Бүгінгі таңда зейнетақы реформасы алдында бірнеше міндет тұр: инвестициялардың тиімділігін арттыру, жинақтардың сақталуы және қор нарығын дамыту, өйткені зейнетақы қорлары қор нарығын дамытудың басты драйвері болып табылған еді. Базалық нұсқасы зейнетақы активтерін жеке басқарушылық компанияларына бөліп беруді ұсынады. Мұндағы мәселе оны қалай істеу керек. Ұлттық Банк активтерді басқару бойынша компаниялар (АБК) ретінде қызметтің ерекше түріне арнаулы лицензияны алған жаңа ұйымдарды көруді қалайды.
Нарық бұл идеяға «филиалдарды» құру бойынша үлкен шығындардың кесірінен қарсы шықты. Сондай-ақ, зейнетақы нарығына ЖБК (жеке басқарушы компаниялары) шығатын болды. Қомақты шоттардың иелері (бұл ретте 10 млн теңгеден жоғары сома туралы сөз болған) ЖБК-мен инвестициялық портфельді басқару бойынша шартты жасайды, оған едәуір тәуекелді инвестицияларға сеніп, басқарушымен инвестициялық тәуекелдермен бөлісіп «артық» жинақтарды тапсырады. Ақырында зейнетақы ақшасының бөлігін өмірді сақтандыру компаниялардың басқаруына беру ұсынылып отыр. бұл жергілікті нарықта әрекет ететін БЖЗҚ аясынан тыс шығарылған зейнетақы активтерін басқарудың жалғыз үлгісі. Бұл бағдарламаны қомақты ақша (шамамен 10 млн теңге) жинаған және 50,5 жасқа (әйелдер үшін) және 55 жасқа (ерлер үшін) толған тұлғалар пайдаланады.
Қазақстанда зейнетақы жасын көтеру жағдайында (ерлер үшін 63 жасқа, әйелдер үшін 58,5 жасқа дейін және әрі қарай 2027 жылға дейін 63 жасқа дейін) зейнетақы аннуитеті зейнеткерлік демалысқа ертерек шығуға және ай сайын зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Дегенмен, зейнетақы аннуитетін барлық ниет білдірген тұлғалар пайдалана алмайды. 2017 жылдан бастап аннуитет қымбаттады. Ерлер үшін 3 млн теңгенің және әйелдер үшін 4-5 млн теңгенің орнына енді ерлер үшін 7 млн теңгеден жоғары, ал әйелдер үшін 10 млн теңгеден жоғары соманы төлеу керек.
Зейнетақы аннуитетінің сұраныста болуы құнының өсуіне байланысты күрт төмендеді, алайда өмірді сақтандыруға деген қызығушылық қолайлы деңгейде қалды. Сақтандыру секторы бойынша біріктірілген деректер өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылар оы жылдың басынан бастап 2017 жылғы осы кезеңге қатысты 49%-ға өсті. Активтерді басқару аясында өмірді сақтандыру компаниялары зейнетақы жарысының озаты болып табылмайтындығын атап кеткен жөн. Ал олардың инвестициялық қызметті кеңейту үшін барлық жағдайлары дайын. Жылдың басынан өмірді сақтандыру компаниялары (қазір нарықта 7 компания бар) клиенттерге инвестициялық басқаруды өмірді сақтандырумен біріктіруге мүмкіндік беретін, unit-linked деп аталатын өнімдерді белсенді түрде дамытып, сондай-ақ сақтандырушының пайдасына қатысып келеді.
Unit-linked бағдарламасы бойынша сақтандыру компаниясының клиентімен төленетін сақтандыру сыйлықақысы екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікті сақтандырылатын тәуекелмен тікелей байланысты қорды қалыптастыру үшін қолданады, екінші юөлік – бағалы қағаздарға салынатын инвестициялық құрамдас бөлігі. Егер қалған барлық сақтандыру бағдарламаларында клиенттің ақшасын сақтандыру компаниясы ғана иеленсе, онда unit-linked бағдарламаларында клиенттің өзі өз ақшасын өмірді сақтандыру компаниялары ұсынған үлеспұлдық қор арқылы инвестициялаудың бағыттарын таңдайды.
Қор нарығының ағымдағы жағдайы осы өнімнің дамуымен көп жағдайда жақсарады, өйткені сақтандыру компаниялары тәуекелдің түсінікті деңгейімен ұзақ мерзімді құралдардың пайда болуына қызығушылық танытқан. Өмірді сақтандыру компаниялардың зейнетақы активтерін басқару процесін жаңартуға қатысуын кеңейту маңызды болмақ. Мысалы, 50 және 55 жасқа толғанда зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мүмкіндігін бері, яғни кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін сатып алу. Ол зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігін және салымшының болашақ зейнетақы табысының дереккөздерінің әртараптандыруын қамтамасыз етеді.
Екінші нұсқасы – өмірді сақтандыру бойынша және салымшының активтерін инвестициялық басқару бойынша шарттарды өзінде үйлестіретін жеке зейнетақы жоспарларын пайдалану. Сақтандыру өнімдері зейнетақы активтерін басқарудың тәуекелдерін әртараптандыруға көмектеседі, сонымен қатар халықтың қаржылық сауаттылығын және өз болашағы үшін жауапкершілігін арттырады: азматтар өздері болашақ зейнетақы табысының дереккөзін, мөлшерін және түрін анықтай алады.
Авторы: Татьяна Батищева
Дереккөзі: https://abctv.kz/ru/news/pustit-strahovku-na-rynok
Фотосурет ашық дереккөздерден алынды.