bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандықтардың өз зейнетақы жинақтарын шешіп алуға тағы бір мүмкіншілігі пайда болады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) зейнетақы аннуитетін рәсімдеуге өз жинақтарын жұмсаған қазақстандықтарда қазіргі уақытта оларды жеке мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі жоқ. Бірақ жуырда барлығы өзгереді. Тиісті заңға толықтырулармен NUR.KZ журналисттері танысты.
Қазақстандықтардың өз зейнетақы жинақтарын шешіп алуға тағы бір мүмкіншілігі пайда болады

Кім және қанша зейнетақы жинақтарын пайдалана алады

Қазақстандықтар өз зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдалана алады. Пайдалану ережелеріне сәйкес, өз жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) шешіп алуға болатын сомалар бұл ретте төмендегідей:

зейнетақы жасына жетпеген салымшылар үшін – міндетті және міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МЗЖ және МКЗЖ) есебінен қалыптасқан және жеткіліктілік шегінен асатын жинақтар;

зейнеткерлер үшін - МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан, зейнетақы жинақтары мөлшерінен 50%-ға дейін;

зейнетақы аннуитеті туралы шарт жасаған салымшылар үшін - МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан, БЖЗҚ-да жинақтар қалдығы.

Айта кетейік, зейнетақы жинақтарының бөлігі сонымен қатар оларға есептелген инвестициялық табыс болып табылады.

Зейнетақы аннуитеті және жинақтарды пайдалану

Өз зейнетақы шоттарында жеткілікті ақша жинаған салымшылармен барлығы түсінікті – олар жеткіліктілік шегінің үстінен оларды пайдалана алады. Ал зейнетақы аннуитетін рәсімдегендерде сонымен қатар жинақтар жеткілікті, бірақ олар сақтандыру сыйлықақысын жұмсады.

Еске салайық, зейнетақы аннуитеті – бұл БЖЗҚ салымшыларына өмір бойылық төлемдерді алу үшін, өмірді сақтандыру компаниясына өз зейнетақы жинақтарын аударуға мүмкіндік беретін сақтандыру өнімі. Мұны тіпті зейнетақы жасынан бұрын жасауға болады.

Зейнетақы аннуитетін рәсімдеу үшін сонымен қатар белгілі бір минимумды жинау қажет. Бірақ, төлем көбірек болу үшін кейбір салымшылар жинақтардың неғұрлым жоғары сомасын жұмсай алды.

Мысалы, ең төменгі төлемдерді алу үшін салымшы ЖЗШ-дан сақтандыру компаниясына жеті миллион теңгеге жуық аударуы тиіс болатын, ал ол төлемдер көбірек болуы үшін 10 миллион аударды. Алайда үш миллион теңгеге бұл қалдықды ол тұрғын үйге немесе емделуге жұмсауына болатын еді.

Қазіргі таңда мұндай артық қаражатты қайтаруға және пайдалануға мүмкіндік жоқ, бірақ заңнамаға өзгерістердің арқасында ол таяуда пайда болады.

БЖЗҚ-ға ақшаны қалай қайтаруға және оларды шешуге болады

Атап айтқанда, қыркүйектің ортасына қарай күшіне енетін түзетулер зейнетақы аннуитеті шартын жасаған адамдар шартты жасаған күннен бастап кемінде екі жылдан кейін сақтандыру ұйымына сақтандыру төлемдері мөлшерін азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлігінде шарт талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы екенін білдіреді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтаруға жататын ақша сомасы өзгерістер енгізу күніне өзекті, сатып алу сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының арасындағы айырмашылыққа тең.

Бұл ретте «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 60 бабына сәйкес, сатып алу сомасы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру ұйымының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстарының сомасы шегерiлiп, бұрын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Ал сақтандыру компаниясында қалуға тиіс сақтандыру сыйлықақысының сомасы салымшының өзекті жасын және ең төменгі жеткіліктілікті ескеріп жаңаша есептеледі.

Осылайша, егер салымшы БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына өзінің барлық зейнетақы жинақтарын аударса, онда заңға түзетулер енгізумен ол қайта есептеуді жасай алады, сақтандыру аннуитеті бойынша төлемдерді азайта алады, БЖЗҚ-ға қалдықты қайтара алады және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдалана алады.

Дереккөзі: https://www.nur.kz/nurfin/pension/1981581-u-kazahstantsev-poyavitsya-esche-odna-vozmozhnost-izyat-svoi-pensionnye-nakopleniya/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жазатайым оқиғадан сақтандыру – ойлануға себеп бар
Жазатайым оқиғадан сақтандыру – ойлануға себеп бар

Заманауи әлемде, күнделікті өзгермелі өмір қа...

Миды қартаюдан қандай диета қорғай алатынын анықтады
Миды қартаюдан қандай диета қорғай алатынын анықтады

Нейровизуализация әдісін пайдалана отырып, ди...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру