bs-preloader__icon
ru kz
✕

Ресейде сақтандырушылар жаңа қағидалар бойынша жұмыс жасайтын болады

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресейде сақтандыру компанияларының жұмысына арналған жаңа талаптар пайда болады. Олардың бірі – компаниялардың жарғылық капиталының мөлшерін 300 миллион рубльден 560 миллион рубльге дейінгі сомаға көтеру, деп "Парламентская газета" (pnp.ru) хабарлайды.
Ресейде сақтандырушылар жаңа қағидалар бойынша жұмыс жасайтын болады

Тиісті заң жобасын Мемлекеттік дума 11 шілде күні екінші оқылымда қабылдады. Жарғылық капиталдың минималды мөлшеріне талаптардың жоғарылатуы үш кезеңмен 2020 жылдан бастап 2022 жылға дейін жүргізіледі.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап әмбебап компаниялар үшін минималды капитал 180 миллион рубль деңгейінде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 240 млн рубль, ал 2022 жылғы 1 қаңтарда – 300 млн рубль деңгейінде белгіленеді. Өмірді сақтандырушылар үшін бұл шкала шамамен былай көрінеді: 310 млн рубль – 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, 380 млн рубль – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап және 450 млн рубль – 2022 жылдан бастап.

Өмірді сақтандырушылар үшін талаптар бұдан да қатаң болады – 520 млн рубль 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2021 жылдан бастап – 560 млн рубль, 600 млн рубль – 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап. Сонымен қатар сақтандыру компанияларына қандай да бір кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Сақтандырушылардың сақтандыру тарифін есептеу тәртібі де өзгереді – енді олар бұрын қарастырылған сақтандыру тарифтерін есептеу әдістемесіне сәйкес емес, актуарлық қызметтің стандарттарына сәйкес есептелуі тиіс.

Сақтандыру, қайта сақтандыру немесе өзара сақтандыру өызметін жүзеге асыруға лицензияны, сонымен қатар сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға лицензияны алу үшін ізденушілер ұсынуға тиіс құжаттардың тізімі де кеңейе түседі.

Дереккөзі: https://www.pnp.ru/politics/strakhovshhiki-budut-rabotat-po-novym-pravilam.html

Фотосурет quto.ru, Trend.Az сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Австралия генетикалық кемсітушілікке тосқауыл қояды
Австралия генетикалық кемсітушілікке тосқауыл қояды

Австралияда өмірді сақтандыру полистерін рәс...

Проблемалық қарызды қалай шешуге болады
Проблемалық қарызды қалай шешуге болады

Барлық азаматтардың кез келген мерзімі өткен ...

Өсуші отбасылар үшін өмірді сақтандыру бойынша ұсынымдар
Өсуші отбасылар үшін өмірді сақтандыру бойынша ұсынымдар

40-50 жастағы адамдардың көбісі балаларының қам...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру