bs-preloader__icon
ru kz en

Білікті емес инвесторға инвестициялық өмірді сақтандыру нарығына кіру керек пе

ИӨС 2017 жылы Ресейе барлық сақтандыру нарығының драйверіне айналды, деп хабарлайды banki.ru. Банктер бұл өнімді ынталана сатуда, ал сақтандырушылар оған үлкен үміт артады. Бірақ оны кәсіпқой еместер үшін тыйым салуды ұсынатындар да пайда болды. Жеке меншік инвесторға «ИӨЖ ойнау» қажет пе және онда шынайы табыс алуға бола ма?
Білікті емес инвесторға инвестициялық өмірді сақтандыру нарығына кіру керек пе

Инвестициялық өмірді сақтандыруға (ИӨС) жаппай қызығушылықтың өсу аясында сәуір айының басында Совкомбанк оны іске қосқан соң тек бірнеше айдан соң өз топтамасынан бұл өнімді шығару туралы мәлімдеді. Банк басшысы өз тұрғысын клиент үшін өнімнің түсініксіздігімен және айқынсыздығымен  түсіндіреді және  ИӨЖ  сынып ретінде тыйым салуды және оған тек білікті инвесторларға рұқсат беруді ұсынады. Яғни қаржылық нарықтың қарапайым қатысушыларына осылай табыс табу мүмкіндігін айыруды ұсынады. Банки.ру  бұл тұрарлық іс пе екенін айқындауды шешті – ИӨС бойынша орташа банк депозитіне (6—7%) қарағанда  табыс алуға болады ма және клиент компания мен стратегияны таңдау кезінде неге көңіл бөлу керек. 

ИӨС өнімін қалай таңдауға болады

ИӨС келісім шарттары бойынша табыстылықты банктер зауықсыз ашады, сондықтан «емхана бойынша орташа температураны» есептеу қиын және көрсеткішті емес. Инвестордың  жеке табысы  көптеген факторларға, соның ішінде  кіру нүктесіне және келісім шарт мерзіміне  тәуелді. Шынайы табысты шыққан сәтте ғана, яғни келісім шарт мерзімі аяқталған кезде бағалауға болады. Осы нарықтың көптеген  ойыншыларында («РГС Өмір», «АльфаСақтандыру» және «Сбербанк Өмірді сақтандыру» басқа) жаппай келісім шарттарды жабу болған жоқ. Сондықтан қазіргі сәтте белгілі бір аралықта қосымша табысты белгілейтін өнімдер туралы, не болмаса,  базалық активтің өсуі туралы айтуға болады, одан ақырында клиенттің табысы тәуелді.

Сарапшылар қазіргі экономикалық шынайылықта қандай активтерге инвестициялау керектігі туралы  кеңес беруге тырыспайды:  не құлайтыны, не өсетіні туралы алдын ала болжау мүмкін емес. Салым салу  қажет стратегиялар мен нақты инвестициялық-сақтандыру өнімдеріне   қатысты  осы жерде бірнеше негізгі ұсыныстар бар.

Біріншіден қатысу коэффициентіне (ҚК) көңіл бөлу керек, ол өнім бойынша  табыс потенциалын анықтайды. «Қатысу коэффициенті төмен болған жағдайда базалық активтің жоғары табыстылығы кезінде де көп пайда алуға мүмкін емес», - деп белгілейді Бүкіл Ресейлік сақтандырушылар кеңесінің өмірді сақтандыруды дамыту комитетінің төрағасы Максим Чернин, - Бірақ әртүрлі базалық активтер үшін «жақсы» ҚК әртүрлі болатынын түсіну керек. Бұл мағынада  өнім бойынша базалық активтің өзіне де,  қатысу коэффициенті қолданылатын динамикаға да  назар аудару керек. Қазіргі күні дамыған елдерде (АҚШ, ЕС, Жапония) акциялар нарығына салым салу кезінде 100—120% ҚК  жақын салым жақсы бағыт болып саналады.

Егер бұдан да тәуекелді салымдар туралы айтсақ, мысалы, дамушы елдердің нарығы, жоғары технологиялар нарығы, шикізат нарығы, онда ҚК 40—70% шекте ауытқуы мүмкін. Бұл жағдайда математика аса қарапайым: егер дамыған елдер  ұзақ мерзімде 5—10% табыстылық берсе, онда ҚК 100—120% кезінде оларға инвестиция салудың мәні болады, ал дамушы нарықтар мен хай-тек 15—25% алып келуі мүмкін, бұл  тұрарлық табысты 50—60% қатысу кезінде алуға мүмкіндік береді. «Соңғы 5-10 жылда базалық активтің өзі қандай табыстылық көрсеткенін нақты түсінуге тырысыңыз. Содан кейін оған қатысу коэффициентін қолдана отырып, ИӨС өөнімінің мүмкін табыстылығын өздеріңіздің күтімдеріңізбен және альтернативті құралдармен, мысалы депозиттермен салыстыру мүмкіндігі болады. Клиент менеджерінде әдетте бұндай ақпарат бар және оны сіздің өтініміңіз бойынша  ұсына алады»,- деп кеңес береді Максим Чернин.

 Нақты өнімді таңдау кезінде көңіл аудару қажет екінші маңызды жайт, - банктің комиссиялық сыйақысы. Өте үлкен комиссиялар клиенттің барлық табыстарын «жеп қояды». Сіз банк-сатушыдан оның комиссиялық сыйақысы өлшемін ашып айтуды талап ете аласыз – заң бойынша ол айтуға міндетті.

Сонымен қатар ұзақ мерзімді ИӨС келісім шартының  үлкен табыстылық потенциалына ие екенін ескеру керек. «Мен өзім инвестициялау мерзімі бес жылға жақын өнімдерге көбірек сенемін. Оның табыстылығы ықтимал жоғары, себебі  одан қысқа мерзімді келісім шарттар бойынша сақтандырушы жоғарырақ белгіленген бөлігін сенімді,  бірақ табыстылығы аз активтерге салуға міндетті – клиентке салынған қаоажаттарын қайтаруға кепілдік беру керек», - дейді БСК комитетінің басшысы.

Өте үлкен комиссиялар клиенттің барлық табыстарын «жеп қояды». Сіз банк-сатушыдан оның комиссиялық сыйақысы өлшемін ашып айтуды талап ете аласыз – заң бойынша ол айтуға міндетті. 

ИӨС өнімін таңдау кезінде қаражаттарды қайтару кепілдігінің өлшемі де аса маңызды. Сарапшы түсіндіргендей, қазір әрекеттегі келісім шарттар бойынша жарна сомасының жүз пайыздық қайтарылуына кепілдік беріледі, бірақ бұл сәт ешқандай заңмен бекітілмейді. Нарықта салынған соманың 110% кепілді қайтарылатын өнімдер бар, 100% төмен кепілді қайтарылатын өнімдер де туындау мүмкін.

Айта кетсек, ИӨС – таза ресейлік өнертабыс. Бұл unit linked деп аталатын, немесе отандық терминологияда  өмірді үлестік сақтандыру (ӨҮС)  тақырыбының нұсқасы, онда инвестицияларды қайтарудың  жүз пайыздық кепілдігі жоқ. Ал сы түрін Ресей Банкі дамытпақ – бұл  өмірді сақтандыру стратегиясын кең талқылау үшін реттеушімен жарияланып жазылған. Қазіргі күні РФ ӨҮС жүзеге асырылу үшін заңнамалық базасы жоқ.

Сонымен қатар сатып алу сомасы да– клиент келісім шартты мезгілден бұрын бұзған жағдайда ала алатыны  маңызды мәнге ие. Сізге шұғыл түрде салынған қаражаттарыңыз қажет болып қалу мүмкін, бірақ ИӨС келісім шарты  егер келісім шарт мерзімі аяқталмаса салымның бір бөлігін ғана қайтаруды қарастырады. Ол да түсінікті: активтерден қаражаттарды мерзімнен бұрын алу инвестициялық табыстың бір бөлігінің жоғалуына алып келеді.

Максим Чернин сонымен қатар ИӨС келісім шартындағы әртүрлі опцияларына назар аударуға кеңес береді. Мысалы, белгілі бір кезеңге (жыл, алты ай және т.б.) инвестициялық табысты бекіту мүмкіндігі бар, не болмаса тапқан қаражаты шығарып алатын, не болмаса бұл ақшаны бастапқы салым сомасына қосуға болатын келісім шарттар бар. «Бүгінгі күні ИӨС бойынша купондық өнімдер пайда бола бастады, олар еге триггерлік жағдай туындаса, бастапқыда келісілген соманы (купонды)  төлеуді қарастырады», - деп айтады Чернин. Бұндай «триггерлік жағдай» мысалы, базалық активті белгілі бір деңгейде сақтау болуы мүмкін. Егер бұл шарт қадағаланбаса, купондық табыс төленбейді.

 Ресей нарығының құбылмалылығы кезінде маңызды сәт базалық активті ауыстыру мүмкіндігі: мысалы, «мұнайдан» долларға кету  бола алады.

Белгіле, егер қолыңнан келсе

Банки.ру жетекші нарық ойыншыларынан ИӨС табыстылығы және базалық актив өсуімен жағдай қалай жүріп жатқаны туралы сауалнама жүргізді.

«Сбербанк Өмірді сақтандыру»  СК клиенттері 2017 жылы  ИӨС полистері бойынша қосымша табысты шамамен 1 млрд рубль жалпы сомаға қосымша табыс белгіледі, ал «қосымша инвестициялық табысты төлеу» опциясы бойынша сома 375 млн рубль құрады. Сақтандырушы мәлімдегендей, олар белгілеген және төлеген инвестициялық табыс орта есеппен полиске 10% құрады. Ең көп белгілеу және төлем саны ИӨС келісім шарттарына «Жаңа технологиялар» (орташа табыстылық 37,5% жылдық құрады), «Сбербанк акциялары» (8,3%) және «Ауқымды облигациялар қоры» (6%) құрады. 2017 жылы нақты полистер бойынша белгіленген табыстың максималды мөлшері «Ауқымды облигациялар қоры» стратегиясы бойынша 60,61%, «Сбербанк акциялары» стратегиясы бойынша  46,41% және «Жаңа технологиялар» стратегиясы бойынша 43,21% құрады.

«ВТБ Өмірді сақтандыру»-да  2017 жылы ең табыстысы «Алтын» және «Әлемдік байлық» құрады. «Жалпы әртүрлі стратегиялар бойынша базалық активтердің өсуі 2017 жылға 12% дейін құрады. 2017 ж жабылғаг ИӨС келісім шарттар бойынша орташа табыстылық 6—7% жылдық құрады», - деп айтып берді Банки.ру компанияның бас директоры Максим Пушкарев.

«РГС Өмір» СК бас директоры Евгений Гуревич орта есеппен 2018-2019 жылдары төлеу қажет компанияның көптеген клиенттері үшін төленген жарналарға шаққанда 10—20% диапазонда табыстылық күтілуде дейді.

«Өздігінен инвестициялау шегінде клиент көбірек ала алады, бірақ пайыз ғана емес, жалпы инвестициялар «денесі» тәуекелі бар. Өз алдына бастапқы салымдардың жүзпайыздық сақталу кепілдігін  инвестициялауда алғашқы қадамдарын жасайтын, өз капиталын қаражаттарды минималды  жоғалтумен бірегей басқару мүмкіндігі бар адамдар береді» - деп санайды спикер.

«Ренессанс Өмір»  компаниясының кілтті ИӨС  өнімі  сенімді басқару қағидаларында жұмыс істейді, инвестициялау көптеген өмірді сақтандырушылардың көбі сияқты деривативтерге емес құнды қағаздарға салынады, сонымен қатар компания белсенді трейдинг жүргізуде. «Қазіргі уақытта біз  тәуекел бөлігінің шамасы бойынша өзгермелі төрт негізгі стратегияны ұсынамыз: «Консервативті» (акцияға инвестициялаудың минималды үлесі), «Теңгерілген» (акцияға  инвестициялаудың орташа үлесі), «Агрессивті» (акцияға инвестициялаудың жоғарылатылған үлесі) және «Агрессивті плюс» (акцияға инвестициялаудың үлкен үлесі), - деп айтып берді компания президенті Олег Киселев. — 2017 жылы аяқталған ИӨС бес жылдық полистері бойынша салымға шаққанда орташа табыстылық  біздің компанияда 7,8% жылдық құрайды, ең үлкен көрсеткішті ең тәуекелді стратегиялар көрсетті"

«Оралсіб Өмір» СК өнідерін әзірлеуші топ жетекшісі Максим Решетниковтың айтуынша компанияда ИӨС келісім шарт бойынша бойынша базалық активтердің өсуі 1,5% -дан 10% дейін  ауытқиды «Бізде жабық полистер болғн жоқ, себебі ИӨС компанияда 2015 жылдың қараша айында басталды, ал  келісім шарттың минималды мерзімі – үш жыл. Біздің инвестициялық стратегиялар топтамасында жыл қорытындысы бойынша «Әлемдік нарықтар облигациялары» ең табысты болды, - мәлімдейді Решетняк. – Ол экономиканың әртүрлі секторлары бойынша таралған, сенімді құралдармен жұмыс істейтін ауқымды облигациялар қорына (M&G, JP Morgan, BlackRock, Schroders) инвестициялаудан тұрады. 2017 жылы ИӨС полистері бойынша «Оралсіб» шамамен 50 сақтандыру жағдайларын реттеп, 15 миллион рублдей төледі».

 «Ингосстрах-Өмір»-де ИӨС бойынша 2018 жылдың күзінде бірінші өмірдің ақырғы мерзіміне дейін қамсыздау күтілуде.  Инвестициялық стратегиялар жағынан компанияда High Water Mark опциясы қарастырылған, ол жыл сайын қосымша инвестициялық табысты клиент шотына  аударуды қарастырады – егер бұл жылда актив өзінің полистік жылдығында белгіленген алдыңғы максималды мәніне мәніне қатысты өссе, төленеді. «Бұл опция ИӨС өнімдеріне 2017 жылдың тамыз айында қосылған, сәйкесінше бірінші нәтижелерді біз 2018 жылдың тамыз айында көреміз», деп хабарлады компанияның бас директоры Владимир Черников.

2017 жылдың І кварталында жасасқан келісім шарттар бойынша (толық жыл өңделген стратегиялар) бойынша «Ингосстрах-Өмір» СК қатысу коэффициентін ескеріп орташа динамика жылына 9% астам  құрады (белгілі бір траншқа кірген клиенттердің саны ескерілмеген әртүрлі стратегиялар бойынша). Өсім көшбасшылары «Инновациялық фармоцевтика» және «Теңгерілген өсу» болды.

«ИӨС бойынша 2017 жылы біз жалпы сомасы 2 380 654 рубль құраған бес сақтандыру жағдайы бойынша төлем жүргіздік. 2017 жылы өмірді инвестициялық сақтандыру келісім шарттарының жалпы саны 9 183 құрады», - деп Банки.руға айтып берді Черников.

«ЭРГО Өмір» СК-да «өмірдің ақырына дейін қамсыздау бойынша» жақын төлемдер төрт жылдан кейін күтілуде, себебі ИӨС өнімдерін сату компанияда 2016 жылдың аяғында басталған.

Ең табысты базалық актив «Жаһанды қауіпсіздік» болды, ол 2017 жылға 29,8% өсуді көрсетті, 2017 жылы негізгі нарық индекстерінің табыстылығынан озып түсті (мысалы 2017 жылы S&P 500 индексінің табыстылығы 19,4% құрады).

«Индекстің тамаша өсуіне қарамастан, ИӨС өнімі бойынша табысты төлеу келісім шарт мерзімінің соңында жүргізілетінін ескеру керек. Сондықтан өнімнің қорытынды табыстылығына  «Жаһанды қауіпсіздік» индексінің ары қарай динамикасы  біршама әсер етеді,  ол 2017 жылдың өрлеу трендіңн жалғастырып, өнім табыстылығын арттыру мүмкін, не болмаса бұл трендті өзгертуі де мүмкін» - деп белгілейді компанияның жеке сақтандыру түрлері жөнінде  басқарма төрағасы Михаил Чехонин.

 Егер ИӨС нарығының  жетекші ойыншыларының аралық нәтижелерін жалпыласақ, орташа табыстылық көрсеткіштері банк депозиттері бойынша ставкадан асып түседі (6—7% қарсы 8—12%), бірақ біз күткендей онша көп емес. 

 Әрекеттегі өнімдер бойынша табыстылық белгіленбейдіі, бірақ осы жылы «ЭРГО Өмір)  жеткен базалық актив табыстылығын жыл сайын белгілейтін ИӨС сақтандыру өнімін іске қосуды жоспарлауда, ол сонымен қатар келісім шарттың мерзімінің аяқталуын күтпей, әр жыл соңында тапқан табыстылықты нақты төлеу мүмкіндігін қарастырады.

Бұдан басқа жаңа ИӨС өнімі – келісім шартта белгіленген купон ставкасы бар өнім («Сбербанк Өмірді сақтандыруда» осыған ұқсас өнім –«СмартПолис купондық» бар)  іске қосуға  жоспарлануда, деп айтып берді Михаил Чехонин. Купон ставкасы банк депозиттеріне немесе сапалы облигацияларға қарағанда жоғары болады, бірақ купон толық (базалық актив динамикасы бойынша шарттарды орындаған жағдайда), сол сияқты ішінара есептелуі мүмкін, бірақ жыл қорытындысы бойынша мүлдем есептелмейі де мүмкін. Әдетте, төлем шарты жыл бойы базалық активтердің құлауының болмауы болып табылады.  Бұл өнім  мақсатты табыстылыққа жету үшін базалық активтің біршама өсуін талап ететін классикалық ИӨС өнімінен түбегейлі ерекшеленеді.

Егер ИӨС нарығының  жетекші ойыншыларының аралық нәтижелерін жалпыласақ, орташа табыстылық көрсеткіштері банк депозиттері бойынша ставкадан асып түседі (6—7% қарсы 8—12%), бірақ біз күткендей және бірқатар жағдайда ИӨС сататын банк кеңесшілері уәде еткендей онша көп емес. Ең табыстылары базалық активтері  жаңа технологиялар саласында (соның ішінде фармасаласында)  жұмыс істейтін  компаниялардың құнды қағаздары болып табылатын стратегиялар,  сонымен қатар «күрделі салалас» базалық активтері бар стратегиялар («ЭРГО Өмір» компаниясының «Жаһанды қауіпсіздік» және «Ингосстрах-Өмір» «Теңгерілген өсімі») болды.

Ольга КУЧЕРОВА, Banki.ru

Ақпарат көзіhttp://www.banki.ru/news/daytheme/?id=10382331

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Инсульт қаупін шамамен жартылай төмендететін қарапайым жеті әдет
Инсульт қаупін шамамен жартылай төмендететін қарапайым жеті әдет

Хьюстондағы (АҚШ) Техас университетінің ғалым...

Егер сақтандыру агентінің портфелін сипаса …
Егер сақтандыру агентінің портфелін сипаса …

Сақтандыру агенті – өз өмірлерін қауіпсіз жа...

Өмірді сақтандыру саласындағы ЖИ
Өмірді сақтандыру саласындағы ЖИ

Соңғы болжамдарға сәйкес, 2024 жылға қарай сақта...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру