Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін ықтимал клиенттердің жасы төмендетілді, сондай-ақ осындай шарттарды жасасу үшін жеткілікті жинақтар сомасының мөлшері азайтылды.
Нені өзгертті?
2021 жылдың қаңтар айының ортасынан бастап 45 жасқа толған қазақстандықтарға өмірді сақтандыру компанияларымен кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мүмкіншілігі пайда болды. Зейнетақы аннуитеті – бұл азаматқа зейнетақыны тиісті мерзімнен бұрын, БЖЗҚ-да жинақтарының жеткілікті көлемі болған шартпен, зейнетақыны алуды бастауға мүмкіндік беретін сақтандыру компаниясымен шарт.
«Негізгі шарт ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70%-дан кем болмайтын мөлшерде аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасының болуы болып табылады. Жиынтық 60 ай ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бар тұлғаларға 40 жастан бастап кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасасу опциясы қолжетімді» - түсіндірді «Евразия» ӨСК» АҚ-ның Басқарма төрайымы Гульмира Убегалиева.
2021 жылы зейнетақы аннуитетін жасасу үшін жеткіліктілік сомасы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша ең төменгі ай сайынғы төлемдер мөлшерінің өзгеруі есебінен төмендеді. Бұрын ай сайынғы төлем ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы тиіс болатын. Қазіргі кезде 45 жаста ерлер үшін жеткіліктілік сомасы 6 172 907 теңгені, әйелдер үшін - 7 725 673 теңгені құрайды.
«Әйелдер мерзімнен бұрын зейнетке шығуда үлкен артықшылық бар. Бұл жағдайда бірлескен аннуитет екі ерлі-зайыптының жинақтарын біріктіреді және оның табысын тең үлестіреді. Сонымен қатар, ерлі-зайыптының біреуі өмірден өткеннен кейін екіншісі шартқа сәйкес зейнетақы төлемдерін алуды жалғастырады» - айтып берді «Freedom Finance Life» ӨСК-нің Басқарма төрағасы Азамат Ердесов.
Олар үшін жұмыс беруші жиынтық кемінде күнтізбелік 60 айға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген және БЖЗҚ-да жинақтарының жеткілікті сомасы бар, 40 жасқа жеткен азаматтар санатында ерлер үшін жеткіліктілік сомасы 6 973 861 теңгені, әйелдер үшін – 8 632 647 теңгені құрайды.
«Клиент нақты зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде БЖЗҚ-дан алған табысты белгілейді және бұдан әрі төлемдер кезеңі басталғаннан кейін мұндай төлемдер жыл сайын 5%-ға индекстелетін болады. Бұдан басқа, зейнетақы аннуитеті шартын жасағаннан кейін клиент БЖЗҚ-да жинақтарының барлық қалдығын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеуге немесе сенімгерлікпен басқаруға аударуға қолдана алады», - түсіндірді «Халык-Life» АҚ-ның басқарма төрайымы Жанар Жубаниязова.
Жақын арада бірлескен аннуитеттерді енгізу жоспарлануда. Бірлескен зейнетақы аннуитеті шартта отбасы жұптарының немесе жақын туыстардың қатысуын білдіреді, өнім егер жұбайының/зайыбының/жақын туысының біреуінде сақтандыру компаниясында аннуитетті сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артығымен болса ерлі-зайыптылардың/жақын туыстардың жинақтарын біріктіруге мүмкіндік береді.
Бұл өзгерістер қазақстандық зейнетақы жүйесін қалай жетілдірді?
«Азаматтарға өз қаржы тәуекелдерін әртараптандыру мүмкіншілігі берілген, себебі оларда зейнетақы төлемдерінің екі төлем көзі пайда болады – зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдер, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері, өйткені зейнетақы аннуитеті шартын жасағаннан кейін клиент зейнетақы жасына жеткенге дейін жұмыс істеуді және БЖЗҚ-ға аударымдарды жасауды жалғастырады», - айтады Жанар Жубаниязова.
Бұдан бөлек, адамдарға өз зейнетақы жинақтарын өздері басқару, атап айтқанда басқарушы компанияны таңдау арқылы және БЖЗҚ-дан немесе өмірді сақтандыру компаниясынан - қандай төлем көзінен зейнетақы төлемдерін алғылары келетінін шешу мүмкіншілігі берілген.
«Бұл бастама қаржы нарығының қарқынды дамуының келесі қадамы болып табылады. Бұдан бөлек, зейнетақы активтері нарығымен қатар бағалы қағаздар нарығының дамуына түрткі жасалады, - деп нақтылайды «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев. – Жалпы, зейнетақы жүйесінде өзгерістер маңызды: егер зейнетақы аннуитетіне қолжетімділікті мен қазір жақсы фактор ретінде бағалай алсам, ал тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге бір жолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың жүйеге әсерін қазір маған бағалау қиын».
Өмір бойылық зейнетақыға қаражаттың жеткіліктілік өлшемшарты инфляция мөлшеріне индекстелген өмір бойылық төлемдерді қамтамасыз ету кепілі болуы тиіс. Мұндай кепіл болып кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті болады – яғни салымшы зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі кезінде кез-келген жаста өмірді сақтандыру компаниясымен кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасау құқығы болады, сол арқылы жинақтарды инвестициялауға қатысуға қолжетімділік алады.
«Бұл Қазақстанның зейнетақы жүйесіне нақты нені береді? Бәсекелестік ортаны құруды және зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялары, өмірді сақтандыру компаниялары атынан отандық институционалдық инвесторлар нарығына шығуды, инвестициялық қызмет тиімділігінің адал бәсекелестігін құруға ықпал етеді», - дейді Қайрат Чегебаев.
Бұдан басқа, бұл өзгерістерді зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік берудің халықаралық стандарттарына өтуі ретінде сипаттауға болады.
Қандай халықаралық стандарттар?
«Зейнетақы жүйесінде жаңартулар адамдарға зейнетақы төлемдерін алудың неғұрлым тиімді және ыңғайлы жолдарын таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, дамыған елдердің көбісінде зейнетақы аннуитеттері бұрыннан бері егде жаста тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты құралы болып табылады», - деп санайды «Freedom Finance Life» ӨСК-нің Басқарма төрағасы Азамат Ердесов.
Іс жүзінде зейнетақы төлемдерінің деңгейі жалақыдан қатты ерекшеленбейтін елдердің көбісінде зейнетақы жүйесі келесі қағида бойынша әрекет етеді: біріншіден, жұмыс беруші мен жұмыскер болашақта негізгі зейнетақыны қалыптастыратын, табыстан жарналарды төлейді, екіншіден, адамдар зейнетақы аннуитеті бағдарламасы бойынша өмірді сақтандыру компанияларымен шарттар жасайды.
Орташа айлық атаулы жалақыны (222 261 теңге) ескеріп, қазақстандықтар зейнетке шыққан кезде 2,15 есе аз алады. Жалақының және зейнетақы төлемдерінің ұқсас ара қатынасы Ресейде, Италияда, Финляндияда және Канадада бар. Алайда, кейбір елдерде зейнетақының мөлшері ай сайынғы жалақыдан 1,27 есеге ғана төмен – мысалы, Данияда.
АҚШ-та зейнетақы жүйесінің көрінісі мынадай: американдықтардың орташа ай сайынғы жалақысы $4,15 мың. құрайды, ол зейнетақы төлемдерінен 2,76 есе көп (айына $1,5 мың). Зейнетақы жасы ерлер үшін 67 жас және әйелдер үшін 65 жас. Зейнетке мерзімнен бұрын шығу қалауы болса зейнетақы төлемдерінен 20% айыппұл төлеп, 62 жаста лайықты демалысқа кетуге болады. Мұндай жүйемен салыстырғанда қазақстандық жүйе неғұрлым тиімді көрінеді.
Соңғы уақытта БАҚ-та зейнетақымен қамсыздандырудың сингапурлық моделін жиі айтады. Қазақстанның зейнетақы жүйесінде болған өзгерістер, атап айтқанда жылжымайтын мүлік сатып алуға, емделуге, басқарушы компанияға беруге жинақтардың «артығын» пайдалану мүмкіншілігі зейнетақымен қамсыздандырудың сингапурлық моделімен біршама ұқсас, бірақ бәрібір айтарлықтай ерекшеліктері бар.
«Басқа елдермен салыстырғанда Сингапурда адамдар зейнетақы жүйесіне салымдарды өте үлкен мөлшерлеме бойынша салуға міндетті. Бірақ мұның нәтижесінде оларға зейнетақы алдындағы үлкен шешіп алуларды (тұрғын үй сатып алу, медициналыө қызметтерді төлеу, инвестициялау және т.б.) жүзеге асыруға рұқсат беріледі» - дейді «Евразия» ӨСК» АҚ-ның Басқарма төрайымы Гульмира Убегалиева. – Мысалы, Сингапур тұрғындарының зейнетақы аударымдары Орталық Жинақ қорының шотына түседі, ай сайынғы жарналар жұмыскердің және сол сияқты жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады, жиынтық аударымдар жалақыдан шамамен 37%-ды құрайды: жұмыс берушінің есебінен - 17%, жұмыскердің есебінен - 20%. Мөлшерлеменің мөлшеріне (үш шоттан әрбірі бойынша) тұрғынның жасы әсер етеді, мысалы, 65 жасқа толған адамдар үшін мөлшерлеме 11,5%-ды құрайды. Шоттар арасында үлестіру пропорциясы сондай-ақ өзгереді: тұрғынның жасы үлкен болған сайын соғұрлым медициналық шотқа көп аударымдар түседі, ол біздің МӘМС-тің толық ұқсастығы болып табылады, оған жалақыдан 8-ден 10,5%-ға дейін түседі.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда өзгерістер қазақстандықтарға зейнетке шыққаннан кейін өмір сапасын жоғалтпай, өзінің қартайған шағының қамын алдын ала ойлауға мүмкіндік береді, сонымен бірге отандық зейнетақы жүйесін жетілдіру жалғасып жатыр және біздің зейнетақы жүйеміздің моделі әлемде жалпыға танылған үлгі болатынына сенуге болады.
Сурет ашық дереккөздерден