bs-preloader__icon
ru kz en

РФ Қаржы министрлігі сақтандырушыларға доллар мен евродағы төлемдерді қысқартуға ұсыныс жасады

Санкциялардың кесірінен халықаралық операцияларда рубльмен жасалатын төлемдердің үлесін көтеру қажет, деп РФ Қаржы министрлігі есептейді.
РФ Қаржы министрлігі сақтандырушыларға доллар мен евродағы төлемдерді қысқартуға ұсыныс жасады

РФ Қаржы министрлігі сақтандырушылардан қайта сақтандыру кезінде доллар мен еврода жасалатын төлемдерді қысқартуды өтінді. Сақтандырушыларға бұл өтінішті орындау қиынға түседі: рубльді Батыста қабылдамайды.

Сақтандыру брокерлері (клиенттер, сақтандырушылар және қайта сақтандырушылар арасындағы делдалдар) тәуекелдерді шетелде қайта сақтандыру кезінде шетелдік серіктестермен доллармен және евромен жасалатын есеп айырысуларды қысқартып, рубльмен жасалатын төлемдердің үлесін көбейтуі тиіс. Мұндай ұсынысты Қаржы министрінің орынбасары Алексей Моисеев өзінің Кәсіби сақтандыру брокерлері ассоциациясына (КСБА) жазған хатында берді, ол хатпен «Ведомости» де танысты. КСБА-да бұл хатты алғандарын растады.

Қайта сақтандыру кезінде валюталық есептерді қысқарту қажеттілігін Қаржы министрлігі «бір қатар шет елдері тарапынан санкциялық шектеулердің жаңа кезеңімен байланысты» белгісіздікпен түсіндірді. Сақтандырушылар өзіне ресейлік компаниялар мен азаматтардың мүлікті тәуекелдері бойынша көбінесе ресейлік рубльмен номинацияланған міндеттемелерін қабылдайды. Бірақ осы міндеттемелерді шетелге қайта сақтандыру үшін тапсыру кезінде есептер көбіне доллармен және евромен жүзеге асырылады, «бұл экономикалық тұрғыдан негізделмеген және сақтандырушыны валюталық тәуекелдерге әкеліп соқтырады». Қаржы министрлігі КСБА-дан сыртқы экономикалық операциялар бойынша рубльмен есеп айырысудың үлесін арттыру қажеттілігі туралы үкіметтің позициясын сақтандыру брокерлерінің назарына жеткізуін өтінді. Министрліктің өкілі «Ведомостидің» сауалына жауап бермеді.

Тәуекелдердің басым бөлігі қазір шетелде (ішкі нарығы жеткіліксіз), бірінші кезекте Батыста қайта сақтандырылады. 2017 жылы сақтандырушылар шетелге қайта сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 86,9 млрд руб. жіберді, ал Ресейдің ішінде 21,9 млрд руб. сомаға  тәуекелдер қайта сақтандырылды, бұл мәліметтер Орталық банктен алынды.


Қаржы министрлігінің бұл оғаш ұсынысы, оны орындау қиынға соғады, деп ірі қайта сақтандырушылар бірінің қызметкері атап көрсетеді. Брокерлер шетелде тәуекелдерді орналастыру кезіндегі жай ғана делдалдар болып табылады, деп ол түсіндіреді, сондықтан рубльмен жасалатын есеп айырысуларға мәмілеге қатысушылардың барлығы да ауысуға тура келеді: тәуекелді сақтандырушыдан бастап және осы тәуекелді өзіне қабылдайтын қайта сақтандырушыға дейін. Ал батыс қайта сақтандырушылар валюталық тәуекелдерге байланысты рубльмен есеп айырысуға келіспейді, дейді КСБА бас директорының міндетін уақытша атқарушы Александр Нестеров. Оларға бұл есептердің барлығын бірден долларға немесе евроға айырбастау қажет, немесе қаржыны рубльмен инвестициялау жолдарын қарастыру қажет болады, деп қайта сақтандырушының қызметкері ойлайды, оның үстіне операцияларды рубльмен қосымша есепке алу қажет болады. Отандық сақтандырушылар және брокерлер Қаржы министрлігінің ұсынысын қолдамайды, өйткені олар өзінің негізгі серіктестерінен – Батыс елдерінің қайта сақтандырушылар нарығынан айырылуы мүмкін, деп «Ведомостидің» әңгімелесушісі ескереді. Қаржы министрлігі көрсеткен тәуекелдерге қатысты сауалнамаға қатысқан сақтандырушылар ешқандай түсініктеме бермейді.

Рубльмен төлемдерді жасау рубльмен өзара айырысуды туралы келісім жасалған мемлекеттермен ғана жүзеге асыруға болады, бірақ олар өте аз, мысалы, Белоруссия, дейді Нестеров. Қазір кейбір сақтандырушылар тікелей өзара қарым-қатынас кезінде Қытай мен Белоруссияның қайта сақтандырушы компанияларымен рубльмен есептерді жүргізеді, деп ірі қайта сақтандырушы растайды. Бірақ олар ресейлік сақтандырушылар өзінің тәуекелдерін орналастыратын елдер арасында көшбасшы қатарына жатпайды.

Ал «Марш – страховые ьрокеры» компаниясының бас директоры Андрей Денисов Қаржы министрлігінің бастамасын қолдайды: компанияның халықаралық қайта сақтандырушылармен рубльмен есеп айырысу тәжірибесі бар. Алайда бұл жағдайда өзінің сақтандыру полисін валютаға байланыстырудан бас тартуға дайын отырған клиент зардап шегуі мүмкін. Сақтандырудың ұзақ бағдарламалары бойынша өтемақы бағамның ауытқуы салдарынан төмендеп қалуы мүмкін, деп Денисов ескертеді.

ОБ өкілі түсінік беруден бас тартты, дәл осылай ірі сақтандырушылар мен сақтандыру брокері бар Сбербанктің өкілі де жасады.
 

Дереккөзі: https://www.vedomosti.ru/finance/articles/2018/07/03/774442-minfin-rekomendoval-strahovschikam-sokratit-platezhi

Фотосурет pbs.twimg.com сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру