bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 4,6 трлн теңгеге өсті

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 24,84 трлн теңгеден асты. Соңғы 12 айда өсім 4,60 трлн теңгені немесе 22,7%-ды құрады, деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 4,6 трлн теңгеге өсті

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтар 23,62 трлн теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 21,1%-ға артты. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 704,72 млрд теңге (өсім – 14,0%). Ең жоғары өсім ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша байқалды – 36,0%, олардың көлемі 9,06 млрд теңгеге жетті.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 506,66 млрд теңгені құрады.

Жинақтардың артуы зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс есебінен қамтамасыз етіледі. 2025 жылдың жеті айында зейнетақы шоттарына түскен жарналар 1,84 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,4%-ға немесе 286,31 млрд теңгеге өсті. Жеке зейнетақы шоттарына түскен қаражат көлемі – 1 508,32 млрд теңге.

2025 жылдың қаңтар–шілде айларында барлық жарналар мен сақтандыру ұйымдарына аударымдарды қоса есептегенде төлемдер 965,18 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 58,6%-ға немесе 356,54 млрд теңгеге көп.

Төлемдердің негізгі бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады – 563,03 млрд теңге.

Жасына байланысты төлемдер соңғы 12 айда 21,8%-ға өсіп, 139,52 млрд теңгені құрады. Орташа айлық төлем мөлшері 35 683 теңгені құрады.

Сонымен қатар, жыл басынан бері мұрагерлік бойынша – 41,32 млрд теңге, Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты қоныс аударуға байланысты – 23,77 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,85 млрд теңге, жерлеуге – 6,33 млрд теңге төленді. Сақтандыру ұйымдарына аударылған қаражат көлемі – 189,36 млрд теңге.

Фото ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Егер сақтандырушы төлем жасаудан бас тартса не істеу керек
Егер сақтандырушы төлем жасаудан бас тартса не істеу керек

Сақтандыру төлемін мақұлдау осы күндері өте к...

Forbes Kazakhstan өмірді сақтандырушылардың рейтингін жариялады
Forbes Kazakhstan өмірді сақтандырушылардың рейтингін жариялады

Forbes Kazakhstan KPMG Caucasus and Central Asia көмегімен оқырманд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру