- Өмірді ерікті сақтандыру – life-insurance – нарығы біздің елімізде онша дамымады. Халықтың аздаған бөлігі өмірді сақтандыру немесе зейнетақы сақтандыру шарттарын жасайды.
– Көптеген адамдар КСРО ыдырағаннан кейін банктік және сақтандыру жүйелеріне не болғанын естерінен шығармады. Халықтың көпа ақшасы құрдымға кетті, бұл сенімсіздік қоғамда әлі сезіледі. Сонымен қатар сақтандыру нарығының дамуына азаматтардың табыстарының деңгейі әсер етеді. Қазір біз бұл табыс өсіп келе жатқанын көріп отырмыз, және де көпетеген клиенттердің өзіне сақтандыру полисін сатып алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ сақтандыру саласындағы заңнама да ұдайы жаңартылып келеді, көптеген түзетулер енгізіледі, олардың көмегімен бақылаушы орган, клиент және сақтандыру компаниясы араында көпетеген даулар реттеледі. Бұл сақтандыру компанияларына деген сенімділікті арттырады. Егер ресми статистиканы қарайтын болсақ, біздің еліміздегі сақтандыру нарығы динамикалы түрде дамып келеді – 2010 жылы өмірді сақтандыру нарығының көлемі 1,5 млрд теңгеден артық құрады, ал биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 22 млрд теңге жиналды. Зейнетақы аннуитет шартына келетін болсақ, Қазақстанда зейнетақы жүйесі тым жас – жинақтаушы жүйесі тек 1998 жылдан бастап қолданылып келеді. Қазіргі таңда халықтың зейнетақы қорланымы жылдан жылға артып келетінін байқаймыз, сондықтан зейнетақы аннуитеті шарттарының саны болашақта өседі, деп ойлаймын.
– Қазақстанда сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертілер және толықтырулар енгізілді. Заңға енгізілген қай өзгерістерді сіз маңызды деп есептейсіз?
– Бірінші кезекте өзгерістер сақтандыру қызметтерін пайдалану кезінде халықтың мүдделерін қорғауға бағытталады. Түзетулер де сақтандыру омбудсменының қызметін кеңейтуге көзделеді. Сақтандыру компаниясының клиенті сақтандырудың кез келген түрі бойынша төлемнің мөлшерімен келіспеген жағдайда, сақтандыру омбудсменына қорғану үшін жүгіне алады. Сонымен қатар өмірді сақтандырудың әлеуметтік маңызды өнімдері бойынша сақтандыру төлемдерінің қосымша кепілдігі енгізілді. Нақты айтқанда, Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорымен зейнетақы аннуитеттер және еңбекке қабілеттілігінен айырылған қызметкерлердің аннуитеттері бойынша сақтандыру төлемдері бойынша міндеттемелерін кепілдендіру қарастыралыд. Кепілдік сақтандыру компаниясын жою кезеңінде міндеттемелердің барлығын басқа сақтандыру компаниясына тапсырғанға дейін қолданылатын болады.
– Бүгінгі таңда Қазақстанда өмірді сақтандыру өнімдерінің жиынтығы стандартты болып табылады. Инновациялық өнімдерді енгізу жоспарланады ма?
– Сақтандыру нарығы белсенді түрде дамып келеді, сақтандыру компаниялары нарықтың қажеттіліктеріне байланысты жаңа өнімдерді әзірлейді. Мысалы, доллардың бағамына байланған немесе сақтандыру компаниясының инвестиялық қызметінен табысты алуды қарастыратын жинақтаушы сақтандыру бойынша бағдарламалар бар.
– Өмірді жинақтаушы сақтандыру және банктік депозит арасында айырмашылық неде? Сақтанушы осы екі жағдайда инвестициялық табысқа ие болады ма?
– Жинақтаушы сақтандыру полисі бойынша сіз ақшаны жинайсыз және полистің қолданылу мерзімі аяқталған кезде индексацияланған капитал мен инвестициялық табысты ала аласыз. Бұл да депозит, бірақ оның қосымша артықшылықтары бар. Сақтандыру жағдай басталған кезде (ауру, мүгедектік, өлім) банк жиналған ақшаны пайызбен қайтарады, ал сақтандырушы полисте көрсетілген сомаға тең сақтандыру төлемін қосымша жүзеге асырады. Клиент өз жинаған ақшасына табысты да, сақтандыру қорғауды да қоса алады.
- Сонда, депозиті бола тұра, адам инвестициялық табысты ғана ала алады, ал жинақтаушы сақтандыру шартын жасаған жағдайда сақтандырушы сақтандыру жағдай басталған жағдайда клиент және оның туыстары үшін инвестициялық табысқа қол жеткізуден басқа, қауіпсіздіктің қаржылық көпшігін кепілдендіреді?
- Өкінішке орай, адамдар өлуі мүмкін, кейде бұл кенеттен орын алуы мүмкін. Егер, мысалы, отбасыда кішкентай балалар болса, немесе ипотекасы болса, ондай жұбайы қайтыс болғанда, екіншісі қиналып кетуі мүмкін. Отбасы тапшылыққа тап болады. Сақтандыру полисі бұл тәуекелдердің орнын толтырады.
Дереккөзі: http://www.bizlife.kz/upload/Magazine/BL133-134.pdf
Фото ogolosha.com, kursiv.kz сайттарынан алынды.