bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстанда өмірді сақтандыру туралы ең үздік материалға журналисттер арасында байқау жарияланды

Халык-Life өмірді сақтандыру компаниясы журналистер арасында өмірді сақтандыру туралы үздік материалға республикалық байқаудың басталғаны жөнінде жариялады.
Қазақстанда өмірді сақтандыру туралы ең үздік материалға журналисттер арасында байқау жарияланды

Байқаудың мақсаты - сақтандыру институтының әлеуметтік маңыздылығын насихаттау және халықтың сақтандыру мәдениетін арттыру, сондай-ақ журналистерді Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығының өзекті мәселелерін жариялауға ынталандыру болып табылады.

«Өткен жылы біздің Компания отандық өмірді сақтандыру нарығының тарихында тұңғыш рет журналистер арасында Қазақстандағы өмірді сақтандыру туралы үздік материалға республикалық байқауды өткізген болатын. Байқау қорытындысы бойынша біз бірқатар қызықты материалдар алдық. Авторлар өз жұмыстарында тақырыпты қамтудың әртүрлі тәсілдерін қолданып, клиенттеріміз де өздерінің бастарынан өткен шынайы оқиғаларын ашып айтты. Біз үшін бұл байқау өте маңызды шара болды, өйткені елімізде өмірді сақтандыру мәдениеті әлі де айтарлықтай дамымаған», - деді Халык-Life ӨСК-нің Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Байқау үш номинация бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі: «Үздік бейне жұмыс (телебағдарлама, бейнесюжет, бейнерепортаж)», «БАҚ-тағы үздік жарияланым (мақала, сұхбат және т.б.)» және «Интернеттегі үздік жұмыс».

Номинациялардың әрқайсысында жеңімпаздарға 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық қарастырылған, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше 300 мың және 200 мың теңге алады.

«Қатысуға 2022 жылғы 1 қазан мен 2023 жылғы 1 маусым аралығында республикалық, облыстық, өңірлік ТВ, баспа басылымдарында, электрондық платформаларда (жарияланған, эфирге шығарылған, Интернетте орналастырылған) тиісті тақырыптағы өз материалдарын жариялаған бүкіл Қазақстанның БАҚ қызметкерлері шақырылады», - деп нақтылады компанияда.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
2024 жылғы қаңтарда ӨСК алымдардың жоғары серпінін көрсетті
2024 жылғы қаңтарда ӨСК алымдардың жоғары серпінін көрсетті

ӨСК жиынтық брутто-сыйлықақылары 2024 жылғы қаң...

Егде жастағы өмірді не үшін сақтандыру керек
Егде жастағы өмірді не үшін сақтандыру керек

АҚШ Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының м...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру