bs-preloader__icon
ru kz en

Жақсы зейнетақы неден басталады?

Ресейде зейнетақы жасы деңгейінің көтерілуі адамдардың қартайған шағында қаржылық қамсыздандыруы мәселелерін өзектендіре түсті. БАҚ-та көптеген мақалалар осы тақырыпқа арналады. Сарапшылар қазірден бастап өз қаражатын қалай жинап, инвестициялауға болатындығы бойынша кеңес беруде. Қартайғанда құр қалмау үшін жастар қазірден бастап жақсы жалақысы, сонымен қатар аударымдар, қорланым және инвестициялардың маңыздылығы туралы ойлану керек.
Жақсы зейнетақы неден басталады?

Forbes.ru есептегендей, Ресейде қазіргі жастардың жылына 240 000 рубль жалақысынан (айына 20 000 рубль) Зейнетақы қорына жыл сайынғы аударымдар 52 800 рубльді құрайды. 20 жыл ішінде ол жақта барлығы 2 миллиона 112 мың рубль жиналады. Егер әйел 23 жастан бастап жұмыс істеген болса, ал зейнетке 63 жаста шықса, онда 80 жас өмірдің орташа ұзақтығында өмір сүру жасы 17 жылды құрайды. Зейнетақы қорынан төлемдер жыл сайын 117 333 рубль немесе айына шамамен 10 353 рубль деңгейінде болады. Қазір ауылдардағы қариялар осыдан сәл көбірек алады.

Жалпы әлемнің түрлі елдерінде зейнетке шығу мерзімі 62 жас пен 70 жас аралығында. Ең көп жұмыс істейтін ұлтқа жапондықтар жатады. Зейнетақы жасын көтеру тренді өмір ұзақтығын ұлғайтқаннан соң дамыған елдердің бәрінде байқалады. 60 жасқа тең жас деңгейі Украинада ғана сақталған еді. Алайда биылғы жылы ол жақта да мемлекеттік зейнетақыны алу үшін минималды еңбек өтілін 25 жылға дейін көтерді, ал 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 35 жылға дейін жетеді, деп Forbes.ru атап көрсетеді.

Қазіргі таңда Еуропада зейнетақы қамсыздандырудың таратушы (ортақ) жүйесі сақталмаған, бұл жүйе бойынша жұмыс істейтін азаматтар қарияларды асырап отыратын. Ол қария адамдардың санының ұлғаюы салдарынан жойылды. Жұмыс істейтін халық зейнеткерлерді асырап жүрген жалғыз ел ол Грекия болатын. Бірақ бұл оны экономикалық дағдарысқа ұшартудың себептерінің бірі болды.

ЕО түрлі елдерінде осындай жағдайдан шығудың түрлі жолдарын қарастыруда. Германияда үш деңгейлі жүйе қолданылады. Ол мемлекет, жұмыс беруші (кәсіпорын немесе компания) және адамның өзінің қоса қаржыландырудан тұрады. Қорға аударылатын төлемдер орташа есеппен жалақыдан бестен бір бөлігін құрайды. Азамат неғұрылым көп ақша аударатын болса, болашақ зейнетақы соғұрылым көп болады. Еңбек өтілі де маңызды рөл атқарады: минималды зейнетақыны алу үшін кемінде бес жыл жұмыс істеу керек. Минималды зейнетақы €300 құрайды, ер адамдар ай сайын орташа есеппен €900 алса, әйелдер — €500 алады. Келесі жылы ГФР-де зейнетақы жасы 67 жасқа жететін болады.

Кәрілікке қорды қалыптастырудың ұқсас қағидалары Ұлыбританияда да бар, ол жақта әлемдегі ең көне зейнетақы жүйесі қолданылады. Мемлекеттік зейнетақы екі бөліктен – негізгі және қосымша бөліктен тұрады. Бірінші бөлік әлеуметтік сақтандыру қорына төлемдер жасалған кезеңге байланысты болса, екіншісі – жалақы деңгейі мен басқа жеңілдіктердің болуына байланысты. Толық зейнетақыны алу үшін еркектер кемінде 44 жыл жұмыс істеу керек, ал әйелдер – 39 жыл.

Толық зейнетақы аптасына £155 (шамамен $202) құрайды. Сонымен қатар соңғы жылдарда мемлекет өз қызметкерлері үшін өзіндік зейнетақы кепілдіктерді қалыптастыру үшін компанияларды белсенді түрде ынталандырады. Зейнетке шығу жасын британдық үкімет 65-тен 68 жасқа дейін көтеруді жоспарлап отыр.

Forbes.ru редакциясы «қазір зейнетақыны үнемдеу дегеніміз өзінің болашағын үнемде дегенді білдіреді, өйткені ерте ме, кеш пе бәріміз қартаямыз» деген қорытындыны жасаған.

Қазақстанда өмірді сақтандыру компаниялары ұсынып отырған өмірді жинақтаушы сақтандыру қызметін жас кезінен бастап пайдалануға болатындығын хабарлаймыз. Бұл өз өмірін сақтандырып, сонымен қатар кәрілікке де, өмірдегі орын алатын басқа маңызды оқиғаларға да ақша жинауға мүмкіндік береді. Өйткені жақсы зейнетақы жақсы қордан басталады, ал бұл қорды жинауды жастар ертерек бастағаны жөн.

Дереккөзі: http://www.forbes.ru/finansy-i-investicii/364365-cena-dolgoletiya-kakoy-dolzhna-byt-pravilnaya-pensionnaya-reforma

Фотосурет znatokdeneg.ru. сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Денсаулықты құрта алатын үш әдет аталды
Денсаулықты құрта алатын үш әдет аталды

Wirtualna Polska поляк порталы адам денсаулығына бұзу...

Жаяу жүру өмірді ұзартуға көмектесе ме
Жаяу жүру өмірді ұзартуға көмектесе ме

Кейбіреулер үшін жаяу жүру - қалыпты күнделікт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру