Осы жылдың бірінші тоғыз айы ішінде Латвиядағы Luminor банкі осы жас тобындағы клиенттерден өмірді сақтандыру туралы өтінімдердің 68%-ын алған, оған қоса олардың үштен екісі ер адамдар болған.
«Біздің бақылауымызша, дәл өмірлік маңызды оқиғалар туыстардың қатысы бойынша үлкен жауапкершілік сезімін туындатады, соның арқасында өмірді сақтандыруды алу туралы шешімге келеді. Көбінесе клиенттер отбасында бала дүниеге келгенде, үй алған кезде, некеге отырғанда немесе туыстың қайтыс болуын көрген жағдайда өмірді сақтандыру туралы ойланады», – дейді Балтық елдеріндегі Luminor дамыту бөлімінің басшысы Екатерина Зинича.
Ол, клиенттер өздеріне ипотекалық несиелер бойынша міндеттемелерді мойнына алған кезде, банк ұсынатын өмірді сақтандыруды жиі алатынын атап өтеді. «Адамдар олармен қандай-да бір жағдай болса, олардың отбасы қорғалатынына және ипотекалық несиені төлеу жөнінде қам жемейтініне сенімді болғысы келеді. Клиенттердің көбі немесе 80%-ы қарыз алушымен күтпеген жағдайларда несиелік міндеттемелер өтелуі үшін, ал туыстары одан босатылуы үшін, несие мөлшеріндегі сомада өмірді сақтандыруды қалайды. Кейбір жағдайларда егер отбасына кіріс төмендеген кезде, жағдайға оңай ыңғайлануы үшін, шамамен жылдық табыс деңгейінде «қауіпсіздік кепілі» қолжетімді болсын десе, қорғаныс сомасы одан да көбірек болып жатады. Жинақты құру сияқты, өмірді сақтандыру да тұрақты отбасылық бюджетті құрудың негізі болып табылады», - дейді Зинича.
Миллениалдар арасында өмірді сақтандырудың орташа сомасы 55 000 евроны, ал қорғаудың ең үлкен сомасы 220 000 евроға жуық соманы құрайды. ERGO сақтандыру қоғамының деректері бойынша төленіп жатқан өтемдер несиелік міндеттемелерді өтеу үшін және отбасылық бюджетті тұрақтандыру үшін жиі қолданылады.
Дереккөзі: https://rus.delfi.lv/news/o-nas/
Сурет ашық дереккөздерден