Стандартты ережелерге сәйкес, төлем алу үшін сақтанушыға қажетті құжаттарды дайындап, оқиғаның сақтандыру өтемін төлеу шарттарына жататынын дәлелдеуі керек. Егер құжаттар дұрыс ресімделсе, сақтандыру ұйымы өтемақы төлейді.
«Сақтандыру жағдайы басталған кезде клиент немесе оның өкілі сақтандыру компаниясын сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандыру компаниясына төмендегідей нұсқалардың бірі: жазбаша, ақпаратты электрондық поштаға жіберу немесе қоңырау шалу арқылы хабарлау керек», - деп түсіндіреді «Nomad Life» ӨСК» АҚ-да.
Бұл ретте тараптардың ыңғайлылығы үшін хабарламада:
- зардап шеккен қызметкердің аты-жөні;
- жазатайым оқиға болған күні және қысқаша сипаттамасы;
- сақтандыру шартының нөмірі көрсетілуі тиіс.
«Содан кейін сақтандырушы жазатайым оқиға туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге осы оқиғаны қарау үшін қажетті құжаттар тізбесімен сұрау жібереді. Осыдан кейін және сақтандыру компаниясы жазатайым оқиғаны – сақтандыру жағдайы деп танығаннан кейін сақтандырушы аннуитеттік төлемдерді есептеуді жүзеге асырады және сақтанушыға шартқа қол қоюға жібереді», - деп түсіндіреді «Халык-Life» ӨСК» АҚ-да.
Сақтанушы қол қойған аннуитеттік сақтандыру шартын алғаннан кейін ӨСК 7 жұмыс күні ішінде осындай шарттың талаптарына сәйкес төлемді жүзеге асырады.
Еңбек ету қабілетінен айрылу салдарынан табысынан айрылуына байланысты зиянды өтеу ретінде қызметкерге тиесілі ай сайынғы сақтандыру төлемін сақтандырушы аннуитет шартына сәйкес жүзеге асырады.
«Сақтандыру төлемінің мөлшері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді шегерумен жүзеге асырылады. Аннуитет шартының мерзімі – бұл кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу мерзімі (кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылуды қайта куәландыру мерзімі), бірақ қызметкердің зейнеткерлік жасқа жету мерзімінен артық емес», - деп нақтылайды «Сентрас Коммеск Life» ӨСК-да.
Сондай-ақ сақтандыру компаниялары денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша медициналық шығыстар бойынша және медициналық қызметтерді және олардың құнын растайтын тиісті құжаттарды ұсынған кезде төлемді жүзеге асырады. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар өтелуге жатпайды», - дейді Сентрас Коммеск Life компаниясында.
Әдетте, сақтандыру компаниялары жазатайым жағдай немесе ауру салдарынан қайтыс болған және мүгедектік жағдайында ең жоғары төлемді жүзеге асырады. Жазатайым оқиға нәтижесінде пайда болған дене жарақаттары үшін алған жарақаттардың ауырлығына сәйкес төлемдер жүргізіледі. «Мысалы, тобық сынуы сақтандыру сомасының 5%, ал иықтың екі қайтара сынуы үшін - 20% төленеді», - деп түсіндіреді «Freedom Finance Life» ӨСК-да.
Егер сізде сұрақтар қалса, сіз өз өміріңізді немесе баланың өмірін сақтандырғыңыз келсе, қандай да бір ұйым клиенттерінің пікірлерімен алдын ала танысып, кез келген сақтандыру компаниясына жүгінуге болады.