Біз қартайған шақта үйлерінде отырмай, бүкіл әлемді аралап жүрген еуропалық зейнеткерлерді көруге үйреніп қалдық. Бұл орайда «Еуропадағы зейнетақылар сондай жоғары. Ал бізде ше...» деген ой келеді. Алайда, шетелдіктердің қамтамасыз етілген кәрілік олардың өз еңбегі екенін ешкім білмейді, өйткені олар ақшаны зейнетке шықпай жатып, алдын ала жинауға кіріседі. Біздің елімізде, түрлі сауалнамаларға сәйкес зейнетке ақшаны жинайтындар аз. Неден бастасақ болады, қандай құралдарға жүгіну керектігі туралы сарапшылар әңгімелейді.
Сақтандырудан бастаймыз.
Сақтандырудың маңыздылығы туралы барлық сарапшылар айтуда. Егер сіздің отбасыңыздың өмірі сіздің табысыңызға тікелей байланысты болса, өзіңіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтандыру маңызды. Бір жағдай болып қалса, сіздің жақындарыңыз ақшасыз қалмайды. Бірақ бұл сіздің болашақ зейнетақыңызға қандай қатысы бар? Тікелей қатысы бар. Бүгінгі таңда сақтандыру нарығы қызықты өнімді – өмірді жинақтаушы сақтандыруды ұсынады. Бұл өнім банктік салымның және өмірді және денсаулықты сақтандырудың гибриді болып табылады. Сіз шотта жинақталатын тұрақты жарналарды жасайсыз, бұл жағдайда сіз бағдарламаның қолданылуының бүкіл мерзімде сақтандырылғансыз. Мысалы, зейнетке дейін.
Бұл өнім бойынша сіз қомақты табысқа қол жеткізе алмайсыз, алайда бұл жинақтаушы сақтандырудың мақсаты да емес.
«Өмірді жинақтаушы сақтандыру – бұл табыстылық туралы емес, өз қаржылық мақсаттарына қол жеткізу туралы. Өзінің табыстылығы бойынша оны банктік салыммен алыстыруға болады, яғни ақша табуға мүмкіндік болмайды. Алайда ол сақтандыру арқылы қорғау береді, және қандай да жағдай болмасын, өз мақсатына кепілдікпен жетуге мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда баяу, бірақ дәл жетуге болады. Сондықтан болашақ зейнеткерлерге өмірді және денсаулықты жинақтаушы сақтандырудан бастау маңызды», - дейді БКС компаниясының Калининград қаласындағы филиалының директоры Виталий Багаманов.
Жеке инвестициялық шот – салықты қайтарамыз!
Зейнеткерлікке шығуға көп уақыт қалған сайын, зейнетке ақша жинауға да мүмкіндіктер көп болады. Бірақ қалай ақша жинауға болады, неден бастау керек, қаражатты қайда инвестициялау керек? Жаңадан бастап келе жатқандар үшін жеке инвестициялық шот (ЖИШ) жинақтаудың жаман емес көзі.
Бұл кемінде үш жылға ашылатын брокерлік шоттың ерекше түрі және жыл сайын осы шотқа сіз салған жарнаңыздың мөлшерінде бірақ 400 мың рубльден жоғары емес салықтық шегерімді алуға мүмкіндік береді, деп «Персональный советник» компаниясының бас директоры, Қаржы нарығы жөніндегі федералдық қызметтің қаржы ағартушылық бойынша сарапшылар тобының мүшесі Наталья Смирнова әңгімелеп берді. https://vc.ru/41890-investicii-vmesto-pensii
«Яғни егер сіз ЖИШ ашатын болсаңыз, мемлекет сізге шотқа салынған соманың 13% кепілді түрде қайтарып береді», – деп Смирнова көрсетті.
«Бұл жаман емес бастама. Біз жыл сайын 400 мың салып, салықтың 13% қайтара аламыз. ЖИШ-ке ақшаны салу фактісінің өзіне ғана рубльмен бұл 52 мың. Сондай-ақ осы шоттан қаржыны түрлі қаржы құралдарына орналастырып, қосымша табысты алуға болады», – деп Багаманов толықтырады.
Сіздің жыл сайынғы табысыңыз 40 мың рубль құрайды дерлік. Осы сомадан қанша ақшаны жинақ қорға салуға болады? Алғашында аздан бастап – кем дегенде табыстың 5–10%-дан бастауға болады, дейді сарапшы.
«Айына қырық мыңнан бастап ЖИШ-ке 4000 рубльден салып – бұл шамамен жылына 50 мың рубльді құрайды. Біз қосымша 13%-ды қайтара аламыз, яғни жылына 6000 астам. Яғни бұл соманы біз қаржыны шотқа енгізу фактісінің өзінде біз пайданы көреміз», – дейді Багаманов.
Акциялар, облигациялар немесе ҮИҚ?
ҮИҚ өзі ақшаны салудың объектісі емес, бұл тек қана біз енгізіп отырған шот. Ал кейін біз сол ақшаны өз қалауымызша жарата аламыз. Мысалы, акцияларды, облигацияларды сатып алу, немесе инвестициялаудың басқа құралдарын пайдалану. Онда капитал тек жинақталып қана қоймай, сонымен қата көбейе бастайды.
«Егер сіз акцияларды талдағыңыз келмесе, онда мен ұсынатын ең қарапайым жол – бұл үлеспұлдық инвестициялық қорлар. Олар өте көп, бастапқыда мен ақшаны акциялардың үлеспұлдық қорларына салуды ұсынар едім. Олардың ортажылдық табыстылығы жылдық 15–20%-ды құрайтын болады. Бұл тіпті батыл болжамдар емес, олардың қалыпты деңгейдегі табыстылығы», – дейді Багаманов.
Сіз қаржыны инвестициялаудың кертартпа, бірқалыпты немесе агрессиялық стратегияны таңдай аласыз.
«Тәуекелге дайынсыз ба – басқарушылық компанияда агрессиялық стратегияны таңдаңыз немесе акциялардан немесе ETF (exchange-traded funds, яғни биржада сатылатын және сатып алынатын биржалық қорлар)акцияларының қорынан агрессиялық портфельді қалыптастырыңыз», – деп Смирнова кеңес береді.
Тәуекелгі дайын емессіз бе – басқарудың кертартпа стратегиясын таңдаңыз – мысалы, ОФЗ мемлекеттік облигациялары, ірі компаниялардың корпоративтік облигацияларын немесе ETF облигацияларын. Бірқалыпты стратегия – бұл, мысалы, акциялардың 50% (және ETF акциялары) және облигациялардың 50% және ETF облигациялары.
Алайда бір маңызды қағида бар: зейнетке жақындаған сайын, сіздің портфельіңізде тәуекелдің жоғары үлесімен құралдар аз орын алу керек. Шындығында зейнетке жақындағанда, депозиттер немесе облигациялар сияқты тәуекелсіз құралдардың үлесі 100% құру керек, дейді Багаманов. Алайда егер зейнетке дейін әлі алыс болса, онда тәуекелге бел бууға болады. Саналы шекте, әрине.
Қажетті валютада жинаймыз.
Егер сіз қарапайым депозитте қаржыны жинағыңыз келсе, қорланымдар үшін дұрыс валютаны таңдаңыз. Ресейде доллардың беріктігіне үйреніп қалды, сондықтан көптеген адамдар тек соны ғана сатып алуды артық көреді. Алайда ұзақ мерзімді қорланымдардың тағы бір әмбебап ережесі бар – сіз өз қорыңызды қай валютада жұмсағыңыз келсе, сол валютада жинағаны тиімді. Егер сіз зейнетке шыққанда Көкшіл жағада өмір сүру деген арманыңыз болса, онда ақшаны еврода жинағаны дұрыс. Егер сіз Балттық жағада өмір сүргіңіз келсе, онда рубльмен жинаса да болады, дейді Багаманов.
Қорланым үшін қандай құралды таңдамасаңыз да, мынаны естен шығармаңыз: егер сіз қартайғанда лайықты өмір сүруді қаласаңыз, онда ол туралы ертерек ойлағаныңыз дұрыс.
Дереккөзі: https://klops.ru/news/2018-08-01/178913-aktsii-obligatsii-i-strahovanie-zhizni-o-lichnyh-pensionnyh-nakopleniyah
Фотосурет ivbg.ru, flytothesky.ru сайттарынан алынды.