bs-preloader__icon
ru kz

РФ-да өмірді сақтандырудың екі жаңа түрі іске қосылды

Ресейде өмірді сақтандырудың екі жаңа түрі күшіне енді: жарияланатын кірістілігі бар және есептік кірістілігі бар өмірді сақтандыру. Олардың бірін барлық азаматтар пайдалана алады, ал екіншісі тек кемінде 6 млн рубль инвестиция салатын білікті инвесторларға арналған. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Ресей Сақтандырушылардың бүкілресейлік одағының (ВСС) вице-президенті Глеб Яковлев мәлімдеді.
РФ-да өмірді сақтандырудың екі жаңа түрі іске қосылды

Мәні жағынан бұл – бұрыннан белгілі жинақтаушы өмірді сақтандыру. Оның негізгі мақсаты – белгілі бір мерзімге дейін маңызды қажеттілікке жұмсалатын қаражатты жинақтау. Мысалы, баланың кәмелетке толуына, оқуына, үйлену тойына, ірі сатып алуға, демалысқа және басқа да мақсаттарға.

Сақтандыру құрамдас бөлігі адамның өмірі немесе денсаулығына қатысты жағымсыз жағдайлар орын алса да, жоспарланған соманы жинақтауға мүмкіндік береді. Ал сақтандырушы жыл сайын жариялайтын кірістілік мөлшерлемесі жинақ көлемінің артуына ықпал етеді.

Глеб Яковлевтің айтуынша, сақтандыру компаниялары жинақтаушы өмірді сақтандыру негізінде алдын ала белгілі болатын тұрақты кірістілігі бар өнімдерді, сондай-ақ кірістілігі негізгі мөлшерлемеге байланыстырылған өнімдерді әзірлеуді меңгерген.

Екінші түрі – есептік кірістілігі бар өмірді сақтандыру

Бұл өнімнің мақсаты – барынша жоғары инвестициялық табысқа қол жеткізу. Мұнда кірістілікті сақтандырушы жарияламайды. Ол белгілі бір активке байланыстырылып, оның нәтижесіне толық тәуелді болады. Есептік кірістілік сақтандыру шартында белгіленген формула бойынша есептеледі.

Өнім белгілі бір тәуекелдермен байланысты болғандықтан, ол тек білікті инвесторларға қолжетімді болады. Заңға сәйкес, мұндай шарттарды сақтандыру сыйлықақысының мөлшері кемінде 6 млн рубльді (36,6 млн теңге) құраған жағдайда ғана жасауға болады.

Сақтандырушы жеке тұлғаларды олардың өтініші негізінде білікті инвестор деп тануға құқылы.

ВСС өкілдерінің пікірінше, мұндай шарттар ел экономикасына ұзақ мерзімді инвестицияларды көбірек тартуға және сақтандыру нарығының дамуына серпін береді.

Дереккөз: РИА Новости

Фото: ашық дереккөздерден.

 
 
 
Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Неліктен зейнетақыға тұрақты түрде ақша жинау маңызды
Неліктен зейнетақыға тұрақты түрде ақша жинау маңызды

Зейнетақы жүйесі азаматтардың еңбек қызметі а...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру