Жарақат алуға аса жақын балалары мен қарт ата-аналары бар адамдарға оларды емдеу дәне жазатайым жағдай басталғанда қалпына келтіру шығындарын көтеру қажет болады.
Жарақаттардың материалдық салдарымен жазатайым оқиғалардан сақтандыру көмектеседі. Сақтандыру төлемі отбасыда асыраушыны жоғалтумен байланысты материалдық қиындықтарды жеңіге көмектеседі немесе оның еңбекке қабілеттілігінен айырылуы кезінде қосымша емделу және тамақтану шығындарын өтеу үшін қолданылады.
Қандай жарақаттар сақтандыру полисімен өтеледі?
Сақтандыру полисі өтейтін дене жарақаттары жазатайым оқиға болып табылады, себебі олар зардап шегішңнің тілегіне және мүмкіндіктеріне тәуелді емес.
Сақтандыру жағдайларына әдетте келесі жарақаттар түрлерін жатқызады:
· сүйектердің сынуы;
· жүйке тамырларының үзілуң, шеміршектер бүтіндігінің бұзылуы, буын шығуы;
· соққы немесе құлау нәтижесінде ішкі мүшелерді зақымдануы, соның ішінде көз, есту мүшелері зақымдануы, ішінара немесе толық жоғалту;
· күю;
·жарақат салдарынан жасалған ота.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде не істеу керек?
· Бірден медициналық мекемеге жедел медициналық жірдем алу үшін қаралу;
· Сақтандырушыға келісім шартпен және сақтандыру ережелерімен орнатылған мерзімде (әдетте 30 күнге дейін) сізбен болған (немесе басқа сіз сақтандырған тұлғамен) сақтандыру жағдайы туралы жазбаша хабарлама беріп хабарлау.
· Сақтандыру жағдайы басталу фактісін растайтын барлық қажетті құжаттарды жинау.
· Сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішті толтырып, сақтандыру компаниясына жөнелту.
Қандай төлемдерді алуға болады?
Жазатайым оқиғалардан сақтандыру келісім шарты бойынша төлемдер келесі жағдайларда жүргізіледі:
- Дене жарақаттары жағдайында, әдетте төлем бір рет төленеді, оның мөлшері сақтандырушымен «Дене жарақаттары бойынша сақтандыру төлемдерінің кестесіне» сәйкес сақтандыру полисінде көрсетілген сақтандыру сомасынан пайызбен анықталады.
- Егер жазатайым оқиға нәтижесінде уақытша еңбекке қабілетсіздік немесе ауруханаға жатқызу орын алса, сақтанушыға төлемдер сақтандыру жәрдемақысы түрінде төленеді. Оның мөлшері уақытша еңбек қабілеттілігінен айырылу немесе ауруханаға жатқызу ұзақтығына тәуелді және төлеу мерзімі алдын ала келісім шартта белгіленеді;
- Еңбек қабілеттілігінен толық айырылу (мүгедектік) немесе қайтыс болу жағдайында. Төлем көбінесе бір мезгілде келісім шартта көррсетілген сақтандыру сомасын төлеу арқылы жүргізіледі.
Қандай айрықша ерекшеліктер бар?
Кез келген басқа сақтандыру келісім шарты сияқты, жазатайым оқиғалардан сақтандыру полисі бірқатар ерекшеліктерден тұрады. Ең бастысы, сақтандыру полисі жабатын тәуекелдердің тізімін және олардың жаппайтын тізімін мұқият зерттеу керек. Сақтандырушы төлемнен бас тарту жағдайлары да болады. Мысалы, сақтандыру келісім шартымен сақтанушы алкогольді және есірткілік мас күйде болған жағдайда болған жағдайлар төленбейді.
Сонымен қатар айрықша ерекшелік тізімінде қауіпті кәсіптік қызметтер немесе экстремалдық спортпен шұғылдану болуы мүмкін. Олар тәуекелді арттыратын факторлар болып табылады.
Сонымен бірге, егер сіз ссақтандыру жағдайының туындауын әдейі тырыссаңыз, онда компания сақтандыру өтеуін төлеуден бас тартады, себебі бұндай әрекеттер келісім шарттың шарттарын бұзу болып табылады және алаяқтық болып саналады. Егер сіз тәуекелдер тобына жатсаңыз, онда сақтандырушыны алдамаған жөн. Полис сізге арзанға түскенмен де, бұл айла әшкерленген жағдайда сақтандыру жағдайы кезінде сізге төлем төлеуге кепілдік болмайды.
Өмірде кездейсоқ және күтпеген оқиғалар болады және өкінішке орай, олар әрқашан жағымды құрам бөліктен тұрмайды. Қарқынды өмір ағынында біз өз қауіпсіздігімізді ескермейміз және жағымсыз ойларды ысырып тастаймыз. Бірақ сонда да бір сәтке кідіріп, қайғы келуін алдын ала ескертпейтінін ойлау керек, сондықтан алдын ала сақтанып, уақытылы өзіңізді және өз жақындарыңызды жазатайым оқиға салдарынан қорғаған жөн.