2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа ведомство – Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі жұмысқа кірісті. Агенттік басшылығы өз жұмысының бірінші айында сақтандыру нарығының өкілдерімен диалогқа шықты.
Агенттік басшысы Мәдина Әбілқасымованың төрағалық етуімен тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесін одан әрі дамыту, сақтандыру алаяқтығына қарсы күрес және сақтандыру бизнесінің жаңа бағыттары мәселелеріне арналған бірінші кездесу өтті. Осы кездесуде сақтандыру нарығын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Нарықтың өкілдері өткізілген кездесудің қорытындысына дән риза болды. «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев атап өткендей: «Реттеуші нарықтың мәселелерімен танысты, біз сақтандыру секторын дамытудың қажеттілігі мен бағыттарына, оның әлеуетін кеңейтуге қатысты бірыңғай пікірге келдік».
Жалпы сақтандыру
Өткен жылы жалпы сақтандыру компаниялары 311 млрд теңге сыйақы жинады. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 21%-ға артық. Алайда, бұл сектордағы төлемдер 12 айда 150%-ға ұлғайды. Қаржыгерлер нарыққа сақтандырудың ең танымал түрі КҚИ АҚЖ (ГПО ВТС) нарыққа ең үлкен зиян келтіреді, деп айтады. «Мысалы, Алматыда жылдық полис орта есеппен 17 мың теңге, Шымкентте – орта есеппен 6-7 мың теңге тұрады, оның үстіне ЖКО (ДТП) тәуекелі бойынша ең жоғары төлемдер 1,5 млн теңгеге бағаланады және республика бойынша аймақтық лимиттер мен төлемдер бойынша шектеулер жоқ. Бұл соманың сәйкессіздігі, бірақ біз әрбір клиентке мүдделі, сондықтан бас тарту үшін аулауды іздемейміз, бірақ сақтандыру барабар болуы тиіс. Соңғы рет КҚИ АҚЖ тарифтері 2008 жылы өзгертілді. Реттеушіге статистика мен шығынды көрсете отырып, біз жауап алдық. Тарифтер қайта қаралатын болады деген үміт бар», – кездесудің мән-жайын «NOMAD Insurance» СК» АҚ Басқарма төрағасы Дәурен Иманжанов баяндап берді.
Шетелдерде мекемелер, сауда орталықтары, концерттер ұйымдастырушылар, кинотеатрлар, клубтар не адамдардың жаппай болуына байланысты өзге де орындар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің тәуекелдерін сақтандыру олардың иелеріне қолданылады. «Сақтандырудың бұл түрі көрші Ресейде кеңінен таралған, ал бізде, өкінішке орай, жоқ. Бизнес иелерінің тәуекелдерінің туындау мүмкіндігін түсінетін өз жауапкершілігін ерікті сақтандырудың бірлі-жарым жағдайлары бар. Бұл ретте мұндай полистердің құны төмен, бірақ бизнесте бір жағдай орын алса, төлем кепілдігі болады. ТЖ пайда болған кезде, кәсіпкерлердің көбісі өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмауы мүмкін (басым бөлігінде банктерде несиелер және т.б. бар), ал сақтандырушылар халыққа төлемді қайтара алады. Сақтандыру компаниялары өздеріне жауапкершілікті алып, төлемдерді жүргізгенде, бұл әдеттегідей дұрыс қадам», – дейді Дәурен Иманжанов.
Өмірді сақтандыру
Өткен жылы өмірді сақтандыру секторы сыйлықақы жинау, жаңа клиенттер саны, төлемдер бойынша күрт өсімді көрсетті. 2019 жылы ӨСК сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 56%-ға өсіп, 197 млрд теңгеге жетті. Нарық драйвері 71 млрд теңге сыйлықақы сомасымен аннуитеттік сақтандыру болды (өсім 107%), оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде сыйлықақы 132%-ға өсті (65 млрд теңгеге дейін). Өмірді сақтандыру бойынша сыйақы көлемі 77 млрд теңгеге жетті, 2018 жылға қарағанда 41%-ға артты. Сонымен қатар, нарықта ойыншылардың саны артты. Бұл ретте мұнда құралдар тізімі үлкен емес, сондықтан сақтандырушылар бірқатар жаңа құралдарды енгізуді ұсынды. Мысалы, отандық заңнама әлі күнге дейін ӨСК-ға клиенттерге Unit linked ұсынуға мүмкіндік бермейді. «Шын мәнінде бұл құрал екі өнімнің – өмірді тәуекелді сақтандыру және инвестициялаудың симбиозы болып табылады. Гибридті өнімнің артықшылығы клиенттерге күтпеген оқиғаларды жеңуге және тұрақты жоғары пайыз есебінен жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл өнім адамдарға инвестициялау стратегиясын таңдауға мүмкіндік береді. Қазір агенттік сақтандырудың осы түрін енгізу үшін нормативтер әзірлеуде», - Freedom Finance Life Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айман Мухтыбаева өз ойымен бөлісті.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандырушылармен бірлесіп ерлі-зайыптылар зейнетақы аннуитеті опциясын әзірлейді. Статистика бойынша, әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлердің өмір сүру ұзақтығынан асады. Бұл ретте ханымдар бала күтіміне байланысты мансапта үзіліс жасайды. «Біз ұсынатын өнім ерлі-зайыптылардың екеуінің де зейнетақы жинақтарын біріктіріп, табысты әйелдің пайдасына қайта бөлуге мүмкіндік береді», – деп Nomad Life басшысы атап өтті.
Сондай-ақ сақтандырушылар кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеттерін енгізу арқылы ӨСК қатысуын кеңейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. «Азаматтардың зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда 50 және 55 жасқа толған мерзімінен бұрын зейнетақы аннуитеті шартын жасасу құқығын көздеу», – дейді әңгімелесуші.
Қайрат Чегебаев кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті құралын енгізу мемлекетке әлеуметтік жүктемені төмендетуге ықпал ететініне сенімді: «Өмірді сақтандыру бойынша компаниялар көтерген көптеген мәселелер әлеуметтік бағытқа ие. Бұл бағыт жеке секторда да, мемлекеттік құрылымдарда да жұмыс тәжірибесі бар Агенттік басшылығына өте жақсы таныс», – деді спикер.
«Қазір бізде реттеушімен ең бастысы – өзара түсіністік бар. Сейчас у нас с регулятором есть самое главное — это взаимопонимание. Бізді нарықты жетілдіруге ұмтылыс біріктіреді. Сайып келгенде, осыдан барлық қазақстандықтар жеңеді», – деп Айман Мухтыбаева қорытындылады.
«Біз Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы да тартылған бірлескен жұмысты бастаймыз. Біз өзгерістерге дайынбыз», – деді Дәурен Иманжанов.