bs-preloader__icon
ru kz en

Англия: еркін зейнетақы немесе кепілдендірілген табыс?

Мыңдаған британдықтар шешім қабылдауы тиіс, деп хабарлайды theuk.one.
Англия: еркін зейнетақы немесе кепілдендірілген табыс?

Бұрын Ұлыбританияда тіркелген төлем зейнетақыға қаржы жинаудың көптеп пайдаланылатын тәсілдердің бірі болған.  Сіз және Сіздің жұмыс берушіңіз белгілі бір соманы жинайсыз, ал содан кейін, зейнеткерлікке шыққаннан кейін сіздің қызметіңіздің мерзіміне, жалақыңызға және банктегі қорланымның коэффициентіне байланысты төлемге ие болсаз. Зейнетақы төлемдері кепілдендірілген және инфляциямен индексацияланады. Зейнетақы көбіне сіздің маңсабыңыздың соңында жалақыңыз бойынша есептелінеді, сондықтан оны final salary деп атайды.

Бүгінгі таңда бұл елде зейнетақы қаражатын жинаудың алдыңғы қатарлы тәсілдердің бірі тіркелген жарна салу: өсіп келе жатқан шығындар қызметкерлерді зейнеткерлікке қаражатты тіркелген төлемдер әдісімен жинауды тоқтатуға мәжбүрледі. Осы қағидалар бойынша Сіз және Сіздің компанияңыз есеп шотқа қаражатты жинайды, алайда төлемдер жүргізілетіндігіне еш кепілдік жоқ.

Зейнеткерлік жасқа жеткен кезде Сіз банктегі есеп шотта жиналған ақшаны аласыз да, оны өзіңіздің қалауыңызша жұмсайсыз. Сіз зейнетақы аннуитетін сатып ала аласыз, табысты алу схемасына ауысып немесе қажет болған жағдайда қолма-қол ақшаны шешіп ала аласыз.

Зейнеткерлікке қаржы жинаған 30 мыңнан астам британдықтарға аннуитеттің жоғары мөлшерлемесінен бас тартқан жағдайда, олардың қорланымдарына қомақты үстемақыны төлеу ұсынылды. Royal London сақтандырушының хаттарында жоғарыда айтылған талаптар негізінде зейнетақы депозитін 30 мыңнан 48 мың фунт стерлингке дейін арттыру ұсынылды.

Кепілдендірілген мөлшерлемелер пайыздық мөлшерлемелер әлдеқайда жоғары болған кезде Ұлыбританияда 80-90-жылдарда сатылған миллиондаған зейнетақы полистерінің бір бөлігі болған еді.

Бүгінгі таңдағы ең үздік аннуитеттік мөлшерлемесі кезінде 100 мың фунт стерлинг мөлшердегі қорланым үшін 65 жастағы зейнеткер өзінің қалған өміріне жылына 5400 фунт стерлинг зейнетақысын сатып ала алады. Кепілдендірілген мөлшерлемелер 9-13% құрады, бұл зейнеткердің болжамды табысынан жылына 10 мың фунт стерлинг немесе одан көп табысынан екі есе жоғары соманы алар еді дегенді білдіреді.

Алайда полистер сатылғаннан кейін өмір сүрудің орташа ұзақтығы өсіп кетті және пайыздық мөлшерлемелер тарихи минимумдарға дейін түсті. Зейнетақы компаниялары өздері бақылай алмайтын шығындарды іздестіруге мәжбүр.

Осылайша, Royal London компаниясы 2001 жылы сатып алған Scottish Life компаниясының бұрынғы 33 мың клиентіне хаттарды жолдап, олар жаңа енгізілімге қызығушылық танытады деп күткен.

Компания мөлшерлемелер жоғары құндылыққа ие болғанын мойындайды, алайда ұсынысты қабылдау зейнетақы депозиті мөлшерінің өсуіне әкеп соқтырады және адамдарға өз қорымен өз қалауынша иелік етуге мүмкіндік береді.

Кеңесшілердің сөзінше, «тек бірнеше адамдарға кепілдедірілген аннуитеттік мөлшерлемеден бас тарту қажет болады». Екінші жағынан егер біреулер аннуитетті алғысы келмесе, немесе егер кепілдендірілген ұсынысқа жұбайының зейнетақысы кірмесе, онда мұндай мөлшерлеме біз ойлағандай, құнды бола алмайды.

 «Өз кепілдіктерін сақтауға ниет білдірген кез келген біздің клиент оны істей алады, оған бұл өзгерістер қатысты болмайды. Қазіргі таңда осы кепілдіктермен, әсіресе қоры аса үлкен емес көптеген зейнеткерлер, кепілдендірілген мөлшерлемесінен ешқандай артықшылыққа қол жеткізе алмай, өз қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырады, өйткені шотынан өзіне қажет сомасын алуды жөн көреді», - деп басу айтады Royal London өкілі.

Дереккөзі: https://theuk.one/svobodnaya-pensiya-ili-garantirovannyj-doxod-tysyacham-britancev-pridetsya-opredelitsya/

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сыйлықақыларды жылдамдатты
Сыйлықақыларды жылдамдатты

ӨСК 2020 жылғы сегіз айының қорытындысы бойынша ...

Қалай табыс табуға және сақтандырылуға болады
Қалай табыс табуға және сақтандырылуға болады

Қазақстанда бірнеше жыл бойы өмірді сақтандыр...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру