bs-preloader__icon
ru kz

Инфляция қатарынан екінші ай үдеуде

Ақпанда тұтынушылық инфляция қарқыны айлық көріністе (+0.8%), сонымен қатар жылдық көріністе (+8.7%), екінші ай қатарынан удеуді жалғастырды, алайда әзірге өткен жылдың күздегі шыңынан (+8.9% ж/ж) төмен болып тұр, деп жазады Halyk Finance.
Инфляция қатарынан екінші ай үдеуде

Баға өсімінің негізгі драйвері азық-түлік тауарлар болып табылады. Бұл ретте баға өсімінің үдеуі тұтынушы қоржынға кіретін барлық компоненттерге бағаның мемлекеттік реттеудің қабылданған шараларына қарамастан жүріп жатыр.

Азық-түлікке баға нан-тоқаш өнімдерінің және жарма, көкөністердің қымбаттауынан 10%-ға (а.ж. қаңтарында 9,9%-дан бастап) жоғарылады. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 8,6%-ға (8,5%) дейін ұлғайды. Тұрмыстық заттарға, жиһазға және үй тұрмысы тауарларына бағалар жоғары өсімді сақтап тұр. Жанармай мен дизель отынына бағаны уақытша реттеу жағдайында ЖЖМ нарығында дезинфляция байқалуда. Алайда жылдық көріністе ЖЖМ-ға баға өсімі әлі де жоғары (22,1%) болып отыр.

2022 жылғы ақпанда ақылы қызметтер 2021 жылғы ақпанмен салыстырғанда 7,1%-ға (6,8%) қымбаттады, ол жеке нарықтық қызметтерге бағаның өсімімен байланысты. Тұрғын үйді жалға алу құнының жылдық өсімі 20,7%-ды құрады. Сонымен қатар, баға өсіміне мораторий аясында газға бағаның төмендеуі 5,4%-ға дейін (желтоқсан 2021 ж. – 12,9%)  байқалды.

Дереккөзі: https://halykfinance.kz/research/inflyaciya-v-fevrale-2022-goda.html?lang=ru

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қартаюды қалай бәсеңдетеміз
Қартаюды қалай бәсеңдетеміз

Тұрғын үй дизайны өмір ұзақтығын ұлғайтуға қа...

Ыстықта шөлігіп ішкен сода өңештің жарылуына әкелуі мүмкін
Ыстықта шөлігіп ішкен сода өңештің жарылуына әкелуі мүмкін

Терапевт Водовозов ешқашан қатты ыстықта салқ...

Жинақталған зейнетақы қаражатының жол картасы
Жинақталған зейнетақы қаражатының жол картасы

Сарапшылардың пікірі бойынша, зейнетақыға 20 ж...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру