bs-preloader__icon
ru kz en

Полистерді сату тәжірибесі мен клиенттерді ақпараттандыру реттеушіні мазалап отыр

Ресейде 2018 ж. басына инвестициялық өмірді сақтандыру (ИӨС) нарығы 500 млрд рубльден асып түсті. Оның үлесіне қазір өмірді сақтандырушылардың барлық сатылымдары мен банктердің коммисиялық табысының жартысынан астамы шақ келеді. Бірақ нарықтың озық өсуі оның соңғы жылдардағы жетістіктерін жою мүмкін.
Полистерді сату тәжірибесі мен клиенттерді ақпараттандыру реттеушіні мазалап отыр

Инвестициялық сақтандыру сыйақы жинаудың рекордтық өсуін көрсетті: 2015 жылы 50 млрд руб., 2016 жылы 110 млрд, 2017 жылдың тоғыз айына шамамен 150 млрд. Бұл нарық қаржылық секторда ең жылдам өсетін нарық болып саналады.

Банктер ставкалары біртіндеп келетін депозиттерге альтернатива ретінде инвестициялық сақтандыруды белсенді ұсынуда. Салымшылар қаражаттарын ИӨС полистеріне аударып жатыр, олар өмірді сақтандырумен қатар, бір мезгілде қор нарығында жарналарды инвестициялауға байланысты қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.

Полистің әрекет ету мерзімі аяғында сақтандырушы  тек жарнаның өзін ғана қайтаруға міндеттенеді және ешқандай табыстылыққа кепілдік бермейді.

ИӨС бағдарламаларының ықтимал табстылығы салымдарға қарағанда жоғары болуы мүмкін. Дәулетті инвесторлар ИӨС қосымша табысы бар қорғағыш құрал ретінде сатып алады. Клиент нарық конъюктурасының өзгеруі жағдайында аралық пайданы белгілей алады, көптеген сақтандырушылар алғашқы жарнаны сақтап, оны алу мүмкіндігін ұсынады. Полис мүлік болып саналмайды; ол бойынша алынған табыс, егер сақтандырудың барлық кезеңінде орташа өлшенген қайта қаржыландыру ставкасынан аспаса,декларацияланбайды. ИӨС алынған табыс сотта таласқа түспейді және үшінші тұлғамен алуына болмайды. Ажырасу, мүлікті бөлу немесе бизнес-серіктестер немесе кредиторлар тарапынан шағым түскенде инвестор ақшасын толық көлемде алады.

Банк қанаты астында

Соңғы үш жылда ИӨС нарығының өсуін банк арнасы арқылы сатылымдардың белсенділенуімен байланыстырады.

Банктер үшін бұл тиімді. Полистерді төлеуге түскен клиент қаражаттарының 80% дейін сол банктің өзінде депозиттерге салынуы мүмкін. Банк факт бойынша пассивтер алады, олар үшін Салымдарды сақтандыру қорына жарна төлемейді. Бұл тәзірибе, әсіресе банк пен сақтандыру компанияларының ұзақ мерзімді серіктестік қатынастары жағдайында кең тараған.

Соңғы бір-екі жылда нарыққа барлық дерлік ірі ресей банктерінің кэптивті сақтандырушылары шыққаны ешкімді таң қалдырмайды.

Банктерді полистерді сатудан түсетін табыс та қызықтырады. Егер 2015 жылы үш жылдық полистерді сату кезіндегі банк комиссиясы жарналардан 5–7% құраса, ал қазір 3, 5 және 7 жылдық өнімдер бойынша 11–15% жетеді. Комиссия банктер үшін  қор қалыптасу кезінде үстеме пайдадан  жинақталады, ол құралдарды таңдау сияқты  сақтандырушылардың мойнына артылған. Бекітілген табыстылығы бар құралдар бойынша ставкалар эмитент сенімділігіне тәуелді: оның сенімділігі төмен болған сайын, құрал бойынша табыстылығы жоғары болады. Бүгінгі күні кейбір сақтандырушылардың  сапасыз активтерге салған инвестициялары сала үшін маңызды тәуекелге айналды.

Жоғары комиссиялар көбінесе өнімді жөнді ұсынбай және тәуекелдерді жасыра отырып, полистерді сатуды өсіруге ынталандырады. Осылайша сатылған полис көбіне клиент күтімін алдайды да, оның салдарынан сақтанушы «Біз депозиттер ставкасынан жоғары кепілді табыстылыққа сөз бердік, ал 3-5 жылдан кейін нарық құлағаны себебінен, ақшалар бос жатқанын» естиді.

2015 жылдан 2017 жылға дейін банкерге байланысты өнімнің қол жетімділігі өсті. ИӨС бағдарламаларының минималды чектері 300 000 –нан 50 000-100 000 руб. дейін азайды, және бұл банктердің жаппай, инвестициялық өнімдер туралы аз хабардар контингентті қамтуына мүмкіндік берді. Бұл нарық беделіне де, сақтандырушылардың клиенттің портфельдеріне де әсер етпеуіне болмады.

Реттеуші неден қорқады

Ресей Банкі бұл жағдайларда  инвестициялық сақтандыру нәтижелерінен көңілі қалған клиенттерден шағымдардың ағылып түсуі ғажап емес. Банктер арқылы ИӨС агрессивті сатылымдары, RAEX агенттілігі («РА Сарапшысы») мәліметтері бойынша нарық үшін бірқатар қосымша тәуекелдерді негіздеді. Олардың ішінде ИӨС полистері бойынша табыстылық туралы ақпараттың болмауы, сатып алу кезінде клиенттің  жеткілікті түсінбеуі, сонымен қатар осы сегментті реттеудегі ықтимал өзгерістер – бұның барлығы 2018 ж. өзінде-ақ өмірді сақтандырудың және  жалпы нарықтың даму динамикасын өзгертуі мүмкін. Реттеушінің кеңес беру баяндамасында айтылғандай, ол инвестициялық өмірді сақтандыруды банк салымдарымен шатастырмау үшін қадағалауға және сақтанушыны ИӨС туралы дұрыс ақпарат берілуіне, сонымен қатар сақтандыру бағдарламаларын ұсынатын мамандардың қажетті білім деңгейіне көбірек көңіл бөлуге ниеттенген. Сақтандыру агенттерін, соның ішінде банктер-агенттер қызметкерлері мен сақтанушы қызметкерлерін аттестаттау енгізілуде. Сақтандырушы агенттері мен сақтанушы қызметкерлерінің аттестациялық талаптарды орындамағаны үшін  жауапкершілігі пайда болады.

Ақпаратты ашуды стандарттайды. Ең алдымен жаңа стандарттар  ИӨС агент ретінде сататын банктерге қатысты болады. ҰБ заңды өзгертіп, делдалға ақпаратты ашу бойынша қаржылық өнімді өндірушіге артылатын сияқты міндеттемелерді артады.

Банк комиссиялары мөлшерін ашу бойынша да жоспарлар бар. Реттеуші кім қандай коммисия төлейтәнән бәледі, бірақ клиенттік келісім шартта бұл ақпарат көрсетілмейді, ол қорды орналастыру шартына «тігілген». 

Болашаққа үмітпен

Трансформация екі жылға дейін созылуы мүмкін. Ал оған дейін жақын жылдары нарықтан шығатын клиенттер толқыны оның ары қарай дамуына әсер етпейтініне сену қалды.

2015 жылға дейін сатылған және осы жылы аяқталатын  полистердің қорытынды табыстылығы, біздің бағалауымыз бойынша, нөлге теңестіріледі немесе инфляция қарқынынан аздап алда жүреді, бірақ банк депозиттерінің табыстылығына жетпейді. Төрт-бес жыл бұрын ИӨС бағдарламаларында базалық активтер негізінен  алтын бағасы және РТС индексі болған, олар  осы уақытқа дейін біршама төмендеді.

Күтімі ақталмаған клиенттер  сақтандыру инвестициялаудан кейін қалған қаражаттарын салу үшін басқа, консервативті стратегиялар мен   құралдарды таңдайтын сияқты.

2015 ж. кейін ИӨС полистерін сатып алған инвесторлар  өздерін сенімдірек сезіне алады. 2014 ж. бастап сақтанушылар  инвестициялау стратегияларын да, құралдарды да біртіндеп  өзгерте бастады. Қазір олар базалық активтерді тікелей сатып алудан  опционға – туынды құнды қағазға көше бастады, ол активтің бастапқы құны мен сақтанушының ақырғы өмір сүру  сәтіндегі бағасы арасындағы айырмашылықты ескеруге мүмкіндік береді. Опцион шарттары полистің аяқталу күніне, инвестициялық құралдарды сатып алу және сату бағаларының арасындағы айырмашылыққа, валюталарды қайта есептеуге ғана байланыстырылған. Мысалы, 2015 жылдан кейін сатып алынған, қазір төлем мерзімі жақындаған үш жылдық полистер 10% дейін табыстылықты қамтамасыз етеді.

Алынған табыспен клиенттердің қанағаттандырылуы ИӨС болашағын анықтайтын негізгі фактор болады. Өнім топтамасын кеңейту, жаңа инвестициялық стратегияларлы және қашықтықтық сервистерді клиенттер үшін бағдарламаны сатып алу кезіде де, сатудан кейінгі қызмет көрсетуде де жасау,  бұл сақтандыру түрінің мөлдірлігін арттыру бойынша  реттеушінің ынтасы – бұның барлығы болашақта ИӨС қорытынды табыстылығы салымдардан гөрі тартымды болуына және  сегмент динамикасының ары қрай дамуына оң әсер етеді. Сонда ғана өмірді сақтандырудың өсу қарқыны жақын арада сақталуы мүмкін.

Нарықтың потенциалы орасан зор. Ресейде сақтандыру нарығының жалпы инағында өмірді сақтандыру бойынша сыйақылар мөлшері 12,7% құрайды, ал Батыс Еуропада  – 60,5%, Орталық және Шығыс  Еуропада -28,9%, дамушы нарықта -– 52,3%. Ресей ЖІӨ-де «өмір» үлесі тек 0,161% құрайды, ал дүние жүзінде -3,47%.

Осы айдарда келтірілген банктер, қаржылық және инвестициялық компаниялар сарапшыларының пікірлері редакция пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін және қандай да бір активтерді сатып алуға немесе сатуға оферта немесе ұсыныстар болып табылмайды.

Андрей Макеев

Ақпарат көзіhttp://life.investfunds.ru/news/73425/

Фотосурет көзі: https://www.biovoicenews.com

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді жинақтаушы сақтандыру не үшін қажет
Өмірді жинақтаушы сақтандыру не үшін қажет

Өмірді жинақтаушы сақтандыру – сақтандыру ме...

Жаңа зейнеткерлер
Жаңа зейнеткерлер

Елімізде зейнетақы жинақтарының жеткілікті м...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру