Lifeinsurance.kz сіздің назарыңызға конференцияның басты қонақтарының бірі Инга Билдің сөйлеген сөзінен негізгі үзіндіні ұсынады.
Инновация тәуекелдері
Қазіргі кезде біз телефонымызда және компьютерлерімізде жасайтынның барлығы бізді деректер түрінде, соның ішінде жасыңызды, орналасқан орынды, шығындарды көрсетеді, деп Бил ханымы айтады. Барлық осы деректер компания, әлеуметтік желілер, олардың платформалары және үкімет үшін бағалы. Және барлық осы ұйымдар олардың тәртіптері, әсіресе олар біздер жөнінде деректер жинаған кезде өте жауапты екенін дәлелдеуі тиіс.
Сақтандырушылар әрдайым инновацияларды, сондай-ақ, олармен байланысты тәуекелдерді ескеруі тиіс. Мысалы, Uber пилотсыз таксиді қолданды, және Аризонада осындай машина жаяу жүргіншіні қағып кетті. Осылайша, біз жаңа технологияларды қолданған кезінде адам қоғамында озық дүниелерге жетеміз деп ойламаймыз, біз осымен байланысты тәуекелдерді елеусіз қалдыра алмаймыз.
Әрине, жасанды интеллекті дамытуда бүгін әсерлі сәттерге қол жеткізілді, бұл үлкен есептерді жүргізуге, деректердің орасан ауқымын өңдеуге мүмкіндік береді. Бір 2018 жылдың ішінде адамзаттың барлық тарихынан артық деректер генерацияланды! Мен бұған сенбеп едім! 20 жылға қарай әлемде 222,5 миллиард (!) интернет-девайс генерацияланатын болады, және де барлығы өзара қосылады. 2016 жылы олар 6,6 миллиард болды. Триллиондаған доллар көлеміндегі қаражат осы технологияларға салынады.
Кибер-шабуылдар
Барлық осы технологияларды біріктіретін тағы бір жайт бар, - бұл кибер-шабуылдарға ұшырағыштық, деп өз сөзін Инга Бил жалғастырды. Бұл ғаламдық экономикалық дамуға әсерін тигізе бастайды. Форбс 2021 жылға қарай кибер-тәуекелдермен күресуге шығатын ғаламдық экономика шығындары жылына 6 трлн доллар болуы мүмкін деп жорамалдады. Қазірдің өзінде кибер-шабуылдар бізге шамамен 1,5 триллион долларды қамтитын бағаға бағаланатыны жөнінде ғалымдардың деректері жарияланған.
Беделден, сенімнен айырылу, басқару тізбегіндегі үзілістер сияқты басқа да қиын нәтижелер бар. Мен 2013 жылы ірі кибер-шабуылдар мәселесі көтерілген кезде , атқарушы директорлар осыған байланысты жұмыстан шығарылғандығы жөнінде білемін. Және бұл сандар үрейлі сандар еді: 14 миллион карта, ақпараттың 17 миллион бірлігі жоғалды. Қараңызшы, әлем әрі қарай қаншалықты жылдам қарқында қозғалуда. Үш жылдан соң 2016 жылы Yahoo 3 миллиард аккаунты бұзып ашылған. Қазіргі кезде де біз осы цифрлық революцияда көп түсініксіз жайттарды көру үстіндеміз, бизнес қиын тәуекелдермен соқтығысуда, құрылым оларды өте осал етуде.
Ғаламдық цифрландырудың теріс жақтары: әрі қарай не болмақ?
Сақтандырушылар ретінде біз жеке тәуекелдерді – ғимаратты, жүктерді, ұшақтарды сақтандыра отырып, біз өстік, 20 ғасырда біз міндеттемелерді сақтандыру бастадық. Яғни, болмашы тәуекелдер әлемі өсе бастады, оның үстінде, қазіргі кездегі ең бағалы компаниялар жеке активтерге ие болмастан, деректерді жинай отырып, бағдарламалық жасақтама, алгоритмдер сияқты болмашы активтерді жасай отырып, жетістіктерге жететіндей өте жылдам түрде өсті. Ғаламдық экономиканың өзара байланыстылығы тиімділіктің артуына әкелді. Ол дәстүрлі бизнес-модельдерді бұзады. Алайда оның теріс жақтары да бар деп Инга Бил қызықтыра түсті.
Оның сөзінше, қазіргі жағдайды нашарлататын дамудың 4 негізгі бағыты бар:
Біріншісі. Процестердің көп дерлігі уақыт келе цифрлық түрге өтуіне қарай бұлтта болады, көп ұйымдар да пайда болады, барлығы күрделеніп, өзімен пайданы алып келеді. Алайда қызметтер көрсету бойынша сәтсіздіктер үшін осалдық да арта түсті. Мысалы, бұлтты технологияның бір провайдері ұшты - күйлі жоқ болып кетті. Дәлірек айтқанда бір күннен соң. Бұл бизнес пен экономика үшін аса шығынды болып табылады.
Екіншіден, цифрлық ландшафт өздігінен күрделі әрі өзара байланысты болады. Интернет-заттар, жүргізушісі жоқ автомобильдер, басқа жүйелер – осылардың барлығы толқытады, бірақ бұның құнын өтеу қажет. Қылмыскерлер қолдануы мүмкін болатын қатынау нүктелері мағынасында заттар көп болған сайын Әлеуметтік желілердің қолданыс өсімі осы шақыруды қиындатады.
Цифрлық тәуекелдер ұдайы даму үстінде, ұйымды тиісті түрде қорғау мақсатында біздің амалдарымыз жеткіліксіз болады. IT жүйелері мен бизнес-процесстердің өзара тәуелділігі қарапайым сәтсіздіктер апатқа әкелетіндей нәтижелерге ие болатындай дәрежеге жетті. Бұл айтарлықтай қиын жағдай, өйткені адамдар әлем бойынша аутсорсинг серіктестерді қолданады, және сіз аутсорсинг арқылы провайдерге қосылған сайын шабуылдау мағынасында осалдығыңызды арттыра түсесіз. Алайда қорғанысты қойған кезде-ақ, шабуылдың жаңа тәсілдері пайда болады да, мен қоса қару жарыстыруға тартыла түседі. Бұл жерде жеңімпаз ешқашан болмайтынын да көріп тұрмын. Кибер-қылмыстар әрдайым бизнес өмірдің бір бөлігі болады.
Дербес деректерді жоғалтқаны үшін компанияны жазалайтын заңнама бар. Өткен жылы, компаниялар 72 сағат ішінде қауіпсіздік бұзылғандығы жөнінде хабарлауы тиіс болатын, немесе айналымнан 3%, немесе 20 миллион еуро мөлшерде айыппұлға тап болатын еуропалық заңнама күшіне енді. Кейбір елдер осыны іске асырды, басқалары олардан үлгі алуда. Әлемнің жылдам дамушы көптеген экономикалары осы тенденцияны жалғастырады.
Не істесе болады?
Осы кибер-тәуекелдерден қашып құтыла алмаймыз. Барлығы осы тәуекелдерді қалайша жеңілдететініне байланысты болады деп Lloyd’s бұрынғы басшысы есептейді.
Біріншіден, олар IT-сарапшылардың мәселелері ретінде ғана қарастырыла алмайды. Бұл директорлар кеңесінің мүшелерімен есті түрде қабылдануы тиіс. Осы тәуекелдерді басқару бойынша стратегиялар болуы тиіс.
Екіншіден, тәуекел-менеджерлер тәуекелдерді басқару бойынша бағдарламаларды таңдауда жетекші рөл атқаруы тиіс, осы жұмысты ілгерілетуге арналған ресурстарға ие болатын цифрлық тәуекелдерді басқару жөніндегі қызметкерлер болуы тиіс, олар басқа, соның ішінде ақпараттық қауіпсіздіктегі әріптестерімен серіктесуі тиіс, осы қауіп-қатерлерге тиісті түрде әрекет ететіндей және оларды жеңілдету бойынша жоспарлары бар болатындай өз ұйымдарында шынайы көшбасшылар болуы тиіс.
Үшіншіден, бизнес бүкіл ұйым бойынша кибер-қауіпсіздіктің мәдениет дамытуы тиіс. Әдеттегі қызметкерлер компанияға шабуыл жасалған кезде көп жағдайда ең осал топ болып табылады. Барлық қызметкерлер оқудан өтуі және әлдебір залалсыз батырмаға жай баса отырып, олармен жасалатын әрбір қимылдың маңыздылығы жайында түсіну ол әрбір ұйымның ісі.
Және соңғысы, деп Инга Бил айтқандай. Компаниялар сақтандыруды туылатын қауіп-тәуекелдермен шыққан шығын өсімін ескере отырып, оларды жеңілдету мақсатында кибер-тәуекелдердің стратегиясы ретінде қолдануы тиіс. Сақтандыру бизнес-процесстерді бұзу процесін де қамтуы тиіс. Бұл сонымен қатар беделіңізді қорғауға, сіздің жүйелеріңіз қайтадан толыққанды жұмыс істеу мақсатында құқықтық мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондықтан біз, сақтандыру компаниялары цифрлық тәуекелдер пайда болатындай, барынша жылдам түрде тауарларымыздың ұсыныстарына икемге келтіруіміз тиіс.
Жаңа технологиялар ілгеріліктің қозғалушы күші болып табылады, барлығы өте жылдам қырқынмен жүруде, көптеген бизнес-мүмкіндіктер бар. Бірақ біз компания ретінде масаттанған болатын болсақ, онда күйіп кетуіміз мүмкін, деп Бил ханымы қорытындылады. Осы қауіп-қатермен күресудің негізгі элементі – ұйым ішіндегі ынтымақтастық. Тәуекелдер-менеджер компания аясында барлығының басын қосатын желім іспетті болуы мүмкін. Бірақ біз сонымен қатар сақтандырудың барлық секторы ішінде, сондай-ақ, үкіметпен және мемлекетпен ынтымақтасуымыз тиіс. Осы проблеманы шешу оқшаулауда бір компания аясында болмауы тиіс, үкімет бұл жұмысты нормативтік жоспарда бағыттап, осы бағытта жылдам қозғалуы тиіс. Сонымен қатар технология пионерлерімен де ынтымақтастықта болуы, жаңа технологиялық платформаларға қаржы салуы, қандай инновациялар, сондай-ақ, қандай ықтималды тәуекелдер пайда болатынын түсіну мақсатында олармен жұмыс істеуі тиіс.
Барлықтарыңыздан осы қауіп-тәуекелдерге қатысты масаттанбауларыңызды сұрағым келеді, деп Инга Бил соңында қорытындылай отырып атап өтті. Сақтандыру нарығы осы қауіп-қатерлерге жауап беретіндей, адами прогресс болашақта да жалғасын табатындай инновациялық түрде болып, жаңаша ойланайық.
Фото ашық көздерден алынды.