bs-preloader__icon
ru kz

Ресейліктер зейнетақы жасына дейін өмір сүретіндеріне үміттенбейді

Ресейдің 80% тұрғындары зейнетақы жасының өсуі олардың қартайған шағында ауқаттылығын қамтамасыз ететіндігіне үміттенбей отыр. Үштен бір бөлігі 50 жастан кейін олардың жұмыс істеуге әлі жетпейді деп есептейді. Мұндай мәліметтерді 15 мың ресейлік азамат арасында «Зарплата.ру» жұмысты іздеу бойынша порталы өткізген сауалнамасы көрсетті, деп korins.ru хабарлайды.
Ресейліктер зейнетақы жасына дейін өмір сүретіндеріне үміттенбейді

«Зарплата.ру» жұмысты іздеу бойынша порталы өткізген сауалнамаға сәйкес сұратылған ресейліктердің жартысы РФ Үкіметінің зейнетақы жасын өсіруге қатысты жаңа шешімін қолдамайтындығын айтты. Бұл позицияны сауалнамаға қатысқан респонденттердің 95% білдірді. Оның ішінде 13% жұмыстан шаршап, жарамсыз жасқа қарамастан зейнетке шығуын күтіп жүргендерін мойындады. Сауалнамаға қатысқандардың 35% 50 жастан кейін еңбек қызметін жалғастыруға күшін сезбейтіндігін, ал 39% жаңа зейнетақы жасына дейін тірі қалмайтындығына үміттенбейді.

Респонденттер әйелдер үшін тиімді зейнетақы жасы – 50-ден 55-ке дейін деп көрсетті, бұл пікірді ресейліктердің 65% қолдады.  Әрбір оныншы адам әйелдер зейнетке 50-ге дейін шығуды, ал әрбір төртінші адам әйелдердің зейнетке шығу жасы 60-тан аспауы керек деп есептейді, ресейліктердің  2% ғана 60 жастан жоғары зейнетақы жасымен келісіп отыр.

 

Еркектер үшін тиімді жасы – 50 жастан жоғары емес, ресейліктердің 68% еркектер зейнетке 60 жаста кету керек деп есептейді. Әрбір бесінші адам еркектерді зейнетке 55 жастан бастап жіберу керек деп санайды. Респонденттердің 11% еркектер зейнетке 60 жастан кейін кету керек деп атап көрсетті.

Сонымен қатар респонденттердің 30% қаратайған шағында жұмысын едәуір жеңіл жұмысқа ауыстырғысы келеді, ал үштен бір бөлігі зейнетке дейін олар мамандығын ауыстыру керектігін айтты, өйткені олардың жұмыс істеп жүрген саласында қарттарға орын жоқ дейді. 18% ақшаны өз бетінше жинап алып, өздеріне тыныш кәрілікті қамтамасыз ету үмітімен 50-60 жастан кейін жұмыс істемейтіндігін жеткізді. Ал ел тұрғындарының 16% өз жұмысын өте жақсы көретіндігін және өмір бойы жұмыс істеуге дайын екендігін айтты.

Әрбір оныншы сауалнамаға қатысқан адам қазір «қара» жалақыны алып отырғандығын, сондықтан өзінің зейнетақы қорланымының сомасына күмәнданатындығын айтты,  87% өздерінің «ақ» жалақысына қарамастан, кішкентай зейнетақыны алатындығына сенімді. Ресейлік азаматтардың 2% ғана зейнетақы жасының өсуіне байланысты кәрілікке көбірек ақша жинай алатындығына үміт артып отыр.

Дереккөзі: http://www.korins.ru/posts/4624-rossiyane-uzhe-ne-nadeyutsya-dozhit-do-pensionnogo-vozrasta

Фотосурет stolica-s.su сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ғалымдар кәдімгі судың емдік қасиеттері туралы айтып берді
Ғалымдар кәдімгі судың емдік қасиеттері туралы айтып берді

Кәдімгі ауыз су семіздік пен диабетті туындат...

UL полистерінің кірістілігін ұлғайту бойынша бірнеше кеңестер
UL полистерінің кірістілігін ұлғайту бойынша бірнеше кеңестер

UL жоспарларының иеленушілері меншікті жоспар...

Орынды түрде ішу деменцияның алдын алады
Орынды түрде ішу деменцияның алдын алады

700 граммнан аспайтын сыра, 300 грамм шарап немес...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру