bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстанда зейнетке сегіз жыл бұрын қалай шығуға болады

Today.kz журналисті жұмыс берушінің «бұғауында» 63 жасты күтпеу үшін не істеу керектігін білді.
Қазақстанда зейнетке сегіз жыл бұрын қалай шығуға болады

Кәрілік қандай жағдайда өтетіндігі туралы мәселе әрбір адамды толғандырады. Барлық адамдар «мұқтажсыз кәрілік» атты жазира орналасқан белгісіз аралға жетуді армандайды. Алайда бұл әркімнің қолынан келе бермейді. Оның үстіне медицина және ғылым жетістіктерінің қарқынды дамуынан зейнеткерлік демалысқа шығу мерзімі кейінге шегерілуде.

Today.kz журналисті қазақстандықтар зейнеткерлік демалысқа мерзімнен бұрын қалай шыға алатының, бұл үшін ол қанша қаражат жинау керек және бұл ретте айына ол қандай соманы алатының анықтауға бел буды.

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын 58-ден 63-ке дейін ұзарту тақырыбы кеңінен талқыланды. Әйелдер қауымы енді әдеттегіден сегіз жылға артық жұмыс істеу қажет туралы жаңалықты негативпен қабылдады. Ол кезде мұндай шешімді қабылдаудың жұмсақтап айтқанда, қызық түсініктемесінен кейін ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік (aka "Потому что" мырза) Абденовты жұмыртқамен атып тастады. Кейінірек ол қызметінен кетті.

Нәтижесінде елде ер азаматтар 63 жаста, ал әйелдер 2018 жылға дейін – 58 жаста зейнетке шығады деп қорытынды жасады. Бірақ 2018 жылдан бастап және 2027 жылға дейін жыл сайын әйел қауымы үшін зейнетақы жасы жарты жылға шегеріліп отырады. Яғни 2018 жылда зейнеткерлік демалысқа 58,5 жаста, 2019 жылда – 59 жаста шыға алады, осы тәртіппен 2027 жылға дейін, ол кезде жұмыс берушінің «бұғауынан» 63 жасқа жеткенде, босатылуға болады. 1964 жылдан кейін туылған барлық азаматтар, сәйкесінше, тек 63 жаста зейнетке шығатын болады.

Бірақ ҚР тұрғыны зейнетақыны елдің Бірыңғай зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алғысы келген жағдайда ғана бұл ереже қолданылады – бұл өз алдына классикалық сценарий болып табылады. Өзге жолмен жүріп, басқа жүйені де таңдауға болады – зейнетақы аннуитеті, оның құрастырушылары оны БЖЗҚ-ның баламасы ретінде ұсынады.

Координаталардың осы жүйесінде қазақстандықтар демалысқа ертерек шыға алады: ерлер – 55 жаста, ал әйелдер – 50 жаста.

Біз мемлекеттік аннуитеттік компанияның басқарушы директоры Әлемжан Ақажановпен сөйлесіп, бізге зейнетке ертерек қалай шығуға болатындығын, зейнетақы аннуитетіне ауысудың мехнизмі қандай екенін егжей-тегжей түсіндіруді өтіндік.

Бірінші кезекте, аннуитетті ресімдеу мүмкіндігін беретін компаниялар бұл сақтандыру компаниялары екенін айтып кеткен жөн. Яғни бұл зейнетақы емес, сақтандыру жүйесі болып табылады, олар өзара ұқсас, сондықтан адамдар оларды көбіне шатастырып жүреді.

Аннуитетке ауысудың шарттары: жас, "сатып алу сомасы"

Екіншіден, зейнетақы аннуитетін алу үшін үміткердің БЖЗҚ-да белгілі бір жинақтары болуы шарт. Сондай-ақ ол жинақ шартты жасау кезінде бір жолғы төленетін сақтандыру үшін «сатып алу сомасы» үшін жеткілікті болуы тиіс. Аннуитет жүйесіне өтуі үшін БЖЗҚ-да жинақталған қаражатты осындай ұсынысы бар сақтандыру компаниясының шотына аудару қажет.

«2017 жылы әйелдер үшін жинақтар кемінде 12 миллион теңгені құруы тиіс, ал еркектерде – кемінде тоғыз миллион. Жыл сайын «сатып алу сомасының» мөлшері өседі, бұрын 1,5-2 миллионға да шартты жасауға болар еді, ал қазір 9 және 12 миллионға ғана», – деп Ақажанов түсіндірді.

Маманның сөзінше, мұндай ұлғаю минималды зейнетақының мөлшерінің өсуімен түсіндіріледі.

«Бұл минималды базаға, минималды зейнетақыға байланысты, осыдан есептер жүргізіледі. Біз өз тарапымыздан үкімет пен Ұлттық Банкке соманы төмендету керек деп әрдайым айтып отырамыз, бірақ бұл олардың шешімі, біздің компания заң бойынша әрекет етеді, бұл біздің нұсқауымыз бойынша жасалмайды», – деп әңгімелесуші түсіндірді.

«Сатып алу сомасын» төлегеннен кейін клиент ай сайынғы төлемдерді өмір бойы алатын болады, тіпті «аннуитетші» 130 жасқа дейін өмір сүрсе де, Ақажановтың сөзінше, ол оған тиесілі ақшаны алатын болады.

Төлемдер мөлшері туралы шешімді қабылдай отырып компанияларда медициналық көрсеткіштер мен анықтамаларға сүйенбейді, яғни сақтандырушылар үшін адамдардың күрделі аурулар бар ма немесе оның дені сау ма маңызды емес.

Сонымен қатар «сақтандырушылар» салымшы «сатып алу сомасын» жұмсауға үлгіретін уақыттан бұрын қайтыс болатын мүмкіндігін де қарастырған. Бұл жағдайда шотта қалған қаражатты оның мұрагерлері ала алады.

«Кепілдендірілген төлемдер» ұғымы бар. Біз шарт жасастық, сізде 20 жылға кепілдендірілген сома бар екенін есептедік, «аннуитетші» 10 жылдан кейін қайтыс болған жағдайда, онда қалған 10 жыл бойы компания оның мұрагерлеріне төлемдерге кепілдік береді», – МАК-да атап өтті.

Орташа есеппен алғанда, мұрагерлер сақтандыру компаниясынан төлемдерді 15 жыл бойы ала алады. Алайда бүкіл ақша сақтандыру компаниясында қалуы мүмкін жағдайлар да бар.

«Егер кепілдендірілген сома жоқ болса, ол екі жылдан кейін қайтыс болса, онда бұл ақша компанияда қалады», – деп Ақажанов айтты.

30 және 100 мың теңгеге тең зейнетақыны алу үшін қанша төлеу керек?

Ай сайынғы төлемдердің өзіне қатысты болса, онда әрбір үміткер үшін арнайы құрылған калькуляторда жеке есептеу жүргізіледі.

«Бізде лицензиясы бар мамандармен құрылған калькулятор бар. Біз сіздің жасыңызды, туған күніңізді, жинақтарыңыздың сомасын нақты қарап шығамыз да, калькуляторға сәйкес төлемдерді есептейміз», – деді сарапшы.

Мысал ретінде біз мемлекеттік аннуитеттік компанияның басқарушы директорынан төрт ойдан шығарылған салымшы қандай зейнетақы алатынын есептеп беруді өтіндік.

Кепілдендірілген төлемдерге (клиент қайтыс болған жағдайда мұрагерлерге төленетін төлемдер) үміттенбейтін 50 жастағы әйел 31 425 теңгеге тең минималды ай сайынғы соманы алу үшін, 12 477 691 теңгені аудару керек. Егер үміткер өзінің өлімінен кейін «сақтандырушыларға» қаражатын қалдырғысы келмесе, 12 576 956 теңге сомасына дейін ақша үстем төлеп, 15 жыл бойы мұрагерлері оның орнына төлемдерді ала алатын болады.

Тұра осы соманы 55 жастағы еркек алу үшін ол шарттың «кепілдендірілген» тармағысыз 8 922 197 теңге мөлшеріндегі «сатып алу сомасын» және «кепілдендірілген» сомамен 9 404 120 теңгені салу қажет.

Алайда қартайған шағында айына 30 мың теңгені алуға ниет білдіргендердің саны көп болмайтыны анық. Сондықтан біз 100 мың теңге мөлшеріндегі зейнетақы үшін «сатып алу сомасы» туралы айтып беруді өтіндік.

Дәл сол 50 жастағы әйелге мұрагерлеріне төлем жасау үшін 40 252 900 теңге енгізу қажет, ал 55 жастағы ер адамға – 30 098 000 теңге салу керек. Кепілдендірілген төлемдерсіз – бұл сомалардан кемдеу салынады.

Тағы бір плюс: «үш зейнетақыны» біріктіру

Аннуитеттеің плюстері арасында демалысқа 50 немесе 55 жаста шығу мүмкіндігімен қоса, сақтандырушылар кейбір санаттағы азаматтар ала алатын «үш зейнетақы» туралы жиі айтады.

«Мысалы, мен еркекпін, мен 58 жастамын. Мемлекеттен кепілдендірілген төлемдерді мен аламын, өйткені менде 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілім бар, сонымен қатар сақтандыру компаниясының клиенті бола тұра, мен зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мен белгілі бір соманы алып жүрмін, 55 жастан бастап мен әрі қарай жұмыс істеп, тағы БЖЗҚ-да қаражатты жинаймын – міне осылайша мен үш зейнетақыны алып жүрмін», – деп түсіндірді маман.

Әрбір адам сақтандыру компанияларының клиенті бола алмайтындығын ескерту жөн. Салымшылардың көбісінде, «БЖЗҚ» АҚ төрағасы Нұрбибі Наурызбаеваның сөзінше, миллион теңгеден аспайды.

«Біздің қазақстандық шындығымызда зейнетақы жинақтарының орташа сомасы бір адамға шаққанда бір миллион теңгеден кем», – деп Алматы қаласында 23 қарашада өткен баспасөз-конференцияда мәлімдеді ол.

Бұл ретте БЖЗҚ жинақтарды мерзімнен бұрын алу мүмкіндігін қарастырмайды, яғни азаматтар ақшаны зейнетақы аннуитетіне аудара алады, бірақ өз қалауынша оны басқа мақсаттарға қолдана алмайды.

«Статистика бойынша еркектер 72 жасқа дейін, ал әйелдер ұзағырақ – 76 жасқа дейін өмір сүреді. Өздеріңіз ойланыңызшы, бір миллион теңге қанша жылға жетеді? Сондықтан зейнетақы жинақтарының жеткіліксіздігін ескере отырып, менің ойымша, зейнетақы жинақтарын зейнетақыны төлеуден гөрі, басқа мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі туралы күні бұрын айту. Бұл мерзімнен бұрын қаражатты алуға қатысты. Иә, бұл мәселе қарастырылуда, біз осы бағытта жұмыс істеп жүрміз, бірақ әзірше, біз БЖЗҚ ретінде мен айтқан жағдайларды ескере отырып, өзгерістерді енгізуге дайын емеспіз», – деді спикер.

Сақтандыру компанияларында аннуитетті сатып алуға қабілеті бар салымшылардың шағын тобы туралы ғана айтылып жатқанын растайды. Ақажановтың сөзінше, олар үшін әлеуетті клиент БЖЗҚ-ның барлық салымшыларының 5-10 пайызы ғана бола алады.

Алайда БЖЗҚ-ның шотында қомақты соманы сақтамайтындар, бірақ оны жеке банктік шотында немесе тіпті «төсектің астында» тығып қойғандар үшін ақшаны «сатып алу сомасының» қажетті шегіне дейін аудару мүмкіндігі бар.

«Егер Сізде зейнетақы аннуитетіне «сатып алу сомасына» дейін ақша жетпесе, зейнетақы қорына ақшаны үстемелеп сала аласыз. Бұның барлығы БЖЗҚ арқылы жүзеге асырылады, мысалы, егер сізде миллион теңгеге дейін жетпесе, сіз оған үстеме ақшаны қосасыз. Кейін сол ақшаны бізге аударасыз. «Сатып алу сомасынан» 50 пайыздан бастап және одан жоғары соманы да қоса аласыз, бұл тұрғыда қиындық болмайды деп ойлаймын», – деп әңгімелесуші түсіндірді.

Зейнетақы аннуитетінің минусы

Алайда медальдің екі жағы болатыны анық, қазақстандық аннуитет жүйесінде де өзінің кемшіліктері бар. Олардың ең маңыздысын журналист және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы ақпаратшы» платформа-сайтының құрастырушысы Бота Жұманова атап көрсетті.

«Минус – кепілдендірудің жоқтығы. Сіз өмірді сақтандыруға лицензиясы бар компаниядан сақтандыру полисін – зейнетақы аннуитетін сатып аласыз. Қазақстанда мұндай 7 компания бар. Және олардың барлығы жеке болып табылады. Енді ең қызық сұрақ: «Сақтандыру компаниясы банкротқа ұшыраса не болады?». Болды, сіз төлемдерді алмайтын боласыз», – деп сарапшы түсіндірді.

Алайда қазір сақтандырушылар жағдайды түзету үшін жұмыс жасап жатыр.

«Енді сақтандыру компаниялары зейнетақы аннуитеттерінің нысаны Сақтандыру төлемдері қорымен (Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры – автордың ескертуі) кепілдендірілгені туралы мәселені көтеруде. Кепілдіктердің жоқтығы – бұл тәуекел. Егер бұл тәуекел болмаса, ал қор төлемдерді кепілдендіретін болса, онда керемет болар еді», – деді әңгімелесуші.

Егер зейнетақы иммунитеті бойынша төлемдер қормен кепілдендірілетін болса, онда Жұманованың сөзінше, тәуекел «алынып тасталады».

«Бұл банктік депозиттер секілді – Банктік депозиттерді кепілдендіру қоры бар. 10 миллионға дейінгі соманы, банк банкротқа ұшыраса да, клиентке өтеп береді. Дәл осындай жағдай кепілдендірілген төлемдер бойынша (зейнетақы аннуитеті – автордың ескертуі) да болуы тиіс. Мұндай қор бар, бірақ оған сақтандыру қызметінің түрлерінің барлығы емес оған түсе алады. Мысалы, автокөлікті міндетті сақтандыру бұл тізімде бар. Бірақ зейнетақы аннуитетті оған енді ғана енгізейін деп отыр», – деп қорытынды жасады журналист.

Зейнетақы аннуитетімен нұсқасында өзінің жақсы және жаман жақтары бар, бірақ адам тиісті 63 жасқа толуын күткісі келмесе, ол пайымдау үшін лайықты нұсқа болып қалады.

Дереккөзі: http://today.kz/news/kazahstan/2017-11-23/754980-kak-v-kazahstane-vyijti-na-pensiyu-na-vosem-let-ranshe/

Фотосурет utmagazine.ru

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру