bs-preloader__icon
ru kz en

Ресей ОБ-ның араласуынан кейін өмірді сақтандыруда не өзгереді

Ресей Банкі өмірді сақтандыру полистеріне, және бірінші кезекте инвестициялыққа талаптарды күшейтпекші, деп хабарлайды портал «Страхование сегодня». Реттеуіш бірнеше өзгертулерді ұсынып отыр, бірақ олар айтарлықтай өзгертулер.
Ресей ОБ-ның араласуынан кейін өмірді сақтандыруда не өзгереді

Өзгертулер:

1. Сақтандырушыларға олар ӨИС-ті тәуекелді және инвестициялық құрауыштары бар өнім ретінде тұрғыландырғаннан кейін, полистердің тәуекелді құраушысын (қайтыс болған жағдайға) міндетті ету ұсынылып отыр. Нарықтың қатысушыларының көбісінде сақтандыру инвестициялық өнімдерінде өмірден кету тәуекелі қазір де бар, бірақ ерекшеліктер бар.

2. ӨИС бойынша сақтандыру қорғауы бірінші жарнаны төлеген сәттен бастап әрекет ететін болады. Қазір бірнеше айға кейінге шегеру көзделуі мүмкін – осылай сақтандырушылар сақтанушы сақтандыру жағдайы орын алғаннан кейін полиске бармас үшін, тұрмыстық алаяқтық тәуекелін азайтады.

3. Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда төлем екі еселік сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Әзірге мұндай талап жоқ, яғни бәрі сақтандырушының жомарттығына байланысты. Бірақ, бұл тәуекел орын алған кезде үлкен төлемдермен де өнімдер кездеседі.

4. Сақтандырушылар кез-келген ӨИС және қысқа мерзімді ӨЖС (жеті жылдан аз мерзімге) шарты бойынша капиталды және кірістілікті қорғау механизмдерін қарастыруы тиіс. Өнімдердің қазіргі түрлерінде капиталды 100 пайыздық қорғау әрдайым қарастырылмаған, 80% және одан төмен қорғаумен де өнімдер кездеседі. Яғни, егер ӨИС стратегиясы шығынды болса, сақтандырушы шарттың қолданылу мерзімінің аяғында клиентке бастапқыда ол төлеген сомадан тіпті азын қайтарады.

5. Сақтанушы енгізілген сомадан 100% қайтарумен үшінші жарнаны төлегенге дейін инвестициялық сақтандырудан бас тарта алады.

Өнімнің экономикасы бойынша соққы

Реттеуіштің ұсыныстарынан сақтандырушылар, сірә, есеңгіреп қалған сияқты, сұрау алғандардың көбісі пікір білдіруден бас тартты. «Біз қазіргі уақытта ешқандай түсініктеме бере алмаймыз, себебі әзірге реттеудің толық және ақырғы мәтіні жоқ, қазір сақтандыру бизнесінің барлық өкілдері ӨИС және ӨЖС сатудың жаңа шарттарының мәселесі бойынша реттеуішпен тығыз және тұрақты өзара әрекет етуде, - деген жауап қайтарды «АльфаСтрахование-Жизнь» компаниясында», сонымен бірге әрдайым клиенттердің өз кірістерін алуы үшін бағытталғандарын қосты. Осы қағиданың негізінде ӨИС және ӨЖС өнімдері жасалған болатын. Біз үшін сапалы сатылымдар маңызды, сол үшін біздің сату тәжірибелеріміз барлық клиенттерді сатып алатын өнімдер бойынша толық кеңес берумен қамтамасыз етеді.

«Мисселинг — бұл субъективтік ұғым: дұрыс түсіндіңіз немесе бұрыс түсіндіңіз, ал «қату кезеңінде» шарттардың күшін жою – бұл объективті ұғым, - деп «InsurSelling-2021. Продажи страхования» конференциясында  «Росгосстрах-Жизнь» бас директоры Алексей Руденко өз пікірін білдірді. 2019 жылы біз күшін жоғалтулардың үлкен санын көрдік – ол белгілі сегменттер бойынша 20-25%-ға дейін жетті. Қазір нарықта орта есеппен шарттардың 10% күшін жойып жатыр, ал 5% және төмен компаниялар да бар. Бірақ өмірді сақтандыру нарығында 5% да – ондаған миллиард рубль жіберіп алынған мүмкіндіктер. Сол үшін жұмысты жалғастыру қажет».

ВСС-дің вице-президенті Виктор Дубровиннің пікірі бойынша, үшінші жарнаны төлегенге дейін жарналардың 100% қайтару туралы талап бар тәжірибені және өнімнің экономикасын айтарлықтай өзгертеді. «Шарттар тоқсан сайынғы және жыл сайынғы жарналармен болады, тиісінше үшінші жарна үшінші жылға келеді, бұл дегеніміз «қатыру кезеңі» көп жылдық болады, ал сақтандырушы бірінші күннен бастап-ақ елеулі шығындарды көтереді (аквизициялық шығындар, қорларды қалыптастыру, депозитарий комиссиясы, бағалы қағаздарды алу комиссиясы және т.б.)», - дейді ол. Ал сақтанушы екі жылдан кейін кетіп қалуы мүмкін.

Нарыққа «қайтыс болу» тәуекелі бойынша төлемдердің екі еселік мөлшерін енгізу жеңілдеу болуы мүмкін. Ол қазір де бар, бірақ өнімдердің 100%-ында емес, сондықтан бұл жағдайда әңгіме стандарттау туралы болып отырған сияқты.

Жалпы ВСС кең өнімдік желіні тұжыруды күтіп отыр, себебі ұсынылған тәсіл сақтандыру өнімдерінің экономикасын өзгертеді, бәсекелестік және дараландыру үшін мүмкіндіктерді қысқартады.

Шектеулі таңдау – бұл жаман ба?

«Айқындық жағына қарай кез-келген қозғалыстар қызметті сатып алушылармен жақсы қабылдануы тиіс және сатушыларда теріс реакция туындау – бұл әбден қалыпты, - деп санайды Қаржы және инвестицияларды басқару академиясының сарапшысы Алексей Кричевский. – Әсіресе бұл ӨИС-ға қатысты, себебі ӨЖС азды-көпті түсінікті: Сақтанушының белгілі бір мерзім ішінде қандай-да бір соманы жинау мақсаты бар, және ол тұрақты жарналар арқылы еңбекке қабілетсіздіктен айырылу тәуекелін сақтандырады. ӨИС-да айқындық жоқ».

Соңғы бірнеше жылда инвестициялық сақтандыру өте жылдам өзгерді, және ысылмаған тұтынушыға расымен оны түсіну қиын.

 

ӨИС полистері – күрделі өнім, онда сақтандыру бөлігі бар – орта есеппен ол сақтанушы енгізген сыйлықақыдан 80%-ға жуық (әр түрлі сақтандыру компанияларында ол ерекшеленуі мүмкін). Қаражаттың бұл бөлігін сақтандырушы консервативті құралдарға салады, мысалы мемлекеттік облигацияларға немесе депозитке. Олар үлкен кірістілік әкелмейді, бірақ шарттың әрекет ету аяғына дейін бастапқы салынған қаражаттың 100%-на дейін өседі. Екінші, ақшаның аздау бөлігі қосымша инвестициялық кірісті табу үшін алынған, сол үшін оны неғұрлым тәуекелді құралдарға салады, мысалы әлемдік компаниялардың акциялары, индекстер немесе опциондар (бұл тауардың белгілі көлемін алдын-ала келісілген баға бойынша сатып алу немесе сату құқығы). Яғни, табысы баға белгілеуге байланысты болатын, клиент таңдаған инвестициялық стратегияға.

«Компаниялардың бірқатарында кірістілік пайызы жәй ғана «ойдан» жазылатынын жоққа шығармауға болмайды, және бұл көңілге қонымды, себебі сақтанушылардың қаражаты дәл қалай инвестициялатынында көп жағдайда бақылау жоқ, - деп санайды Алексей Кричевский. – Жылына 15-20% әкелетін салымдар сақтанушыға 5 пайыздық кірістілік ретінде келтірілуі мүмкін. Хабары жоқ адам мұндай өнімдер қалай жұмыс істейтінін және тіпті мұндай кейстер неге мүмкін екенін түсіне ала ма? Жоқ, сияқты».

Оған қоса, өмірді сақтандырудың өнімдік түржинағы ӨЖС және ӨИС арасында шекараны жоя отырып, өте қатты кеңейді, ӨИС-ге тән, қысқа мерзімге (3-5 жыл) бір жолғы жарнамен жинақтаушы бағдарламалар пайда болды. Ал классикалық ӨЖС-ге тән тұрақты жарналарды (ай сайын немесе тоқсан сайын) ӨИС-ден де табуға болады. ӨЖС енді қосымша инвестициялық кірістілікпен немесе ӨИС бөліп төлеумен бар.

«ӨИС – дәл біздің менталитетіміз үшін өнім: жылдық 40-50% тартымды кірістілікке уәде беріледі, бірақ немен бекітілгені түсініксіз, плюс «тегін» сақтандыру – дейді Rocket Humans тобының бас директоры, «Рокетбанктің» экс-СЕО Анастасия Ускова. – Және адамдар қуанышпен «сенеді», өз ақшаларын «алтын жаңбыр» қалай жауатынын түсініп-білмей апарып береді. Содан кейін, бес жылдан кейін қандай-да бір себеппен үміттер ақталмағаны анықталады, ал кірістілік нөлге дейін түседі. Бұл салым емес, инвестиция. Олардың қосымша кірістілік кепілі жоқ, себебі сақтандырушының инвестициялары сәтсіз болса, сіз кірген кездегіден шыққан кезде қатты азды алуыңыз мүмкін. Және шартты жоғалтусыз бұзуға болмайды. Осылай реттеуіш осы соңғы тармақты реттеуді шешті. Нәтижесінде инвестициялық құралдар желісі қысқарады, ықтимал шағымдардың саны азаяды. Керегі де осы».

ӨЖС және ӨИС салым болып табылмайды және оларға сақтандыру компаниясы банкрот болған жағдайда қорғау әрекет етпейді. Мемлекеттік кепілдіктерді енгізу бастамасы өткен жылы талқыланған болатын, бірақ ол енгізіледі ме және қашан – түсініксіз. «Адамдар жосықсыз сақтандырушының полисіне ақша салып, жәй ғана ақшаларын жоғалтуы мүмкін, және өтеу туралы әңгіме тек банкрот процесінің жалпы кезегінде ғана жүретін болады, - деп түсіндіреді Алексей Кричевский. – Сондықтан ОБ-ның осы өнімдерді сатуды тоқтата тұру ниеті негізді».

Өз бастамаларына ұсыныстар мен ескертпелерді Ресей Банкі 15-ші ақпанға дейін қабылдайтын болады, содан кейін сақтандыру лоббиі реттеуіштің бастамасын жеңілдетуге қол жеткізе алды ма түсінікті болады. Сондықтан жалғасы бар.

Дереккөзі: https://www.insur-info.ru/press/162499/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ыстықта қалай дұрыс тамақтану керек
Ыстықта қалай дұрыс тамақтану керек

Эндокринолог дәрігер Зухра Павлова жылдың ыст...

ЖИ сақтандыру нарығы қандай болашақты күтеді
ЖИ сақтандыру нарығы қандай болашақты күтеді

Жасанды интеллект (ЖИ) экономиканың бірқатар с...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру