bs-preloader__icon
ru kz en

Орташа зейнетақының мөлшері 100 мың теңге

1 мамырға Қазақстанда орташа зейнетақы 100 мың теңгені құрады, хабарлайды LS. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, бұл цифрға базалық зейнетақы төлемі де кіреді.
Орташа зейнетақының мөлшері 100 мың теңге

2021 жылғы қаңтардан бастап сәуірге дейін республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеміне 274,2 млрд теңге, ортақ зейнетақы төлеміне – 620,1 млрд теңге жұмсалды, хабарлады ведомствода.

«2021 жылғы сәуірде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,2 млрд теңге жұмсалды, олардың ішінен базалық зейнетақы төлеміне – 68,4 млрд теңге, ортақ зейнетақыға – 154,8 млрд теңге жұмсалды. 2021 жылғы 01 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2,245 млн адамды құрайды», – деректерді келтірді Еңбек министрлігінде.

2018 жылдың 01 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға жеке, оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескеріп тағайындалады. Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 01 қаңтарға ортақ жүйеде жұмыс істелген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер қосылады.

«Сонымен, егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан кем жылдарды құраса, сондай-ақ ол болмаған кезде базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54%-ға тең, одан әрі оның мөлшері 10 жылдан жоғары әрбір жылға 2%-ға ұлғаяды. Мысалы, 20 жыл қатысу өтілі кезінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 74%-ды, 30 жыл - 94%-ды құрайды. 33 және одан астам жылдар өтілі кезінде ол ең жоғары мөлшерде белгіленеді – ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100% мөлшерде», - түсіндірді ведомствода.

Дереккөзі: https://lsm.kz/srednyaya-pensiya-na-1-maya

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Бес ресейліктің төртеуі 2024 жылы жинақ құруды жоспарлап отыр
Бес ресейліктің төртеуі 2024 жылы жинақ құруды жоспарлап отыр

Ресейліктердің көпшілігі (81%) алдағы жылы жала...

Сақтандыру компанияларын өз агенттері үшін жауапты болуы міндеттейді
Сақтандыру компанияларын өз агенттері үшін жауапты болуы міндеттейді

Мәжіліс депутаттары сәрсенбі күні пленарлық о...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 641 млрд теңгеге өсті
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 641 млрд теңгеге өсті

2024 жылдың бірінші наурызына Бірыңғай жинақтау...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру