bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру компанияларының активтері бір жылда 27%-ға ұлғайды

2022 жылғы наурыздың басына өмірді сақтандыру компанияларының (ӨСК) активтері 791,2 млрд теңгеге жетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ұлғаю 26,9%-ды құрады, деп есептерді келтіреді Ranking.kz.
Өмірді сақтандыру компанияларының активтері бір жылда 27%-ға ұлғайды

ӨСК нарығы жас әрі сұраныстағы ретінде басқа қаржы институттарымен салыстырғанда неғұрлым жоғары қарқынмен өсуде. Сонымен, мысалы, соңғы бес жылда ӨСК активтері өсімінің орташа қарқыны 27,7%-ды құрады, ал сол уақытта ЕДБ – небәрі 9,4%-ды, жалпы сақтандыру компанияларында - 13,2%-ды құраған.

Активтер көлемі бойынша өмірді сақтандыру компанияларының арасында Nomad Life көш бастап келеді: 249,2 млрд теңге. Компания нарықтың 31,5%-ын қалыптастырады. Бұдан бөлек, ӨСК бір айда активтер өсімі бойынша бірінші орынды алды: плюс 9 млрд теңге. Дағдарысты жағдайларға және әлемдегі геосаясаттық белгісіздікке қарамастан, компания үшін позитивті тренд осы ӨСК-нің тұрақтылығы мен сенімділігін білдіреді. Айта кету керек, статистиканы қалыптастырған кезде Ұлттық Банк Nomad Life-та ғана бар өмірді сақтандыру компанияларының басқаруындағы (Unit-linked өнімі) клиенттердің қаражатын көрсетпейді.

Активтер көлемі бойынша екінші орынды елдің ең ірі банкі Halyk Bank-тің еншілес ұйымы — «Халык-Life» алды: 237,4 млрд теңге немесе нарықтың 30%-ы.

ТОП-3-ті Freedom Finance Life аяқтайды: 90,1 млрд теңге, немесе нарықтың 11,4%-ы. Осылайша, ТОП-3 компания бүткіл нарықтың шамамен 73%-ын құрайды.

Бір айда активтер өсімі бойынша Nomad Life-тан кейін KM Life (плюс 2 млрд теңге) және «Сентрас Коммеск Life» (плюс 1,3 млрд теңге) жүреді.

Бүгінгі күні ҚР-да өмірді сақтандыру компаниялары стандартты сақтандыру өнімдерін ғана ұсынып қана қоймайды, сонымен қатар банктік депозиттерге балама болашаққа салымдар жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда ұйымдардың сенімділігі мен олардың тұрақтылық мәселелері, сонымен қатар төлемдердің кепілі бірінші орынға шығады.

Дегенмен, ҚР заңнамасы тәуекелдерді ескереді, сонымен қатар, тарихи өмірді сақтандыру компаниялары қаржы нарығының басқа қатысушыларына қарағанда неғұрлым тұрақты, және Қазақстан солардың ішінде. Сонымен, республиканың өмір сүруі жылдарында ҚР қаржы нарығында 136 банк және жалпы сақтандыру саласынан 35 сақтандыру компаниялары таратылған болатын. 2022 жылғы сәуірдің басына банкроттық рәсімін 9 банк және жалпы сақтандырудан 2 компания өтіп жатыр. Бұл ретте ҚР-да өмірді сақтандыру саласының бүткіл тарихында бір компания ғана таратылған болатын – «Валют-Транзит Life» ӨСК» АҚ, оған қоса бұл тікелей «Валют-Транзит Банк» АҚ бас банкінің таратылу себебі бойынша болды.

Тағы бір маңызды мәселе: өмірді сақтандыру компанияларының қатысушыларын халықаралық рейтингілік агенттіктер бағалайды. Сонымен, секторда ең ірі компания — Nomad Life — Standard & Poor’s-дан (S&P) «ВВ+» деңгейінде кредиттік рейтингіге ие. Рейтингілер бойынша болжам – «Тұрақты». Ұлттық шәкіл бойынша рейтинг - «kzAA». Мұндай рейтингілер тіпті мемлекеттің қатысуынсыз ҚР ЕДБ-мен салыстырғанда жоғары болып есептеледі.

Қазақстан Ұлттық Банкі өз кезегінде Сақтандыру бақылауы органдарының халықаралық қауымдастығында (IAIS) тұрады. Бұл реттеушінің сақтандыру компанияларының қызметін мұқият қадағалайтынын білдіреді. Заң бойынша әрбір сақтандыру компания өз тәуекелдерін басқа сақтандыру компаниясында өтеуге міндетті, жиі ол жоғары халықаралық рейтингімен шетелдік сақтандыру компаниясы болып табылады. Бір сақтандырушы басқа сақтандырушының көмегімен қайта сақтандырылады, және осылайша мерзімді және жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру сомасы барлық сақтандырылушыларға кепілді түрде төленеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық Кодексіне сәйкес, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жарналарға табыс салығы салынбайды, яғни мұндай өнімдердің қолданушысы 10%-ды үнемдейді. Бұдан бөлек, ақша салым құпиясымен қорғалған. Оларды тәркілеуге болмайды және олар ажырасу кезінде бөлінуге жатпайды.

Дереккөзі: http://ranking.kz/ru/a/infopovody/ustojchivyj-rost-i-nadyozhnost-aktivy-kompanij-po-strahovaniyu-zhizni-uvelichilis-za-god-na-27

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қалай ұзағырақ өмір сүруге болады
Қалай ұзағырақ өмір сүруге болады

Есейе келе біз жақсы дене қалпында ұзағырақ қа...

Нені таңдау керек: инвестициялық сақтандыру немесе ИСП
Нені таңдау керек: инвестициялық сақтандыру немесе ИСП

Пандемия кезінде көптеген адамдар өмірді сақт...

Кепілдендірілген зейнетақы табысының құпиясы
Кепілдендірілген зейнетақы табысының құпиясы

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әрбір адам жұмыс ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру