DAMU Capital Management ЖШС Бас директоры Мұрат Қастаев Қазақстанда өмірді сақтандыру сегменті жалпы сақтандыру нарығына қарағанда екі есе жылдам өсіп келе жатқанын атап өтті. Жыл басынан бері сақтандыру саласының активтері 8%-ға, ал өмірді сақтандыру бойынша компаниялардың активтері 17%-ға өсті. Егер ағымдағы жылдың басында ӨСК активтері сала активтерінің 31%-ын құраса және 330 млрд теңгеге тең болса, 1 қыркүйекке бұл көрсеткіш 34%-ға тең және 386 млрд теңгені құрайды. Яғни, ӨСК активтері $1 млрд психологиялық белгіге жетті.
Аналитик ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша ӨСК активтері 20-25%-ға тең жылдық өсімін көрсете отырып, 400-410 млрд теңгеден асады деп болжап отыр. «Сақтандыру сыйлықақыларының ӨСК жинау сақтандыру төлемдерінің өсуінен гөрі жылдам қарқынмен өсуде, нәтижесінде сыйақылардың төлемдерге арақатынасы 8,2-ден 8,8-ге дейін өсті. Осылайша, ӨСК төлегеннен артық ақша жинайды, бұл активтер мен сақтандыру резервтерінің ұлғаюынан көрініс табады, олар да 19%-ға өсті – 265-тен 314 млрд теңгеге дейін, сондай-ақ ӨСК меншікті капиталының ұлғаюынан көрінеді, ол 23%-ға өсті – 50-ден 61 млрд теңгеге дейін», – дейді Қастаев. Алдағы бір-екі жылда аналитик секторда әлі жоқ ірі сақтандыру компанияларының жаңа құрылымдарды құру, қолданыстағы ӨСК сатып алуы арқылы осы секторда 2-3 жаңа компанияның пайда болуын күтуде.
«Ағымдағы бәсекелестікке келетін болсақ, екі ірі компания – Халық-Life және Номад Life арасында көшбасшылық үшін күрестің жалғасы күтілуде. Номад ӨСК өсудің аса басқыншы қарқынын көрсетуде және алдағы 2 жылдың ішінде Халык ӨСК-ға жетуі мүмкін. Сондай-ақ, осы компанияның жастығын, оның амбициясын және бөлшек клиенттермен жұмыс істей білуін ескере отырып, «Freedom Finance Life» ӨСК дамуын бақылау қызықты, бұл брокерлік бизнестің табысымен, сондай-ақ «Еуразия» ӨСК динамикасын – бас компанияның ауқымын, ресурстарын және нарықтық ұстанымдарын ескере отырып растайды», - дейді Қастаев.
Сектордың қалған компаниялары, оның болжамдары бойынша баяу өседі және бірігу мен жұтылу ықтимал процестерінің негізгі қатысушылары бола алады.
Коммеск-Өмір Сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Олег Ханин қазақстандық өмірді сақтандыру нарығында бүгінгі күні тұрақты, оң даму тренді байқалатынын атап өтті.
Оның пікірінше, осы сегменттегі сыйақылардың өсуі жылына кемінде 20-25% деңгейінде күтілуде.
Активтер бойынша ұқсас өсу көзделеді. Төлемдер бойынша біршама өсу орын алуы мүмкін, – деп есептейді басшы Ханин мырза.
Оның пікірінше, өмірді сақтандыру нарығы мемлекет тарапынан саланың белсенді қолдауының арқасында жақсы перспективаға ие.
«Даму жол карталары мемлекеттік бағдарламаларға да, салықтық ынталандыруға да ӨСК қатысуының әртүрлі бағыттарын қамтиды. Инвестициялық сақтандыру өнімдер үшін заң шығарушы база қалыптасады», – деп атап өтті ол.
Freedom Finance Life басқарма төрағасы Азамат Ердесов сақтандыру нарығында сыйлықақылардың өсуінің негізгі драйверлерінің бірі өмірді сақтандыру (46,4 млрд теңге және 48%-ға өсім), аннуитеттік сақтандыру (45,3 млрд теңге және 147%-ға өсім) және аурып қалған жағдайда сақтандыру (28,2 млрд теңге және 31%-ға өсім). Қосындысында сақтандырудың осы түрлеріне нарықтың жалпы сыйлықақыларынан 35,3%-ы келеді.
Нарық бойынша төлемдер 72,3%-ға өсіп, 106,8 млрд теңгеге жетті. Нақты айтқанда, өмірді сақтандыру бойынша төлемдер 27,9%-ға өсіп, 1,5 млрд теңгені құрады, аннуитеттік сақтандыру бойынша – 16,6%-ға (9,3 млрд теңге), ауырып қалған жағдайда – 50,9%-ға (15,9 млрд теңге) өсті. Жалпы сақтандырудың осы түрлеріне барлық төлемдердің 25,2% тиесілі.
«Жалпы, бұл үрдіс таяудағы бірнеше жылда сақталады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша сыйлықақы бойынша өсім 20%-ға жуық болады. Соңғы бірнеше жылда нарықта бірден бірнеше жаңа ойыншылар пайда болды. Оның ішінде ірі қаржы топтарына кіретін компаниялар да. Бұл көбінесе нарықтың тартымдылығы ірі ойыншылар үшін де, ӨСК клиенттері үшін де өсуде», – деп есептейді Ердесов.
Nomadlife ӨСК Басқарма төрағасының орынбасары Мәди Шалғымбаев 2019 қорытындысы бойынша өмірді сақтандыру компанияларының активтері көлемінің 23%-ға дейін өсуін күтуде. Өткен жылы оның мәліметтері бойынша, өсім 20%-ды құрады.
Бұл сегменттегі төлемдер, Шалғымбаевтың болжамы бойынша, 2019 жылы 30,5%-ға, 20 млрд теңгеге дейін, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 42%-ға, 180 млрд теңгеге дейін өседі.
Сонымен қатар, ол Қазақстанда сақтандыру қызметтерінің ену деңгейі төмен болып қалатынын атап өтті.
«Алдымен, ресейлік өмірді сақтандыру нарығының нәтижелеріне жету керек. Бұл үшін Қазақстанда барлық алғышарттар бар. Негізгі өсу драйвері – өмірді жинақтаушы сақтандыру және жоспарланған өнім UnitLinked. Бұдан басқа нарық ӨСК-ны Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесіне (МБЖЖ) қосылу мәселесінде оң шешімін күтуде», – деп есептейді ол.
Хабарланғандай, сарапшылар 2019 қорытындысы бойынша Қазақстанның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемінің 10-14%-ға ұлғаюын болжайды.
Қазақстанның сақтандыру секторын 27 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, атап айтқанда 8 ӨСК-мен ұсынылды.