bs-preloader__icon
ru kz en

Ресейде өмір сақтандыру – өсуді ынталандыру және ерекше назар

2017 жылдың қорытындысы бойынша Ресейде өмір сақтандыру алымдар бойынша ӘАЖМС-ті қоса алғанда, басқа сақтандыру түрлерінен басып озған. Бұл қадағалау және реттеу практикасында қандай өзгерістерге алып келуі мүмкін?
Ресейде өмір сақтандыру – өсуді ынталандыру және ерекше назар

Өмір сақтандыру өз саласының көш басшысына айналды, демек бұл осындай сөзсіз классикалық сегменттің Ресейде инвестиция жасау үшін пайда болған ақшаларды шоғырландыруға негіз болғандығын білдіреді және  «ішкі инвестор» – дақпырт емес екендігін растайды. Біз соңғы бірнеше жыл бойы көріп келе жатқан өмір сақтандыру алымдарының ұлғаю тренді осы түрде жоғары сапа стандарттарын құруға ұласқанын қалар едік. Бұл кәсіби бірлестіктерге жүктелетін өзіндік бір тапсырма десе де болады, оның орындалуын Ресей Банкі қадағалауы тиіс.

Біз өмір сақтандыру қызметтерін тұтынушылар бұның артында нелер тұрғанын, шартты жасау және қайта жасау талаптарын, төлем жасаған кезде не боларын анық білгендерін қалаймыз. Сондықтан бұл тақырыпты дамыту Ресей Банкінің назарында болады. Нарықтың инфляциялық үдерістермен байланысты өсу факторлары бар, дегенмен біз өмірге, балаларға, білім алуға және т.б. қатысты жинақтаушы сақтандыру саласының да дамығанын қалар едік.

Тағы бір маңызды жәйт: бір бірнеше жылдан бері өмір сақтандырумен байланысты блокты «өмірмен айналыспайтын» компаниялардан ажыратып келеміз.  Біз нақты үміт артатын және бізді ерекше қағидаларды, мәселен  - инвестициялау қағидаларын жасауға мәжбүрлейтін өмір сақтандыру спецификасын көреміз. Сонымен қатар, шағымдар санының өсу қарқыны бақыланады: әзірше ол жаман емес, дегенмен шағымдардың күрт өсуі үрейлі симптоматика ретінде бағалануы мүмкін, себебі тұтынушы тарапынан келетін кері сигнал біз үшін аса маңызды. Ресей банкі өмір сақтандыру бойынша баяндама жариялады, сондай-ақ сақтандырудың осы түрін дамыту саласындағы мүмкін шаралардың айтарлықтай кең тізімін болжайтын «жол картасы» да пайда болды. Өзімізді алдаудың қажеті жоқ, салық салумен, өмір сақтандыру компаниялары үшін преференциялармен байланысты бірқатар мәселелер оңай мәселелер қатарында емес – бұл бюджетті қалыптастыру мәселелеріне жатады. Біршама уақыт бұрын Қаржы министрлігінде ВСС басшысының қатысуымен кездесу өтті, онда осы ұсыныстарды өмірмен беттестіруге әрекеттер жасалды. Біз жақын арада аталмыш «жол картасын» қалай жүзеге асыратындығымыз туралы мәселені талқылау үшін, Өмір сақтандырушылар мен ВСС қауымдастығымен кездесетін боламыз.

Жекеменшік нормативтік актілерді шығару Ресей Банкінің құзыретіне жатады.  Біз резервтер мен бос қаражаттарды инвестициялауға қатысты нормативтік базаны үнемі жетілдіріп отырғымыз келеді. Тағы бір маңызды мәселе – зейнетақы жүйесіне өмір сақтандырушыларды қосу – бір жағынан норма шығару мәселелерімен де байланысты.  Бұл тұста зейнетақы жүйесіне қатысты заңдар мен заңға тәуелді актілер сияқты «ауыр» нормативтік актілермен қатар неғұрлым қолжетімді, салалық стандарттармен байланысты нәрселер де бар екенін ұғынған жөн.

Өмір сақтандырумен айналысатын компаниялар тек біздің жоғары назарымызда ғана емес, аса жоғары жауапкершілік аймағында жүргендерін ұғынса екен дейміз.  ӘАЖМС, МЗҚ, тасымалдаушыларды, туроператорларды, құрылыс салушыларды және мемлекеттік қолдауы бар ауылшаруашылық тәуекелдерді сақтандырумен қатар, біз өмір сақтандыруға ерекше көңіл бөлеміз. Және тұтынушылар үшін нарықтың өз стандарттары бар екені және олардың орындалуын сақтандырушылар қауымдастығы мен Ресей Банкі бақылауда ұстайтыны маңызды. Осындай бақылау үшін бізге тығыз кері байланыс қажет, сондықтан сақтандырушылар мен мемлекеттік ведомстволардың өкілдерінің жалпы кездесулеріне осы қызметті тұтынушылардың өкілдерін шағырғанымыз дұрыс болар еді. Олардың қажеттіліктері туралы, сондай-ақ осы қарқынды дамып келе жатқан сегменттегі сақтандыру өнімдерінің кеңеюі, олардың ойынша, қаншалықты белсенді болып жатқаны туралы ақпаратты алу аса маңызды.

Автор: Жук Игорь Николаевич, Ресей Федерациясы Орталық банкінің Сақтандыру нарығы департаментінің 02.03.2018 ж. дейінгі директоры

Дерекнама: http://www.insur-info.ru/comments/1196/

Сайттардан сурет: Antines.ruZakon-auto.ru

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру