bs-preloader__icon
ru kz

Ресейде салық шегерімін миллион рубльге дейін ұлғайтуды ұсынуда

Ресейде әлеуметтік салық шегерімінің шекті сомасын 1 млн рубльге (7,9 млн теңге) дейін көтеруге ұсынып жатыр. Бұл туралы «СберСтрахование жизни-дің» басқарушы директоры Евгений Щекланов мәлімдеді, деп хабарлайды РИА «Новости».
Ресейде салық шегерімін миллион рубльге дейін ұлғайтуды ұсынуда

Щеклановтың айтуынша, салық шегерімдерінің әрбір түрінде өз шарттары мен лимиттері бар. Сонымен, әлеуметтік салық шегерімі жылына 120 мың рубльден (848 мың теңге) аспауы тиіс. Бұл ретте, оның айтуынша соңғы 12 жылда әлеуметтік шегерім мөлшері бірде бір рет көтерілмеген. «Салық шегерімдерінің әрбір түрінде өз шарттары мен лимиттері бар. Әлеуметтік салық шегерімінің лимиті бірде бір рет қайта қаралмаған. Сарапшылар оны 1 млн рубльге дейін немесе ең болмағанда 400 000 рубльге дейін көтеруге болатынын болжайды», - деп бөлісті Щекланов.

Щеклановтың пікірінше, өмірді сақтандыру оған жеке шегерімді бере отырып, жеке мемлекеттік әлеуметтік жоба ретінде бөлу қажет.

Әлеуметтік шегерім – бұл салық жеңілдігінің көмегімен табыс салығының бөлігін салық төлеушінің шотына қайтару.

Айта кетейік, Қазақстанда 2021 жылғы қаңтардан бастап өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары (ӨЖС) бойынша 3 жыл және одан артық мерзімге шарттар жасаған клиенттер үшін салық жеңілдіктері енгізілген болатын. Осылайша, қазақстандықтар салықтарда жылына 93 мың теңгеге дейін үнемдей алады. Бұл үшін ЖТС бойынша салық шегерімін рәсімдеу қажет. Ол ӨЖС бағдарламасының шарты бойынша төленген жарналар сомасынан 320 АЕК-ге (990 мың теңге) дейін мөлшерде есептеледі.

Дереккөзі: https://www.gazeta.ru/business/news/2022/07/30/18229166.shtml

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Дағдарысқа инвестициялар
Дағдарысқа инвестициялар

Дағдарыс кезінде көптеген қаржы құралдарға ба...

AM Вest агенттігі Халық-Life рейтингін растады
AM Вest агенттігі Халық-Life рейтингін растады

AM Вest агенттігі "B++" ("Good") деңгейіндегі қаржылық ...

Сақтандырушылар ЖОМС-ты бірыңғай мемлекеттік операторға беруге қарсы
Сақтандырушылар ЖОМС-ты бірыңғай мемлекеттік операторға беруге қарсы

Қазақстанда еңбек (қызметтік) міндеттерін (ЖОМ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру