқа бөліктері ісінеді, басы ауырады, дене қызуы көтеріледі, терісінде қызыл дақтар пайда болады.

Сізде аллергия бар ма және неге аллергия бар екенін қалай анықтауға болады?

Алдымен терапевтке барып, ол сізге маманның кеңесі қажет пе жоқ па шешу керек. Алайда бірден аллерголог маманның көмегіне жүгініп, тестті тапсыруға болады. Дәрігер теріге әр түрлі заттарды қойып, қандай заттарға тітіркену басталатынын қарайды. Сонымен қатар қанды антиденелерге, мұрыннан жағындыны (бұл риноцитограмма деп аталады) тапсыруға болады, өкпе дұрыс жұмыс жасайды ма тексеруге болады. Аллерголог әрбір мемлекеттік емханада болмауы да мүмкін, бірақ жеке емханаларда олар бар.

Поллинозды қалай емдеуге болады?

Поллинозды емдеудің екі тәсілі бар. Біріншісі – аллерген – ерекше иммунотерапия (АСИТ), ағзаны аллергенге үйретіп қояды: оны терінің астына екпе ретінде енгізіп, немесе тілінің астына тамшылайды, немесе оның иісін иіскеп немесе ішкізеді, бірте-бірте дозаны көбейтеді. Екпе ұзағырақ әрекет етеді, оны айына бір рет қана салады, ал тілдің астына тамшыларды гүлденудің алдын үш-төрт ай бұрын және гүлдің тозаңдануы мезгілінде бере бастайды. Емнің екі-үш жылдың ішінде науқастардың барлығы дерлік жағымсыз симптомдарды ұмытады, бұл әсер бірнеше жылға созылады.

Екінші әдіс – маусымдық емдеу, гүлдеу кезінде науқастар дәрі-дәрмектерді қабылдаған кезде – антилейкотриендер, гистаминге қарсы дәрілер және мұрын жұтқыншағында ісіну мен қабынуды басатын стероидтар. Адамдар гистаминге қарсы дәрілерден көбіне бас тартады, өйткені ол дәрілерден ұйқы келеді. Ескі препараттардың сондай әсері болған, бірақ қазіргі заманауи дәрілерден — лоратадиннен, цетиризиннен — ұйқы келмейді.

Гүлдену кезінде шыпышты қабыққа тозаң едәуір аз түсу үшін, көзілдірік, маска немесе мұрынға арналған арнайы сүзгілерді кию керек. Бұл қандай ауру екенін түсінуге көмектеседі. Егер сіз аллергия жайында сенімді болмасаңыз, онда сіз аллергологқа баруыңыз керек.

Сонымен қатар сіз аллергия мезгілінде тозаңнан алыстау жерге кеткеніңіз жөн. Адамдар аллергендерден бірнеше жыл бұрын қашқақтап жүріп, аллергиядан құтылған жағдайлар да белгілі. Тозаңның концентрациясын енді «Яндекс. Погода» сервисі арқылы бақылауға болады, оның саны ауада қаншалықты маңызды екенін енді картадан көруге болады. алайда бұл мәліметтер әзірше Ресейдің батыс өңірлері, Белорусь, Украина, Молдова, Абхазияның кейбір бөлігі үшін ғана бар.  

Поллинозды алдын алуға болады ма?

Аурудың алдын алудың дәлелденген әдістері жоқ: поллинозды алдын алу мүмкін емес, ал оның көп бөлігі тұқым қуалаушылықпен алдын ала анықталған. Бірақ тәуекелдерді төмендетуге болады. Жоғарыда айтылғандай, аллергияның дамуына ауа тазалығы әсер етеді. Терезенің артында ауамен ештеңе жасамайсың, ал үйде шаң ұшып жүрмес үшін бақылау керек. Балаларды консерванттар мен бояғыштар бар тамақты бермеу керек – бұл да қауіпті фактор.

Дереккөзі: https://nauka.tass.ru/nauka/8146721

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру