bs-preloader__icon
ru kz en

Зейнетақы: өзің жаса! Қарттыққа ақшаны қайда жинағаны дұрыс

РФ Үкіметі зейнетақы жасының өсуі бойынша ұсыныстарды дайындауда – мемлекеттік зейнетақыны 60-65 жастан бастап алуға болады. Баламалы зейнетақыға ақшаны кіммен жинағаны дұрыс, Банки.ру анықтады.
Зейнетақы: өзің жаса! Қарттыққа ақшаны қайда жинағаны дұрыс

Зейнетақы өз қолымен

            Министрлер кабинеті қысқа мерзімде зейнетақы жасын көтеру бойынша ұсыныстардын әзірлеп, оларды Мемлекеттік думаға қарауға жолдайды. Бұл туралы 8 мамыр күні Дмитрий Медведев Мемлекеттік думада Ресейдің Премьер-министрі постына оның кандидатурасына дайыс беру алдында хабарлады. Қазіргі таңда талқыланып отырған нұсқалар әйелдер үшін зейнетақы жасы 60-63 жас, еркектер үшін – 63-65 жасты қарастырып жатыр. Бұл зейнетақыны есептеу сәті кем дегенде бес жылға шегендірілетіндігін білдіреді. Осы зейнетақының мөлшерлері де лайықты болуы екі талай. Әсіресе қазір жоғары жалақы алатындар үшін. Сондықтан өз зейнетақы туралы адамдар өздері ойлану керек. Тіпті бұл туралы отыз жастан бастап ойланғаны жөн.

            Қазіргі таңда нарықта зейнетақы өнімдерінің кең спектры – мемлекеттік емес зейнетақы қорларда (МЗҚ) және өмірді сақтандырушыларда бар. Олардың көбісі корпоративтік сегментке жатады – қызметкерге қосымша зейнетақысына жұмыс беруші қызметкердің әлеуметтік пакетіне енгізіп, оны қызметкердің бейілділігін арттыру мақсатында қосымша бонус ретінде қарастырып отырып, қаржыны жинақтайды (қызметкермен қоса қаржыландыру мүмкін). Мысалы, «Ингосстрах-Жизнь» СК портфелінде корпоративтік бағдарламалардың үлесін жарналардың 80% құрайды.

Корпоративтік сегментте зейнетақы нарығында өмірді сақтандырушылардың белсенділігі ЖЗҚ-мен ассиметриялық салықтық реттеудің кесірінен тым шектелген, деп «Ренессанс Жизнь» компаниясының стратегиялық даму жөніндегі вице-президенті Сергей Фаизов атап көрсетеді. «Корпоративтік клиенттерге зейнетақы қорларымен жұмыс жасау тиімдірек болады, өйткені олардың бағдарламалары салық жеңілдіктерін қарастырады», – деп түсіндіреді сарапшы.

Алайда жеке тұлғаларға арналған арнайы бағдарламалар да бар. Олар болашақ зейнетақы реформасының пішінін көріне бастаған сайын кеңінен пайдалануда. «Ресейлік азаматтардың көбісі зейнеткер жасындағы материалдық жағдайы жөнінде өздігінен ойлану керектігін түсінеді. Өмірді сақтандырудың өсуінің драйверлері болып ұзақ мерзімді өнімдер табылатындығы бекер емес, – дейді Сергей Фаизов, – өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша клиенттердің басым бөлігі осы бағдарламалрға зейнеткерлікке шыққанға дейін капиталды жинақтау үшін жүгінеді». Мамандандырылған зейнетақы жинақтаушы бағдарламаларының дамуы – бұл ресейлік нарықта жұмыс істейтін өмірді сақтандырушылары үшін тек уақыт мәселесі, дейді ол.

«Ингосстрах-Жизнь» СК Бас директоры Владимир Черников зейнетақы реформасы мен халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейінің өсуімен байланысты жақын арада жеке тұлғаларға бағытталған зейнетақы бағдарламаларға деген сұраныс арта түсетінімен келіседі.

Болашақ зейнеткер үшін болашақ мемлекеттік емес зейнетақыны қалыптастыруға арналған ақшаны қайда алып баруға болады деген мәселе негізгі мәселеге айналады. Осы сұраққа жауап беру үшін сақтандырушылар және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары ұсынатын зейнетақы бағдарламалары немен ерекшелінетіндігін түсініп алу қажет.

 

Зейнетақы конструкторы

 

Өмірді сақтандырушыларының зейнетақы бағдарламалары ЖЗҚ-дың бағдарламаларынан негізгі ерекшелігі өмірді сақтандыру бағдарламалары зейнетақы негіздемелердің басталуына (мысалы, зейнетақы жасы) байланысты болмайтындығы, рентаны төлеудің басталу мерзімі икемді және оны клиенттің өзі таңдай алады. Яғни сіз «зейнетке қашан шығатыңызды» – 45, 50 немесе 70 жасында шығатыңызды өзіңіз шешесіз. 45 жастан кейін жұмысты табу қийын болған жағдайда, бұл фактор сақтандыру бағдарламасын таңдау бойынша аса маңызды дәлелге айналады.

Сақтандырушылар, жалпы әдеттегідей, клиенттерге конструктор-бағдарламаларын ұсынады, мұнда кез келген көрсеткішті өз қалауынша таңдауға болады. Сақтанушы өздігінен төлемдердің мерзімділігін және мерзімі, жарналар төленетін валютасын – рубль немесе ОБ бағамы бойынша баламасында (ЖЗҚ-да тек рубльде), жарналардың мерзімділігін, сақтандыру қорғаудың мөлшерін анықтай алады. клиент бүкіл соманың бір жолғы төлемін ала алады, тұрақты ренталық төлемдермен өмір бойғы бағдарламасын алып немесе тіркелген мерзімді (5-30 жыл) рентаны шектей алады. 

Табыстылығы толығымен инвестициялық стратегияға байланысты болатын ЖЗҚ-ға қарағанда өмірді сақтандырушылар бағдарламаның екі түрін ұсынады: алдын ала анықталған тұрақты табыстылығымен және әлеуетті тым жоғары, кепілдендірілмеген табыстылығымен бағдарлама. «ЖЗҚ қазіргі кезде көбінесе белгіленген жарналары бар бағдарламаларды сатып жүр. Ондай бағдарламаларда шартты жасасу кезінде клиент өзінің болашақ зейнетақының мөлшерін білмейді», – «Сбербанк өмірді сақтандыру» жеке сақтандыру өнімдерінің жетекшісі Наталья Белова айтты.

Сақтандыру компаниясының клиенті болғанда, сіз «зейнетіке қашан шығатыңызды» – 45, 50 немесе 70 жасында шығатыңызды өзіңіз шешесіз.

«ЖЗҚ клиенттері мен қорлар тарапынан белгіленген төлемдерімен схемалар сұранысқа ие болмайды, өйткені мұндай зейнетақы бағдарламалары жарналарды елеулі көкжиекте енгізу тәртібінің сақталуын талап етеді, – деп «Социум» ЖЗҚ бас директоры Екатерина Шишкина түсіндіреді. Клиенттер болса, төлеудің қатаң кестелерге байланбаған бағдарламаларды артық көреді. Бұл жағдайда зейнетақы айыппұлдарсыз және тараптардың әрқайсысымен міндеттемелерін орындамау тәуекелісіз есептелінеді. Екінші нұсқасы зейнетақының төленуін қамтамасыз ету үшін бір жолғы жарнаны аудару есебінен шұғыл қорландыру болып табылады.

Қор төлемдердің барлық түрлерін ұсынады: өмір бойғы, оның ішінде екі қатысушыға (отбасылық схема) жүйелі төлемдер және кепілдендірілген кезеңімен төлемдер; мерзімді төлемдер – жинақ төлемдер де (төлемдердің бүкіл кезеңінде қалдықты мұрагерлікпен алумен), сол сияқты сақтандыру да (қатысушы қайтыс болған жағдайда, мұрагерлерге төлемдер жүзеге асырылмайды); шотта қаржы біткенше төлем жасау. Мерзімді төлемдер сатып алу сомасын бұзу-алу бөлігінде бастапқы жарнаға, жинақтау мерзіміне және т.б. байланысты түрлі талаптармен ұсынылады. Кәсіпорындар үшін атаулы зейнетақы шоттарымен схемалар, сондай-ақ ортақтас зейнетақы шотымен схемалар да қолжетімді.

«Жеке тұлғалардың көбісі мерзімді түзету есебінен және шарттың бүкіл қолданылу мерзімінде мұрагерлікпен алу мүмкіндігін ескере отырып, зейнетақының қорытынды мөлшеріне әсер етуге мүмкіндік беретін мерзімді төлемдері бар схемаларды таңдайды», – дейді Шишкина. Салымшылар – бұл зейнетақы шарты бойынша қызметкерлер-қатысушылар үшін өмір бойғы төлемдерге бағытталған заңды тұлғалар, өйткені еңбек жолы аяқталғаннан кейін бүкіл өмір бойы қосымша әлеуметтік қолдау бойынша міндет шешіледі, деп сарапшы көрсетеді.

«Сонымен қатар өмірді сақтандыру өнімдері сақтандыру қорғау түрінде қосымша бөлікті қамтиды және қаржыны тек жинақтап қана қоймай, сонымен қатар өзінді денсаулығына байланысты күтпеген оқиғалар орын алған жағдайда елеулі қаржы шығасылардан қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді», – деп Владимир Черников атап өтті.

«Біздің бағдарламамызбен қолайсыз жағдайлар туындаған кезде, мысалы, жарақат алған кезде немесе аса қауіпті ауруға шалдыққан кездегі төлемдер, сонымен қатар мүгедектік бойынша рентаны төлеудің мерзімінен бұрынғы бастау, – қосымша сақтандыру қорғауды қосу мүмкіндігі қарастырылған, деп «Сбербанк өмірді сақтандыру» компаниясынан Наталья Белова айтты. – Біздің клиенттеріміздің шамамен 90% белгілі мерзімге рентаны таңдайды, өмір бойғы рентаны 10%-дан артық емес клиент таңдайды, ал клиенттердің 60% қосымша сақтандыру қорғауды қостырады».

Осылайша, сақтандырушыларда зейнеткерлікке шығу күніне ЖЗҚ-да жоқ төлемдердің кепілдендірілген мөлшері және сақтандыру қорғалуының көп нұсқасы бар. Бірақ мемлекеттік емес зейнетақы қорларының өнімдері қарапайымдау және арзанырақ, клиент зейнетақы шотына қаражатты аудару мерзімділігі тұрғысынан еркін: ақша болса – зейнетақысына қосты, жоқ болса – өткізіп алды. Кейбір өмірді сақтандыру компанияларында өзгертілген қаржы жағдайына байланысты демалыс алу мүмкіндігі бар. Мысалы, «МетЛайф» компаниясы кейбір бағдарламалар бойынша егер клиент жарнаны енгізу мерзімін өткізіп алса, автоматты түрде клиент үшін төлем жүргізеді, бірақ бұл мининесие ретінде ресімделеді. Алайда сақтандыру компанияларының зейнетақы бағдарламалары бойынша жарнаны енгізу мерзімдері ЖЗҚ-мен салыстырғанда едәуір реттелген.  

120 мың рубльге дейінгі жыл сайынғы жарнадан салықты шегеруді алу мүмкіндігі және қаржының ерекше мәртебесі (мүліктік даулар кезінде бөлінбейді) зейнетақы қорларының өнімдері үшін де, сақтандыру компанияларының өнімдері үшін де тән қасиет.

Зейнеткердің қайтыс болған жағдайда мұрагерлікпен оңай болады: шартта көрсетілген пайда алушы төлемді 14 күн ішінде алады. ЖЗҚ-да зейнетақы қорының мұрагерлікпен ақшаны алу мерзімі нақты көрсетілмеген: құқықтық мұрагер/мұрагер өзінің атына шарттық құқықтарды қайта ресімдеп алып, содан кейін сатып алу сомасын алу мақсатында шартты бұзу керек.

ЖЗҚ клиенті зейнетақы шотына қаржыны енгізу мерзімділігі бойынша еркіндеу: ақшасы болса – зейнетақысына салады, болмаса – уақытын өткізіп алады.

 

Кімге сенім артуға болады

 

Сіз қаржы институтына ұзақ мерзімге өз ақшаңызды сеніммен тапсыратын болсаңыз, әрине, компанияның сенімділігі және сіздің қаржыңыздың сақталуы мәселесі маңызды болмақ.

«Самфар» ЖЗҚ атқарушы директоры Евгений Якушев ЖЗҚ жинақталған зейнетақы қорын жеке теңгерімде есептейді, ал сақтандыру компаниясында олар бірден өзіндік мүліктің құрамына жіберілетініне баса назар аудартады. «ЖЗҚ сыйақысы еңбекпен табылған табыстан есептелінеді және заңмен шектеледі, ал сақтандыру бизнесінде керісінше: клиенттерге төленбеген қаражаттың барлығы сақтандыру компаниясының пайдасын қалыптастырады», – дейді ол.

«Иә, ЖЗҚ зейнетақы қорланымын жеке теңгерімде есептейді, ал сақтандырушыларда ол өз мүлкіне жатқызады, бірақ бұл ЖЗҚ коммерциялық емес ұйым болып табылғанда, маңызды болған, – деп «МетЛайф» компаниясы стратегиялық жобалар жөніндегі директор Тимур Гилязов өз ойын білдірді. – Қазір барлық ЖЗҚ акционерлеуден өтті (немесе жақын арада өтеді) және бірнеше уақыттан кейін табысқа қол жеткізе алатын болады. Қорланым жеке теңгерімінің факторы дәлел болмайтын болады».

Тимур Гилязов сақтандырушылардың зейнетақы өнімдері өте сенімді деп есептейді: «Зейнетақы бағдарламалары бойынша қандай да бір себептермен, мысалы, тәуекелді бағдарламалардағыдай сақтандыру оқиғасы орын алмаған жағдайда, төлемді жүргізбеу мүмкіндігі жоқ. Клиентке төлем жүргізудің талаптары алдын ала мәлім болады, олар шартта толықтай көрсетіледі».

Нарықтан сақтандырушылардың кету тәуекелі өте аз. СК төменгі жарғылық капиталына қойылатын талаптар ЖЗҚ қарағанда өте жоғары (150 млн рубльге қарсы 240 млн рубль), сақтандырушылар үшін банкроттықтың арнайы процедурасы бар, өзекті тапшылықтың өтеуі автоматты түрде өз қаржысынан жүзеге асырылады. ЖЗҚ-да ол алдымен сақтандыру қорынан, кейіннен қор кеңесінің шешімі бойынша мақсатты жарна арқылы жүргізіледі. «Соңғы бес жыл ішінде көптеген ЖЗҚ банкроттыққа ұшырылды, бірақ өмірді сақтандыру компаниясынан біреуін ғана еске түсіруге болады», – деп еске түсіреді Гилязов.

Ольга КУЧЕРОВА, Banki.ru

Дереккөзіhttp://www.banki.ru/news/daytheme/?id=10452635

Фотосурет jurist.support сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру