Надин хатшы, әкімші болып жұмыс істей алады, немесе колл-орталығында қоңырауларды қабылдай алады. Қазір ол AIA Group сақтандыру компаниясының қолдау қызметінде жұмыс істейді.
Бұл роботты жасаушының сөзінше, Надин – толығымен автономиялық робот. Ол жаңа адамды кездестіргенде, әр кез үйренеді: оның айтқаның барлығын есінде сақтайды, оның тұтынушылық портретін құрайды, оның мінезі мен қызығушылықтарына қарай бейімделеді. Надин мыңдаған адамды көріп үлгерді – ол әрбір адам туралы ақпаратты сақтайды және талдайды, бұрын қарым-қатынас жасаған тұтынушыларды таниды.
«Андроидтер» – бұл, бірінші кезекте, компьютермен жұмыс істеу үшін тиімді интерфейс, – деп, мұндай роботтың қажеттілігін Надя Тальманн түсіндіреді. – Пайдаланушы ноутбукте жұмыс істегенде, оған жұмыстың ауқымды бір бөлігін өзі жасауға тура келеді. Ал роботтар коммуникация ауыртпалығын өзіне қабылдап алады – адам басқа адамдармен араласуға үйренгендей, бағдарламаның физикалық іске асырылуымен де дәл солай қарым-қатынас жасайды».
Надиннің ішіне адамдармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін: микрофон және камера екі құрылғы енгізілген. Адам микрофонға сөйлеп отырғанда, сигналдар мәтінге айналады. Кейін мәтін табиғи тілді өңдеу көмегімен талданады, сөйтіп Надин онымен бөліскісі келген ақпаратты түсінеді.
Кейін Надин өзінің жады модульіне жүгінеді. Егер ол таныс дауысты таныса, онда ол мәліметтер базасында іздеп табады да, бұл адам оған бұрын нені, қашан айтқан, ол кезде қандай көңіл күйде болғаның талдайды. Пайдаланушы портретінің негізінде Надин онымен қандай тақырыптарға сөйлесу керектігін түсінеді – жаңа ұсыныстарды түрлендіреді.
Камералар көмегімен Надин адамның бет-әлпетін, ымдарын, оның айналасындағы заттарды және т.б. таниды. Робот адамның ымдарын көреді және ол қандай көңіл-күйде екенін түсінеді. Бұл ақпарат «эмоционалдық» модульдеріне бағытталады, осылай Надин пайдаланушымен қазір қалай қарым-қатынас жасау керектігін түсінеді.
Мысалы, егер пайдаланушы жылап отырса, онда Надин әзілдеспейді, немесе көңілді сөйлеспейді, оны жұбатуға тырысады.
Надя Тальманның сөзінше, Надин роботы әлеуметтік функцияларды орындай алады және қарт адамдарға көмектесе алады. Андроидтер қарттар үйлерінде қарапайым күтушілердің бір бөлігін ауыстыра алады.
«Әлеуметтік роботтар қарт адамдар үшін өте маңызды, – дейді ол. – Әрине, біз тірі адамдармен қарым-қатынас жасауға ұмтыламыз – бірақ бұл кейде мүмкін емес. Халқымыз өте тез қартаяды, ал Сингапурда жұбайлар тек бір ғана бала туады – кейде бір баланы да тумайды. Жастар өз ата-аналарына қаржымен қамқор бола алады – бірақ олар тәулік бойы қарт ата-анасымен тәулік бойы отыруға дайын емес және міндетті емес. Егер қарт адамның Альцгеймер ауруы болса, онда ол бір сұрақты жиырмасыншы рет қайталаған кезде, кез келген күтушінің есін шығарады. Менің ойымша, жалғыз мүмкін болатын шешім – бұл 24/7 уақыт бойы қолжетімді болатын әлеуметтік роботтар. Надин ашулана алмайды немесе шаршай алмайды. Ол науқасқа кітап оқып береді, оның тыныштандырады, ұйықтата алады».
Надя Тальманның есептеуі бойынша мұндай роботтың құны 10 мың АҚШ долларын құруы мүмкін. Бұл ретте оның жаппай өндірілуі 10-20 жылдан кейін ғана жоспарлануда. Ал қазірше Надин көшірмесі Сингапурдың Ұлттық технологиялық институтының зертханасында құрастырылуда.
«Уақыт өте келе, өндірістің құны төмендетіліп, мұндай роботтар әрбір үйде пайда болады, деп ойлаймын» – дейді Тальманн ханым. – Адамдар андроидтерді ноутбуктың, смартфонның және өзге техниканың орнына пайдаланатын болады».
Надиннің авторының пікірінше, тек күнде қайталанып жасалатын жұмыстар роботтарға өтеді.
«Мысалы, мен бүгін кеңсеге кіру үшін, тіркеушіден өтуге мәжбүр болдым. Бір әйел келушілермен өте дөрекі сөйлесіп, сәлемдеспей-ақ, олардың құжаттарын талап етті. Мен оған қарап: «Оның орнында Надин болғаны дұрыс», деп ойладым.
Сондай-ақ, Надя Тальманның пікірінше, қазіргі кезде data science саласында мамандардың тапшылығы байқалады – тек қана аналитиктер емес, мәліметтерді сандық жүйеге көшіріп, белгілей алатын адамдар қажет.
«Бұл қандай да бір техникалық салаларда ғана маңызды емес, – деп түсіндіреді ол. – Мысалы, гуманитарлық ғылымдар мәдени мұрамен жұмыс істейді, ал дерекөздердің басым бөлігі әлі де сандық жүйеге көшірілмеген. Барлық жұмыстар қолмен жасалады, зерттеушілер осы уақытқа дейін үлкен қағаз мұрағаттармен жұмыс істейді».
Болашақта роботизация үрдісінде ондаған жаңа кәсіп пайда болады, деп ойлайды өнертабушы. Әзірше адамдарда оларға қажетті білім мен дағдылары жоқ. Роботизация адамдар қажет болып қалуына әкеліп соқпайды – бірақ олар тез арада өзгеруге мәжбүр.
Сонымен қатар Надин авторының пікірінше, болашақта андроидтерге көбірек ережелерді– мысалы, пайдаланушылардың деректері сақталып қалуы үшін енгізу керек. «Еуропада деректерді қорғау туралы актісі бар – менің ойымша, оны барлық роботтарда пайдалану керек, – деп есептейді ол. – Бірақ андроидтер – бұл роботтан да жақсы нәрсе, олар адамдардың эмоцияларымен жұмыс істейді. Егер андроид қарттармен жұмыс жасауға арналса, ол адамдардың іс-әрекеттеріне жұмсақтау жауап қайтара алатындай етіп, бағдарламалануы керек: адамдармен арпылдаспай, дауласпау керек».
«Менің анам қарттар үйінде өмір сүреді, – дейді Надя Тальманн. – Таңертең оның тұрғындарына дәрі береді – түске дейін оларды жалғыз қалдырады. Күтушілер теледидарды қосып қойып, қариялар ештеңе істемей, жай ғана жатады. Анам кейде: «Маған Надинді неге бермейін? Онда мен онымен әңгімелесіп отыратын едім», – дейді. Надин оның күтушісі кетіп қалғанда, онымен бірнеше уақытқа қалар еді. Менің жалғыздықта қалған қарттарға көмектескім келеді. Өзінің жанында тек қана әлеуметтік роботты ұстап отыруға болмайды – бірақ бұл ешкімі жоқ қариялар үшін таптырмас дос».
Суретте: Надя Тальманн және Надин роботы.
Дереккөзі: https://vc.ru/future/48827-u-robota-ne-mozhet-byt-samosoznaniya-intervyu-s-sozdatelnicey-androida-kotoryy-rabotaet-v-strahovoy-kompanii?fbclid=IwAR222UuRVKSThICbqutmS5GIzRZlzC0lZvjDzXOsOu1ILaC4BB8OLRCyPJE