bs-preloader__icon
ru kz

Дәрігер жастықты қалай ұзартуды айтып берді

Ағзаның жас болуын физикалық белсенділік, тамақтану, су, дұрыс ұйқы және еңбек ұзарта алады, деп хабарлайды РИА Новостиге жоғары санаттағы терапевт-дәрігер, Мәскеудің денсаулық сақтау департаментінің медициналық ұйымдар қызметін үйлестіру жөніндегі дирекция директоры Алексей Безымянный.
Дәрігер жастықты қалай ұзартуды айтып берді

«Ағзаның жас болуын ұзарту үшін ең тиімді физикалық белсенділік, тамақтану, су, дұрыс ұйқы, еңбек болып табылады. Адам көп жұмыс істеген кезде өзінің зияткерлік әлеуетін және физикалық жағдайын сақтайды. Зейнетке шыққаннан кейін еңбек ететін адамдар ұзағырақ өмір сүреді, бұл баршаға мәлім. Бірақ жұмыс жүйкені тоздырмайтын және ой еңбегімен байланысты болғаны жақсы. Сонымен қатар, ерте кезеңдерде әр түрлі аурулардың алдын алу үшін, ал егер қауіптер болса оны кейінге бұру үшін тұрақты түрде чекаптар (тексерістер), тұрақты диспансерлеу, тұрақты тексерістер маңызды», - дейді Алексей Безымянный.

Дәрігер адам «жасын алдай алатынын» нақтылады, бірақ бұл ретте өзіңізді алдамаған жөн. «Біздің жасымыз біздің басымызда болуы мүмкін, бірақ жасты сөздің жаман мағынасында алдауға болады, уақыттың өте қысқа мерзімінде қартайып кетуге болады – аз қимылдау және көп зиянды, майлы тамақтарды, тез көмірсуларға бай фастфудтарды жеу, темекі шегу, күйзелу. Кейде адам 27 жасында эмоционалдық және физикалық тұрғыдан қатты қартайған шалға айналады. Сонымен қатар, кері жаққа қарай – йогамен айналысатын, пайдалы аспен тамақтанатын, қозғалатын, саябақтарға баратын, «Белсенді ұзақ өмір сүрумен» (егде жастағы адамдар үшін әлеуметтік жоба) айналысатын егде жастағы адамдардың үлкен саны бар. Және ішкі сезім бойынша, сырт келбетіне және көздеріндегі күлімсіреуге қарай – оларға 35-40 жастан артық бермейсін», - деді агенттіктің сұхбаттасушысы.

Дереккөзі: https://ria.ru/20210409/vrach-rasskazal-kak-prodlit-molodost-1727461756.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Голливудта қалай сақтандырады
Голливудта қалай сақтандырады

Сол немесе басқа көріністе кім түседі деген кү...

Сүт безі обырын дамытудың негізгі факторлары аталды
Сүт безі обырын дамытудың негізгі факторлары аталды

Ресей маммологтар қауымдастығының президенті...

ҚНРДА-да сақтандыру заңнамасының өзгертулері туралы айтты
ҚНРДА-да сақтандыру заңнамасының өзгертулері туралы айтты

Шілдеде президент сақтандыру нарығын реттейт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру